Лабораториялық жұмыстар

№1 лабораториялық жұмыс.

Құжатты форматтау мүмкіндіктері

Мақсаты:

  • Мәтінді, абзацты, қатарды ерекшелеу
  • Қаріпті, абзацты форматтау
  • Мәтінді туралау, шегіністер мен ұмтылыстарды орналастыру
  • Қатар, абзац аралық интервалдар қондыру
  • Кестелеу позицияларымен жұмыс жасау
  • Тізімдерді нөмірлеу, маркерлеу іс әрекеттерін орындауды үйрену.

Тапсырмалар

  1. Word текстік редакторын іске қосыңыз. Жаңа құжат құрыңыз да, өзіңіздің фамилияңызды атыңызды, әкеңіздің атын 12пт, жартылай қарайтылған (жирный) етіп теріп жазыңыз.
  2. Фамилияңызды курсив, атыңызды асты сызылған, әкеңіздің атын жартылай қарайтылған қаріп түріне өзгертіңіз.
  3. Қаріптердің көлемін сәйкесінше 13, 15, 25 және түстерін қызыл, жасыл, көк болатындай етіп, үш түрлі анимациялық көркемдеуді қолданыңыз да, орындау ретін түсіндіріңіз.
  4. Фамилия, аты-жөніңізді оң жақ, сол жақ, орта, ені бойынша туралап болған өзгерістерді түсіндіріңіз.
  5. Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі күні болатын сабақ кестесін теріп жазыңыз.
  6. дүйсенбі күнгі сабақ кестесінің қатар аралығын бір, сейсенбініңкін бір жарым, Сәрсенбінікін екі интервалға ауыстырыңыз.
  7. Әр күнгі сабақ кестесін азат жолдан басталатындай етіп өзгертіңіз де азат жолдардың аралығын 5пт интервал қойып форматтаңыз.
  8. Сабақтардың нөмірлерін әр түрлі маркерлерге ауыстырыңыз да, қандай өзгеріс болғанын түсіндіріп, қайта қалпына келтіріңіз.
  9. Сабақтарды: Дүйсенбі күнгіні 6-дан, Сейсенбіні 12-ден, Сәрсенбіні 18-ден бастап нөмірлеңіз. Нөмірлерінің қаріп форматтарын: Дүйсенбінікін 12пт қарайтылған, Сейсенбінікін 14пт курсив, Сәрсенбінікін 16пт асты сызылған етіп өзгертіңіз.
  10. Осы сабақ кестесін толықтырып, яғни басқа күндерді де жазыңыз да, өзіңізге ұнайтындай етіп форматтапКестедеген атпенМенің құжаттарымбумасына сақтап қойыңыз.

№2 лабораториялық жұмыс.

MS Word-та кестелерді құру және өңдеу

Жұмыстың мақсаты:

  • Мәтін ішіне кесте салу, оның элементтерімен танысу;
  • Кесте бөліктерін және оның ішіндегі мәтінді белгілеу;
  • Кесте ішінде курсорды жылдам жылжыту, оның бағанасын, енін өзгерту әрекеттерін орындап үйрену.

Тапсырмалар

  1. Құжаттағы кесте қоятын орынға көрсеткішті (курсорды) орналастырыңыз.
  2. КестеменюіненКестені қосукомандасын таңдап алыңыз немесе саймандар панельіненКестені қосубастырмасын басыңыз.
  3. Бағаналар саныөрісіне керекті бағаналар санын жәнеқатар саныөрісіне қажетті қатар санын енгізіңіз.
  4. Бағана еніөрісінде бағананың енінің шамасын көрсетіңіз.
  5. Егер кестенің форматталған басқа үлгілерін немесе рамкаларын пайдаланғыңыз келсе, Автоформатбатырмасын басыңыз.
  6. Құжатқа кестені қою үшін, Кестені қоюсұхбат басыңыз.

Кестені құру, оған ақпараттарды енгізу және түзетулер жасауды үйрену үшін мынадай жаттығуларды орындау қажет.

  1. Саймандар шертіп жаңа құжат құрыңыз да, оғанТамақтану кестесідеген сөзді жазыңыз даEnterпернесін басыңыз.
  2. КестеменюіненКестені қосукомандасын орындаңыз.
  3. Бағаналар саныөрісіне 4 санын енгізіңіз.
  4. Tabпернесін басыңыз жәнеҚатар саныөрісіне тышқан көрсеткішін шертіңіз де 6 санын енгізіңіз. Қалғандарын өзгеріссіз қалдырыңыз.
  5. ОКбатырмасын шертіңіз. Экранда 4 бағаналы 6 қатарлы кесте пайда болады. Көрсеткіш бірінші ұяшықта тұрады. Кестені суретте көрсетілген ақпарлармен толтырыңыз. Бір ұядан екінші ұяға өту үшінTabпернесін пайдаланыңыз.
КҮНІ
КІМ
НЕ
ҚАЙДА
КҮНІ: Дүйсенбі
КІМ: Еркін
НЕ: Салаттар
ҚАЙДА: Диірмендер көрінісі
КҮНІ: Сейсенбі
КІМ: Ғабит
НЕ: Кәуап
ҚАЙДА: Лас-Казас бақтары
КҮНІ: Сәрсенбі
КІМ: Сәуле
НЕ: Пицца
ҚАЙДА: Айда үйі
КҮНІ: Бейсенбі
КІМ: Айгүл
НЕ: Үлкен пицца
ҚАЙДА: Програмист сыраханасы
КҮНІ: Жұма
КІМ: Жомарт
НЕ: Манты
ҚАЙДА: Табиғат бары
  1. Кестені суретте көрсетілген ақпарлармен толтырыңыз.
  2. 6 бөліктегі ақпарларды енгізіп болған соң көрсеткішті«Программист сыраханасы»мәтін ұясына орын ауыстырыңыз. Көрсеткішті басқаратын пернелер арқылы осы сөздің соңына орналастырып жаңа абзацтан бастау үшін <Enter> пернесін басыңыз. Мынадай сөйлем жазыңыз: (Егер жақсы орын алғыңыз келсе, алдын ала тапсыра беріңіз) .

1. 2. 9х7 өлшемді кесте құрыңыз, тышқанның көмегімен бағаналардың өлшемін әр түрлі етіп жасаңыз.

1. 3. Кесте командасының көмегімен оны қайтадан қалпына келтіріңіз

1. 4. Осы кестенің ішіне өзіңіздің сабақ кестеңізді толтырыңыз. 1-бағанаға сабақтардың рет нөмірі, 2-бағана - Дүйсенбі, 3-бағана Сейсенбі т. с. с.

1. 5. Осы кестені Кесте1 атпен Менің құжаттарым бумасына сақтап қойыңыз.


Ұқсас жұмыстар
Оқыту әдістерін топтастыру
Химия сабағында практикалық-зертханалық жұмыстардың орындалуының тиімді тәсілдері
Сарамандық жұмыс 1 Химия кабинетінде жұмыс жасаудың техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысу. Зертханалық құралдармен жұмыс
Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары
Word - тың графикалық мүмкіндіктері
10-11 сыныптарға арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспар
Google sketchup 3d-үлгісін тұрғызатын бағдарламасын стереометрияны оқытқанда қолдану
Информатика пәнін оқытуда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Бастауыш сыныптарда технология сабағын оқыту әдістері
Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz