§24 крахмал. §25 целлюлоза

Сыныбы - 11 сабақ реті: №17 күні

Тақырыбы: §24 Крахмал. §25 Целлюлоза.

Сабақтың тақырыбы:

Білімділік: Оқушыларға крахмалдың, құрылысы, қасиеттері, олардың маңызы, қолданылуы туралы білімді қалыптастыру; Оқушыларға целлюлозаның құрылысы, қасиеттері, олардың маңызы, қолданылуы, ацетатты талшық туралы білімді қалыптастыру;

Дамытушылық: Химиялық қасиеттерін, алыну әдістерін сипаттайтын химиялық реакциялардың теңдеулерін құру дағдыларын ары қарай қалыптастыра отырып дамыту, талдау, қорытындылау біліктіліктерін дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту; Теңдеулерін құру дағдыларын ары қарай қалыптастыра отырып дамыту, талдау, қорытындылау біліктіліктерін дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту;

Тәрбиелік: Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақ өткізілу түрі: Мұғалімнің түсіндіруі (ауызша), кітаппен өз бетінше жұмыс.

Құралдар мен реактивтер: Кітап, дәптер.

Ұйымдастыру кезеңі:

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Білімді жаңғырту:

Сахароза

Фронталды әңгімелесу:

  • Қандай қосылыстар көмірсулар деп аталады?
  • Олар қалай жіктеледі?
  • Моносахаридтер қандай түрлерге жіктеледі?
  • Глюкоза молекуласында қандай функционалды топтар бар?

Глюкозаның циклді формасы қалай түзіледі?

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

Білімділік міндеттері:

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;

- оқушылардың білімді қабылдауына, алған білімнен қорытынды шығаруға, жүйелеуге қажетті түрлі әдіс-тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы; берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға, түсініктерді, заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

Мұғалімнің түсіндіруі:

Крахмал - табиғи полимер екі полисахаридтен амилоза , амилопектинен тұрады. Оның жалпы формуласы ( С 6 Н 10 О 5 ) n .

амилоза

Крахмал

амилопектин ( тармақталған)

Крахмалдың макромолекуласы циклді α-глюкозаның қалдықтарынан тұрады.

Табиғатта кездесуі және түзілуі.

Крахмал- целлюлозадан кейінгі табиғатта ең көп таралған көмірсу. Ол өсімдіктерде көп болады. Мысалы, картоп түйінінде 20%, бидай дәнінде 70%, күріш дәнінде 80% болады. Аса маңызды тағамдық зат.

Крахмал жасыл өсімдіктердің жапырағында хлорофилл дәндерінде күн сәулесі қатысында су мен көміртек оксидінен түзіледі:

6СО 2 + 6Н 2 О фотосинтез С 6 Н 12 О 6 + 6О 2

глюкоза

Глюкозадан синтездік жолмен крахмал түзіледі:

6 Н 12 О 6 → (С 6 Н 10 О 5 ) n + nН 2 О

глюкоза крахмал

Крахмалдың макромолекуласы циклді α-глюкозаның қалдықтарынан тұрады.

сн 2 он

H O OH

H OH n

Алынуы . Өндірісте крахмалды, негізінен, картоптан, жүгеріден, күріштен алады. Ол үшін шикізатты ұсақтап, сумен шаяды. Тұнбаға түскен крахмалы бөліп алып, жылы ауа ағынында кептіреді.

Қасиеттері. Крахмал - дәмі жоқ, суда ерімейтін, ақ түсті ұнтақ. Ыстық суда ісініп, коллоид ерітінді крахмал клейстерін түзеді.

Крахмалдың маңызды қасиеті - қышқыл әсерінен гидролизденуі . Ол бірнеше сатыда жүреді. Гидролизденудің соңғы өнімі - α-глюкоза:

6 Н 12 О 5 ) n→(С 6 Н 10 О 5 ) х →С 12 Н 22 О 11 →С 6 Н 12 О 6

Крахмал декстриндер мальтоза α-глюкоза

6 Н 10 О 5 ) n + nН 2 О →nС 6 Н 12 О 6

Крахмал α-глюкоза

Крахмалдың құрамындағы альдегид тобы гликозидтік байланысқа түскендіктен, аммиактағы күміс оксиді ерітіндісімен әрекеттеспейді.

Крахмалды анықтау үшін йод ерітіндісі қолданылады. Ол крахмалды көк түске бояйды. Осылайша йод крахмалды, ал крахмал йодты анықтауға пайдаланылады.

Қолданылуы. Крахмал- тамақ құрамындағы маңызды қоректік зат. Ол- нан, картоп, дән түрінде көмірсулардың басты шикізат көзі болып есептеледі. Крахмалдың көп мөлшерін декстриндер, сірне, глюкоза алу үшін өңдейді. Нанның негізгі бөлімі- декстриндер. Сірнелер кондитер өнеркәсібінде қолданылады. Картоп крахмалынан, дәнді дақылдардан этил спиртін алады.

Жеңіл өнеркәсіпте мата тоқу, қағаз, кеңсе тауарларын өндіруде және желім ретінде қолданылады.

Медицинада түрлі дәрі-дәрмектер алуға және қоспа түрінде таблеткалар мен жағатын майлар жасауға пайдаланады.

Тұрмыста крахмалды киім-кешек, т. б. заттарды крахмалдауға қолданады. Ол ыстық үтікпен үтіктегенде декстриндерге, одан сірнелерге айналып, жұқа жылтыр қабықша түзеді. Ол матаны тез кірлеуден қорғайды.

Крахмалдың биологиялық рөлі. Гликоген. Крахмал өсімдіктерде қоректік заттар қоры ретінде жиналып, ал адам және жануар организмінде ферменттер әсерінен өзгерістерге ұшырайды.

Крахмал- табиғатта көп таралған полисахарид, табиғи полимерлі қосылыс. Гидролиз нәтижесінде түзілген глюкозаның бір бөлігі бауырда және бұлшық етте гликоген түрінде жиналады

Крахмалдың тірі организмде ыдырауы

Амилаза Тотығу клеткада

Амилаза

Гидролиз

ферменттер бауыр

Мұғалімнің түсіндіруі:

Целлюлоза сн 2 он о

n

Целлюлоза макромолекуласы циклді β-глюкозаның қалдығынан құралған .

Целлюлозаны клечатка деп те атайды. Ол -өсімдіктер клеткасы қабықшасының негізгі құрам бөлігі. Едәуір көп таралған биополимер . Крахмал мен целлюлозаның құрамына әр түрлі формалы глюкозаның кіруі олардың қасиеттеріне әсер етеді. Целлюлозаны тек күйіс қайыратын жануарлар ғана қорыта алады. Сондықтан оны азық есебінде қолдана алмайды. Целлюлозаның полимерлену дәрежесі n-нің мәні крахмалдан үлкен, сондықтан оның молекуласының массасы да глюкозадан үлкен.

Целлюлоза құрылымы тек түзу сызықты болады:

6 Н 10 О 5 - С 6 Н 10 О 5 - С 6 Н 10 О 5 - С 6 Н 10 О 5 -

Мақта, зығыр, кендір, т. б. талшықты материалдардың целлюлозадан түзілетіні осыған байланысты.

Қасиеттері: Целлюлоза ақ немесе сұр түсті талшықты қатты зат . Целлюлоза суда, спиртте, эфирде, ацетонда және т. б. органикалық еріткіштерде ерімейді.

2. Целлюлоза крахмалға қрағанда қиын гидролизденеді. Минерал қышқылының қатысында ұзақ уақыт қыздырғанда, бірнеше аралық өнімдер түзіледі:


Ұқсас жұмыстар
Полисахаридтер, 11 сынып
Оттек пен натрий гидроксиді
Оттектің массалық үлесі көп зат
Физикалық қасиеттері
Алынған ерітіндідегі сірке қышқылының массалық үлесі неше процент
Химиялық табиғаты бойынша көмірсулар
«ең үздік химик» интеллектуалдық турнир
Пропорция. пропорцияның белгісіз мүшесін табуға есептер шығару. 6 сынып
Көмірсулар.Глюкоза
Алқа тұқымдасына жататын өсімдік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz