Аммиак пен аммоний тұздарының алынуы, химиялық қасиеттері және қолданылуы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы,

Т. Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің

химия - биология пәндері мұғалімі

Жақанова Нұргүл

Сабақтың тақырыбы: Аммиак, аммоний тұздары

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларға аммиак, аммоний тұздарының алынуы, қасиеттері, қолданылуына мысалдар арқылы түсінік беру;

ә) Деректерді талдау, қорытынды жасау, ақпараттарды қабылдау дағдысын дамыту;

б) Адамгершілікке баулу, пәнге қызығушылығын арттыру:

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: дәріс - сұхбат

Көрнекілігі: интерактивті тақта, фенолфталейн, мүсәтір спирті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, сыныпты түгендеу, топқа бөлу)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

І топ - Азоттың периодтық жүйедегі орнына сипаттама

ІІ топ - Азоттың физикалық қасиеттері, құрылысы

ІІІ топ - Азоттың химиялық қасиеттері, қолданылуы

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.

ІУ. Жаңа сабақ . «Қызығушылығын ояту»

Ес - түссіз адам талып қалса кейде,

Иіскетсең есін жияр ол лезде (NН 4 ОН мүсәтір спирті)

«Мағынаны тану»

Аммиак (NН 3 ) - суда жақсы еритін (1V Н 2 О : 700V NН 3 ) өткір иісті, ауадан жеңіл, (D (ауа) ═ 0, 59; D (н2) ═ 8, 5) түссіз газ. -33, 4температурада сұйыққа айналады

Алынуы: Аммиак өндірісте жай заттардан синтездеу арқылы алынады:

N 2 + 3Н 2 ═ 2NН 3

Зертханада: 2 NН 4 ССI + Са(ОН) 2 ═ 2NН 3 ↑ + 2Н 2 О +СаСI 2

Торкөздегі әріптерден сөздерді дұрыс құрастырып оқысаңыздар, химия зертханасында естеріңізде болатын өте маңызды қауіпсіздік ережелерімен танысасыздар. Сөзді жоғары шеткі торкөзден бастау керек. Әр торкөздегі әріп бірақ - рет оқылады.

Х
и
д
ң
ә
м
ы
д
й
Х: и
и: м
д: д
ң: і
ә: р
м: і
ы: н
д: м
й: а
Х: я
и: л
д: т
ң: в
ә: е
м: а
ы: т
д: л
й: о
Х: қ
и: ы
д: т
ң: и
ә: ы
м: т
ы: р
д: у
й: б
Х: р
и: е
д: к
ң: а
ә: п
м: к
ы: ө
д: г
й: е

Аммиактың химиялық қасиеттері:

Аммиак жанады.

1. а) 4NН 3 + 3О 2 ═ 2N 2 + 6Н 2 О оттегі жетіспегенде

ә) 4NН 3 + 5О 2 ═ 4NО+ 6Н 2 О оттегі жеткілікті мөлшерде

2. NН 3 +НСІ - NН 4 СІ

  1. NН3+НОН - NН4ОН

Аммиак молекуласындағы коваленттік байланыс донорлы - акцепторлы механизм бойынша түзіледі. N - донор, НСІ молекуласындағы Н + - акцептор деп аталады.

Аммоний гидроксиді NН 4 ОН - аммиактың судағы ерітіндісі. 40% - ы мүсәтір спирті, әлсіз, тұрақсыз негіз, фенолфталеинді қызартады.

Химиялық қасиеттері\: негіздерге тән барлық реакцияларға түседі:

1) Диссоциацияланады: NН 4 ОН ═ NН 4 + + ОН -

2) қышқылдармен әрекеттеседі: 2NН 4 ОН + Н 2 4 ═ ( NН 4 ) 2 4 + 2Н 2 О

3) қыздырғанда айырылады: NН 4 ОН ═ NН 3 ↑ + Н 2 О

Аммоний тұздары - бұл құрамына қышқыл қалдығымен қосылған аммоний ионы NН 4 + кіретін күрделі заттар, мысалы: NН 4 СІ, ( NН 4 ) 2 4

Алынуы:

2NН 3 + Н 2 4 ═ (NН 4 ) 2 4 аммоний сульфаты

3 +НСІ ═ NН 4 СІ

3NН 3 3 РО 4 ═ (NН 4 ) 3 РО 4

Аммоний тұздары суда ерімтал, еріген кезде иондарға ыдырайды:

(NН 4 ) 2 4 ═ 2 NН 4 + + SО 4 2-

Химиялық қасиеттері:

1) қышқылмен: (NН 4 ) 2 СО 3 + 2НСІ ═ 2NН 4 СІ +СО 2 ↑ + Н 2 О

2) тұзбен: (NН 4 ) 2 СО 3 +ВаСІ 2 ═ ВаСО 3 ↓ + 2NН 4 СІ

3) сілтімен: (NН 4 ) 2 СО 3 +2ΝаОН ═ Νа 2 СО 3 +2Н 2 О+ NН 3

4) Аммоний тұздары қыздырғанда айрылады:

(NН 4 ) 2 4 ═ NН 3 ↑ + NН 4 НSО 4

(NН 4 ) 3 РО 4 ═ 3NН 3 ↑ + Н 3 РО 4

4 3 ═ N 2 О + 2Н 2 О

4 2 ═ N 2 + 2Н 2 О

Қолданылуы: Аммоний тұздары өнеркәсіпте және ауылшаруашылығында маңызды орын алады. NН 4 СІ - металдарды дәнекерлеу үшін, (NН 4 ) 2 4, 4 3 - ауылшаруашылығында тыңайтқыш ретінде жұмсалады. (NН 4 ) 2 НСО 3 - кондитер өнеркәсібінде қамырды көтеру үшін қолданылады.

«Сергіту сәті»

Жадыңызда жүрсін! Пайдалы кеңестер - мүсәтір спиртінің ¼ мен ас тұзының 1 бөлігін араластырып пайда болған қоспамен киім жағасындағы дақты ысқылап кетіруге болады. Киімге немесе дастарханға төгілген шарап дағына тұз сепсе, ол шарапты өз бойына тартады, бұдан соң киімді немесе дастарханды мүсәтір спирті қосылған салқын сумен шаяды.

У. Сабақты бекіту. «Ой қозғау»

\а) топтық тапсырма

Ітоп - Мына айналуларды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.

N 2 -NН 3 - NН 4 СІ- СаСI 2

ІІ топ - Есепті шығарыңдар. Ерітіндінің массасы 600г массалық үлесі 42% азот қышқылы арқылы аммиак өткізгенде массасы 300г аммоний нитраты түзілді. Аммоний нитратының массалық үлесін есептеңдер.

ІІІ топ - Есепті шығарыңдар. 2л азот пен 4л сутек әрекеттескенде (қ. ж) түзілетін аммиактың көлемін табыңдар.

УІ. Қорытынды

УІІ. Оқушыларды бағалау

УІІІ. Үйге тапсырма: §19 №5, 8 есептер


Ұқсас жұмыстар
Силикат өнеркәсібі, аммиак пен аммоний тұздары және органикалық заттар: сабақ жоспарлары мен тапсырмалар
Фосфор және оның қосылыстары: алынуы, аллотропиясы, химиялық қасиеттері және қолданылуы
Тұздардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері және қолданылуы
Табиғаттағы су: алынуы, химиялық қасиеттері және қолданылуы
Оксидтердің жіктелуі, алынуы, қолданылуы және химиялық қасиеттері
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, қолданылуы және химиялық қасиеттері
Сутектің физикалық және химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Азот оксидтері және азот қышқылы: алынуы, қасиеттері және қолданылуы
Күкірт қосылыстары: күкіртсутектің физика-химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы
8-сынып 33-сабақ: Оттегі - химиялық элемент пен жай заттың қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz