Қоян мен бұғы: табиғатты қорғау мен тәрбие

Жезқазған қаласы

№11 орта мектеп

Тақырыбы:

“Қоян мен бұғы”ертегі

Орындаған: Баймұханова Айдана Дүйсенқызы

2 сынып оқушысы

Жетекшісі: Сердалинова Гульмира Химиевна

Бастауыш сынып мұғалімі

“Қоян мен бұғы”ертегісі

Бірде қоян мен бұғы дос болыпты. Олар бір орманда тіршілік

етеді екен. Бірде қоян мен бұғы екеуі әңгіме дүкен құрады.

Қоян:

-Бұғы достым, мен саған басымнан кешкен бір оқиғаны айтып берейін, -

дейді.

Бұғы:

-«Е, айтсаң айт», -дейді.

Қоян:

-Мен бір күні келе жатып бір жерде жылаған дыбысты естідім.

Сөйтіп бұл дыбыс қайдан шықты деп, сол дыбыс шыққан жаққа

құлағымды тігіп бардым. Сөйтсем бір жас шыбық жылап тұр екен .

-«Сен неге жылап тұрсың?»-деп сұрадым.

Жас ағаш:

-Мына жерден жаңа бір-екі бұзақы балалар өтіп еді, жай өтпей енді

ғана шығып келе жатқан бұтағымды сындырып кетті, -деді.

Қоян:

-Мен шыдай алмай, олар қайда, қай жаққа кетті, -дедім.

-Мына жолмен кетті, -деді жас шыбық.

Мен сол балалардың артынан барып, оларды тоқтатып:

-Ей, оқушы балалар, сендер неге жас ағаштың шыбығын сындырдыңдар, -

дедім. Олар маған күліп:

- Сен, қорқақ қоян мына бізге ақыл айтып тұрсың ба?-деп мені

келемеждеді. Сол кезде мен:

- ИЯ мен қорқақ болсам қорқақ шығармын, бірақ табиғатты қорғауда және

достарыма көмектесуге келгенде еш қорықпаймын, - дедім.

Осы сөздеріме ұялған екі бала жасаған істеріне ұялып, сындырған бұтаны

дұрыстап, орнына бекітіп байлап қойыпты.

-Жас шыбық, сен бізді кешір, енді бұзық болмаймыз, -деді балалар.

-Табиғатты аялаймыз!

Енді кеше сол ағаштың жанынан өтіп едім, ол ағаш әжептәуір бүр

жарып, гүлдеп тұр екен. Жас ағаш маған рақметін айтты.

-Міне достым, осылай менің кішкентай болса да табиғатқа деген көмегім

тиді деп ойлаймын, - деп сөзін аяқтады қоян.

Досының бұл ертегісіне риза болған бұғыда қатты қуанды.


Ұқсас жұмыстар
Тәрбие сағаты: Табиғатты қорғау және экологиялық тәрбие
Табиғатты қорғау және экологиялық тәрбие: егемен еліміздің болашағы
Мен және мені қоршаған орта: 9-сыныпқа арналған табиғатты қорғау мен экологиялық тәрбие сабағы
Ашық сабақ: Құстар - таным, тәрбие және табиғатты қорғау
Оқушыларға арналған экологиялық тәрбие сабағы: табиғатты сүю және қорғау
Табиғатты қорғау және туған жерге патриоттық тәрбие: сабақ жоспары
Бастауыш сыныптарға арналған тәрбие сағаты: Табиғатты қорғау және құрметтеу негіздері
Құстар: түрлері, бейімделуі және табиғатты қорғау
Табиғатты аялай білейік: экологиялық білім мен тәрбие
Тәрбие сағаты: Табиғатқа табын, адам - экологиялық тәрбие мен табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz