Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бояулар сыры
Бекниязова Мақпал , А.Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің технология
пәнінің мұғалімі, Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы
Сабақтың тақырыбы: «Бояулар сыры»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін, өнерлерін ортаға сала
отырып, танымдық қабілеттерін арттыру, сезімталдық
қабілеттерін ояту, өнерге қызықтыру.
Жоспары:
І. Таныстыру
ІІ. Аппликациялық сурет
ІІІ. Жұмбақ шешу
ІҮ. Жылдам құрастыру
Ү. Эстафеталық жарыс
ҮІ. Бояумен сурет салу
ҮІІ. Суреттің атын, авторын табу
ҮІІІ. Сұрақтарға жауап беру
Құрметті ұстаздар, оқушылар. Біз бүгін сіздермен «Бояулар сыры» атты
сайыс ойынын өткелі отырмыз. Бұл сайыс сендерді жылдам сурет салуға , ой-
қиялдарыңды дамытуға, танымдық қабілеттеріңді арттыруға, әсемдікті көре
білу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Құрметті ұстаздар,оқушылар,енді екі топтың сайысын тамашалайсыздар.
Сурет салу өнерің
Сай келе ме талапқа.
Ойымызды айтайық,
Білімімізді байқайық.
Мына отырған ұстаздар
Қалсын бір сәт марқайып ,- деп сайысымызды бастаймыз.
І. Таныстыру
а) Топпен таныстыру;
ә) Төсбелгімен таныстыру;
Екі топ: І топ «Жүйріктер»,
ІІ топ «Қырандар»
ІІ. Аппликациялық сурет
Түрлі түсті қағаздан гүлді аппликация әдісімен жабыстыру.
ІІІ. Жұмбақтар шешу
1. Жаны жоқ болса да,
Ақылды адамның ісін істейді. (кітап)
2. Ат міндім қарам аяң қоздақтатып,
Жүргенде жол салады табандатып.(қалам)
3. Ымырт түссе шығамын,
Таң атқанда батамын.
Көк теңізде шашылып,
Көзімді ілмей жатамын. (жұлдыздар)
4. Жер астында,
Жездем қамшысы жатыр (жылан)
5. Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғасың,
Бұл үйден көрген болып шығасың (мектеп)
1. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (күн)
2. Тырс-тырс етіп тамады,
Сайға қарай ағады.
3. Ағайынды бәрі
Шықса жасыл,түссе сары.(жапырақ)
4. Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Қызыл,сары,жасылды,
Көкте бір зат ашылды. (кемпірқосақ)
5. Шым-шытыр,
Шидай қотыр. (жұлдыздар)
ІҮ. Жылдам құрастыр
Суреттің түрі көп,
Шежіресі, мәні бар.
Ойлай білсең дұрыстап,
Біз білмейтін сыры көп.
Қиылған сурет қиындыларын құрастыру.Мақал-мәтелдің жалғасын тап.
Сурет жайлы не білесің?
Ү. Эстафеталық жарыс
І топ қоян суретін,
ІІ топ пілдің суретін бейнелеу.
ҮІ. Бояумен сурет салу
Негізгі түстермен талдың суретін бейнелеу.
ҮІІ. Суреттің атын, авторын табу
Сурет тарих,сурет ғалам,
Салар онытек қана мінсіз қалам..
Сурет ару, сурет тылсым,
Таңырқаймын, ойланам үнсіз қалам..
Берілген суретке қарап, суреттің атын, авторын айту.
ҮІІІ. Сұрақтарға жауап беру
1. Кітаптың мазмұнын ашатын сурет
2. Жануарларды суреттейтін жанр
3. “Өлі табиғат” ұғымын білдіретін жанр
4. Адамның кеудеден жоғары бөлігі
5. Суретшінің бояу араластыратын тақтайшасы
6. Ақ, қара штрихтармен салынған сурет
7. Табиғатты бейнелеу
8. Қыстың сәні
9. Кескіндеменің әсерлегіш құралы
10. Ағаштан бұйым жасайтын адам
1. Адам келбетін бейнелейтін жанр
2. Үйлестіру ,орналастыру
3. Қалам,тушьпен бейнелейтін өнер
4. Аспан мен жердің қиылысқан сызығы
5. Су әлемін бейнелейтін жанр
6. Зергерлік бейнелеу өнерінің қай түріне жатады
7. Суда еритін мөлдір бояу
8. Заттың ең жарық жері
9. Қағазбен жапсыру арқылы орындалған шығарма
10. Негізгі түстер
Қорытынды.
«Бояулар сыры» атты 5-6-7-ші сыныптар арасындағы жақсы шебер суретші
оқушылар қатысып, өз білімдерін, шеберліктерін ортаға салды. «Шебер
көп жерде - өнер көп» демекші, оқушылар өнерлерін бағалау үшін
әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz