12 жылдық білімге көшу: Заманауи мектептегі заманауи сабақ шебер-сынып фестивалінің қорытындысы және үздік тәжірибелері

« 12 жылдық дауысы: Заманауи мектептегі заманауи сабақ» шебер-сынып фестивалі

Замана ағымы мен ізденісті ұштастыру үшін, ең алдымен баланың көкірегіне ана сүтімен құйылған тіл арқылы ұлттық құндылықтар пернесін басып өту маңыздылығы мен бірге мәнділігін де растауда. Себебі ұлт ұланы өз елінің құнды ұғымдарымен танысып, нәрін бойына сіңірген жөн.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы» КМҚК базасы ұйымдастыруымен 26 сәуірде « 12 жылдық дауысы: Заманауи мектептегі заманауи сабақ» шебер-сынып фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық білім мазмұнын жаңартуға бағытталған, үздік тұлғаның және кәсіптілік сапасын, педагогикалық әлеуетін көрсету.

Шебер-сынып Қостанай қаласындағы № 20 ОМ өтті. Фестиваль мынандай тапсырмалар бойынша өтті: «12 жылдық мектепке менің дайындығым» өзінің тұсаукесері. Регламенті -10 минут, осы уақыт ішінде қатысушы жетекші педагогикалық идеяларды, өмір басымдылықтарын, 12 жылдық мектеп үлгісін саралаудан өткізу бойынша эксперимент шеңберінде әріптестерге кәсіпке қатысын ашу керек болды және екінші тапсырмасы «Шебер - сынып» регламенті-25 минут. Әр ұстазға берген уақыт шектеулі болып, 40 минуттан артық сөйлеуге рұқсат берілмеді.

«12 жылдық мектеп моделін іске асыру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» бағыты бойынша облыс көлеміндегі аудандардан 8 мұғалім сайысқа түсті. №20 ОМ Қостанай қ. ( Ельтаева Г., Байтимиров М., ) Алтынсарин атындағы Амангелді ОМ ( Құлмағанбетова Б, Атамбаев ., ) №9 ОМ Жітіқара қ (Алтыбаев А, Қужахметова Қ, Тлекешова С., ), сонымен қатар ауданымыздың намысын қорғаушы жеңімпазымыз Ы. Алтынсарин атындағы Обаған ОМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ахмабиева Нұржамал Мұхтарқызы қатысып, үздік шығып, диплом мен ақшалай сыйлықпен оралды. Нұржамал Мұхтарқызы аталған байқауға сырттайлық түріне «Әлемдік және ұлттық мәдениетін негізінде жасөспірімдердің құндылықтарын қалыптастыру» тақырыбында баяндама мен 6- сынып М. Шаханов «Отырар » поэмасының сабақ үлгісін ұсынып, іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, Қостанай қаласында өткен шебер-сыныпқа «Құстар -біздің досымыз» сабақ үлгісін көрсетті. Байқауға келген түрлі пән мұғалімдері сабақтың үлгісін жақсы түсініп, ой толғау ретінде, ойлаудың «алты қалпағы» атты техниканы пайдаланып, осы сабақтан алған әсерлерін жан-жақты жеткізе білді. Фестивальға қатысқан барлық сайыскерлерге «12 жылдық дауысы: Заманауи мектептегі заманауи сабақ» деген сертификаттар берілді. Алдағы уақытта әріптесіміз Нұржамал Мұхтарқызына еңбегіне шығармашылық табыс, отбасына береке - бірлік, әліде шығар асулары адымды, қадамы қарымды болсын демекпіз!

Ы. Алтынсарин атындағы Обаған ОМ

«Атамекен» гуманитарлық бағытынын

ӘБ жетекшісі: Жаланова Г. Б


Ұқсас жұмыстар
12 жылдық жалпы орта білімге көшу: №1 орта мектептегі эксперименттік іс-әрекеттерді ұйымдастыру
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу: мақсаттар, тұлғаға қойылатын талаптар және заманауи оқыту әдістері
№19 М.Жұмабаев атындағы орта мектеп-гимназиядағы 12 жылдық білімге көшу экспериментінің нәтижелері
12 жылдық білімге көшу жағдайында жаңа мұғалімнің кәсіби бейнесі мен даярлау шаралары
12 жылдық жалпы орта білімге көшу: мұғалімнің кәсіби рөлі мен дайындық талаптары
12 жылдық білімге көшу кезеңіндегі бастауыш сынып оқыту мазмұны: қазіргі жағдайы мен шығармашылық қабілеттерді дамыту
Жаңа мектептегі заманауи мұғалім: зерттеушілік қызмет, кәсіби даму және оқушы шығармашылығын қалыптастыру
Он екі жылдық білімге көшу кезеңіндегі бастауыш сыныптарды инновациялық деңгейлеп-саралап оқыту
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу: мақсаттары, мазмұны және бастауыш білімдегі инновациялық технологиялар
Жаһандық тәжірибе негізінде Қазақстан мектеп білімін реформалау: дифференциация, педагогтардың біліктілігі және 12 жылдық жүйеге көшу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz