Объектілерді себетке көшіру, өшіру және қалпына келтіру: сайыс сабақ жоспары

«Дүниенің кілті өнер білімде».

Абай

Сабақ тақырыбы: Обьектілерді көшіру себет

(корзина) . Себеттегі обьектілерді

өшіру, қалпына келтіру.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға себетке обьектілерді

көшіруді және өшіруді, қалпына

келтіруді меңгерту.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақ көрнекілігі : Мақал-мәтелдер жазылған

плакаттар, үлестірмелі

карточкалар, тестік сұрақтар,

жетондар, компьютер.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды

үш топқа бөлемін. I топ

«Алғырлар», II топ «Ептілер»,

III топ «Жүйрік».

I. Сұрақ жауап (өткен тақырыптар бойынша) .

II. Жаңа сабақты түсіндіру. Сабақты компьютерде

мысал түрінде көрсету.

III. «Кім жылдам» ойыны сұрақтарға жылдам жауап беру керек 1 минут 10 балдық тапсырмалар

жүйесі:

  1. ОЖ-дегеніміз не?
  2. Терезе дегеніміз не?
  3. Жұмыс үстелінде жарлық қалай құрылады?
  4. Файл дегеніміз не?
  5. Бума (папка) дегеніміз не?
  6. Компьютердің құрамды бөліктеріне нелер жатады?
  7. Енгізу құрылғысы дегеніміз не?
  8. Информатика дегеніміз не?
  9. ЭЕМ-ң медицинадағы ролі?
  10. Windows ОЖ-ң түрлерін ата?

IV «Кім алғыр» ойыны. Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып, Word текстік редакторында мақал-мәтел жазудан жарысады және сақтайды.

V «Сәттілік кезең» әр топтан топ басшылары сақталған мақал-мәтелдерді менің құжаттарым бумасынан тауып себетке жібереді.

VI. Келесі айналым әр топтан бір-бір оқушыдан шығып, себетке жіберілген құжатты қалпына келтіруден сайысқа түседі.

VII. «Кім алғыр» ойыны . Әр топтан бір оқушыдан шығып компьютерде жұмбақ жазады, сол жұмбақтың жауабын табу керек. Әр топ бір-бірінікін табу шарт.

VIII. «Кім епті» ойыны. Бұл сайыста табылған жұмбақтың жауабын Paint-графиктік редакторында суретін салу шарт.

«Қай ғылымды білсеңіз де қазір оны елге жай,

Құры ішінде кеткенше пайдалансын өзгелер».

Абай

IX . «Талантты табу» ойыны мына ақпараттың өлшем бірліктерін 10 секунд ішінде «тізбек» (өсу) ретімен дұрыс шығатындай етіп орналастыру керек.

Топтарға берілетін тапсырмалар:

  1. 1. Байт. I. Бит
  2. 1. Мегабайт II. Байт
  3. 1. Гигабайт III. 1. КБайт
  4. 1. Килобайт IV. Мегабайт
  5. 1. Бит V. 1. Гигабайт.

«Дүние де - өзі, мал да өзі, ғылымғы көңіл бөлсеңіз».

Абай

Сабақты қорытындалау: Оқушылардың әр сайыс түрінен жинаған ұпайлар санын есепке ала отырып, жеңімпаз топты анықтау. Және жақсы білім сапасын көрсете білген оқушыларға тиісті бағаларын беру, бағалау, мадақтау.

Үйге тапсырма: § 12 Обьектілерді көшіру себет

(корзина) . Себеттегі обьектілерді өшіру, қалпына келтіру. 5-ші тапсырманы орындау.


Ұқсас жұмыстар
Информатика: бумалар мен белгішелерді құру, атауын өзгерту және нысандарды көшіру, жылжыту, өшіру мен қалпына келтіру
Файлдар мен бумалармен орындалатын негізгі операциялар: құру, көшіру, орын ауыстыру, атын өзгерту, жою және қалпына келтіру (практикалық сабақ)
Windows операциялық жүйесінде объектілермен жұмыс: файлдар мен қапшықтарды көшіру, жылжыту, атауын өзгерту, жою және қалпына келтіру
5-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Объектілерді іздеу, көшіру, орнын ауыстыру және жою
Windows жүйесінде объектілерді іздеу, көшіру, жылжыту, жою және алмасу буфері
7-сынып: Дискілерді пішімдеу, объектілерді дискке көшіру және Windows стандартты қолданбалары
Цилиндр блогын қалпына келтіру: практикалық сабақ жоспары
Кеңейтілген алмастыру буфері мен объектілерді көшіру және жылжыту әдістері
Файлдар мен бумаларды құру және объектілерді басқару: атын өзгерту, көшіру, жылжыту және жою
Қозғалтқыш ақауларын ақаулау және бөлшектерді қалпына келтіру әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz