Галогендер. Хлордың периодтық жүйедегі орны, қасиеттері, алынуы және қолданылуы - сабақ жоспары

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы,

Т. Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің

химия - биология пәндері мұғалімі

Жақанова Нұргүл

Сабақтың тақырыбы: Галогендер. Хлор

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: оқушыларға галогендердің, хлордың периодтық жүйедегі орны, қасиеттері, қолданылуы туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Химиялық тәжірибелер арқылы теория мен практиканы ұштастыру.

Тәрбиелік: оқушыларды топпен жұмыс жасауға қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: дәріс - сұхбат, түсіндіру, өзіндік жұмыс, тәжірибе.

Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, таратпалар, тұз қышқылы, металл үлгілері

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

І топ: SO 2 алынуы, қасиеттері. Күкірт қышқылының қолданылуы.

ІІ топ: SO 3 қасиеттері. Күкірт қышқылының қасиеттері.

ІІІ. Жаңа сабақ

  1. «Қызығушылығын ояту» Сөзжұмбақ шешу.
  2. «Мағынаны тану»

І топ «Галогендердің периодтық жүйедегі орны»

ІІ топ «Хлордың периодтық жүйедегі орны»

ҮІІА топшасы элементтерінің қасиеттері

Қасиеттері
F
Cl
Br
I
At
Қасиеттері: Реттік нөмірі
F: 9
Cl: 17
Br: 35
I: 53
At: 85
Қасиеттері: Салыстырмалы атомдық массасы, м. а. б
F: 18, 998
Cl: 35, 453
Br: 79, 904
I: 126, 90
At: 209, 99
Қасиеттері: Валенттік электрондары
F: 2s 2 2p 5
Cl: 3s 2 3p 5
Br: 4s 2 4p 5
I: 5s 2 5p 5
At: 6s 2 6p 5
Қасиеттері: Атом радиусы, нм
F: 0. 064
Cl: 0. 099
Br: 0. 114
I: 0. 133
At: -
Қасиеттері: Салыстырмалы электртерістігі
F: 4. 10
Cl: 2. 83
Br: 2. 74
I: 2. 21
At: 1. 90
Қасиеттері: Физикалық күйі
F: Ашық жасыл газ
Cl: Сары жасыл газ
Br: Қызыл қоңыр сұйық
I: Қара күлгін крист.
At: Қара көкшіл крист.
Қасиеттері: Балқу температурасы, С о
F: -219, 6
Cl: -101, 0
Br: -7, 3
I: 113, 6
At: 227
Қасиеттері: Қайнау температурасы, С о
F: -188, 1
Cl: -34, 1
Br: 59, 2
I: 185, 5
At: 317

Хлордың табиғатта кездесуі:

Табиғатта тек қосылыс түрінде кездеседі (жер қыртысындағы үлесі 0, 2% )

Физикалық қасиеттері. Хлор - белсенді элемент. Ауадан 2, 5 есе ауыр. 1VН 2 О : 2, 5V Cl

Химиялық қасиеттері. Күн сәулесі әсерінен хлор сутекпен қопарылыс түзе әрекеттеседі:

H 2 + Cl 2 = 2HCl

2Sb + 5Cl 2 = 2SbCl 5

Cu + Cl 2 = CuCl 2

2Fe + 3Cl 2 = 2FeCl 3

2Na + Cl 2 = 2NaCl

Қолданылуы.

Хлор - маталарды ағартуда, ағартқыш әк, тұз қышқылын алуда, ауылшаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресте пайдаланылатын заттарды алуға, ауыз суын тазартуда қолданылады. Хлорды уландырғыш заттар алуда да қолданылады: Фосген СОCl 2 , иприт (С 2 Н 4 Cl) 2 S, хлорпикрин CCl 3 NO 2 т. б (видео көру)

Алынуы. Алғаш рет 1774ж швед химигі К. Шееле тұз қышқылымен МnО 2 - ге әсер етіп алды.

Зертханада.

МnО 2 + 4HCl = MnCl 2 + Cl 2 ↑ +2H 2 O

16HCl + 2KMnO 4 = 2MnCl 2 + 5Cl 2 ↑ +8H 2 O + 2KCl

6HCl + KClO 3 = KCl + 3Cl 2 ↑ +3H 2 O

СaОCl 2 + 2HCl = CaCl 2 + Cl 2 ↑ +H 2 O

Өнеркәсіпте.

2NaCl + 2H 2 O → H 2 ↑ + Cl 2 ↑ + 2NaOH

Хлорсутек, тұзқышқылы және хлоридтер. HCl - өткір иісті, тыныс алу жолдарын тітіркендіретін газ. Ауадан 1, 26 есе ауыр. Суда жақсы ериді. Оның судағы ерітіндісі тұз қышқылы деп аталады.

Алынуы. NaCl + H 2 SO 4 = NaHSO 4 + HCl

NaHSO 4 + NaCl = Na 2 SO 4 + HCl

H 2 + Cl 2 = 2HCl

Химиялық қасиеттері.

Zn + 2HCl = ZnCl 2 + H 2

MgO + 2HCl = MgCl 2 + H 2 O

NaOH + HCl = NaCl + H 2 O

AgNO 3 + HCl = AgCl↓ + HNO 3

Тұз қышқылының тұздары хлоридтер деп аталады.

AgNO 3 + HCl = AgCl↓ + HNO 3

Қысқартылған иондық теңдеуі:

Cl - + Ag + = AgCl↓

NaCl - тамақ өнеркәсібінде қолданылады.

KCl - маңызды минералды тыңайтқыш

ZnCl 2 - ерітіндісін теміржол шпалдарына сіңіріп, шіруден сақтау үшін, сондай - ақ дәнекерлеу кезінде қолданылады.

CaCl 2 - суытқыш қоспа дайындауға қажет. Сусыз CaCl 2 газдарды кептіру үшін қолданылады.

ІІІ. «Ой толғаныс»

І топ. NaCl → Cl 2 → HCl → AgCl

ІІ топ. NaCl → Cl 2 → HCl → Cl 2 → FeCl 3

Семантикалық карта


Ұқсас жұмыстар
Темір және болат: периодтық жүйедегі орны, қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Азот: периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, қасиеттері және қолданылуы
Мыс: периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, табиғаттағы таралуы, алынуы және физикалық-химиялық қасиеттері мен қолданылуы
Фосфор: ашылу тарихы, периодтық жүйедегі орны, химиялық қасиеттері және өнеркәсіптік қолданылуы
Фосфор элементі: периодтық жүйедегі орны, физика-химиялық қасиеттері және қолданылуы
Фосфор: периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, табиғаттағы кездесуі, қасиеттері және қолданылуы
Сілтілік металдар (натрий және калий): периодтық жүйедегі орны, қасиеттері және қолданылуы
Көміртек: периодтық жүйедегі орны, атомдық құрылысы, қасиеттері және табиғаттағы таралуы
9-сынып химиясы: Алюминийдің периодтық орны, қасиеттері және қолданылуы
Периодтық жүйедегі орны бойынша химиялық элементтердің сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz