Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Этнос, халық, ұлт
Сайднасимов Қайрат Абдулазизұлы
Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі қоғамдық пәндер оқытушысы
ЭТНОС, ХАЛЫҚ, ҰЛТ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Этнос,халық, ұлт,ұлтшылдық ұғымдарына сипаттама беріп, ұлт
өмірімен болашағы жөнінде оқушылардың азаматтық
түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Әдеби кітаптармен жұмыс жасату арқылы, тарихи білім
негіздерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Тарихи фактілерді келтіре отырып, отаншылдыққа,ұлтжандылыққа, елін,
жерін, тілін сүюге тәрбиелеу.Өзіндік ізденіске бағыттай отырып, тұлғалық
қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,сұрақ-жауап, топтық және жеке ізденіс жұмыстары, талдау,
салыстыру, жинақтау.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих,география.
Сабақтың көрнекілігі: М.Шаханов, А. Байтұрсынов, Р.Гамзатов суреттері.
Өнегелік нақыл сөздер.
Негізгі әдебиеттер: 11-сынып. <<Адам және қоғам>> . Авторы: Н.Күнқожаев.
<<Адам, қоғам, құқық>> Авторлары: Қ.Жүкешев, Ғ.Сапарғалиев,
Г. Асанбекова.
Қосымша әдебиеттер: <<Тілсіздендіру анатомиясы>>, <<Мәңгүрттенбеу марсельезасы>>
Авторы: М.Шаханов. <<Жалын>> журналы. <<Саясаттану негіздері>>
Д. Жамбылов.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі ( 1-минут )
1. Амандасу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Оқушылар зейінін тұрақтандыру.
Үй тапсырмасын сұрау (15-минут)
Өткен тақырып. <<Жанұялық қатынастардың құқықтық негізі>>
1. Моногамды отбасы.
2. Полигамды отбасы.
3. Алимент.
4. Суррогат ана.
5. Отбасындағы баланың құқы.
6. Қ.Р.Президентінің Халыққа Жолдауында <<Отбасы туралы>> әлеуметтік, экономикалық
жағдайды жақсартуға байланысты не айтылған?
Жаңа сабақ.
I. Ой қозғау. Жаңа сабақты бастар алдыңнда ақын М.Шахановтың
<<Төрт ана>> өлеңін оқимын
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРІ-түп қазығы, айдыны,
ТУҒАН ТІЛІ-мәңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЫ , САЛТ-ДӘСТҮРІ-тірегі,
Қадамыңа шуақ шашар үнемі,
Және ТУҒАН ТАРИХЫ,
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Қасиетті бұл төрт ана-тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы.
Сұрақ: Бұл өлең бізді қандай ойға жетелейді.
Төрт анаға теңелген рухани құндылықтардың негізгі өзегіне шолу жасалған соң оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіре түсіп, жаңа тақырыпты терминдер арқылы түсіндіруге кірісемін.
II. Негізгі бөлім
1. Этнос- (гректің тайпа, халық деген сөзінен алынған) сыртқы түр келбетінен ұқсас белгілері ұқсас белгілері қалыптасқан мәдениеті мен ортақ тілі,мінез-құлық қағидалары және басқа ұлттар мен нәсілдерге ұқсамайтын адамдар тобының тарихи қалыптасқан бірлестік одағы.
2. Халық- белгілі бір географиялық ортада тұрып, әлеуметтік белсенді және жүйелі әрекет ете алатын, азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығын айтамыз.
3. Ұлт- белгілі бір аумақты мекен еткен, өзіне тән шаруашылық жүргізу ерекшелігі бар, өзінің тарихи салт- дәстүрі қалыптасқан, тілі,мәдениеті, ұлттық психологиясы ортақ көрініс беретін, адамдар қауымдастығының тарихи қалыптасқан бірлестігі.
4. Ұлтжандылық - Отанға, халқына, оның тарихы мен тіліне, мәдениетіне деген сүйіспеншілік.Отансүйгіштік, ұлтжандылық үлкен азаматтық, мәдениеттіліктің белгісі. Оны ұлтшылдықпен шатастыруға болмайды.
III. Талдау. Тақырыпқа байланысы бар сұрақтар мен тарихи терминдерге түсінік беру.
1. Этностың ортақ тілі қалыптасуы үшін қандай факторлар қалыптасуы керек?
Жауабы:Олар ұзақ уақыт бір қауым болып, етене жақын тұруы керек.
2. Қай мерзімде қазақ ұлтының этностық аумағының қалыптасуы аяқталды?
Жауабы: XV-XVII ғасырларда
3.Төмендегі терминдерге түсінік бер?
1) Ассимиляция 7) Сагрегация.
2) Геноцид. 8) Апартейд.
3) Антисемитизм. 9) Депортация
4) Сионизм 10) Космополит
5) Автохтонды ұлт. 11) Мәңгүрт
6) Шовинизм
IV. Жаңа сабақты бекіту. Жүйелі түрде басталып, сапалы дамыған жаңа сабақ оқушы санасында берік қалыптасуы үшін бекіту кезеңі өткізіледі.
Бекіту сұрақтары:
1. Сабақ барысында қандай терминдік сөздер қолданылды?
2. Этнос және оның негізгі белгілері қандай?
3. Ұлт және ұлтаралық қатынастар саласында Кеңес Одағы тұсында қандай кемшіліктер кетті, олардың көрінісін сипатта?
4. Ана тілімізге нешінші жылы мемлекеттік мәртебе берілді?
5. Ата Заңның 14-бабында не айтылған?
6.Ұлттық сана дегеніміз не?
7.Халық, ұлт, тіл туралы қандай ұлағатты нақыл сөздерді білесіздер?
8.Қазақстан Халықтар Ассамблеясы қашан құрылды?
9. Ұлттық рух ұғымын қалай түсінесіздер.
10. <<Мәдени мұра>> бағдарламасында 2008-2015жылдарда қандай іс-шаралар жоспарланған?
Жауабы: <<Тілдердің үш бірлігі>> жобасы, халықаралық стандартқа негізделген біріңғай ақпараттық кітапхана жүйесін құру.
V. Қорытындылау.Оқушылар пікірлерін тыңдау және талдау. Пікір айту.
VI. Бағалау. Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды мадақтау және бағалау.
VII. Рефлексия
* Менің сабақтағы көңіл-күйім?
* Менің бүгінгі сабақтан үйренгенім?
* Маған бүгінгі сабақтан ұнағаны?
* Маған бүгінгі сабақтан ұнамағаны?
VIII. Үйге тапсырма: Этнос, халық,ұлт,ұлтшылдық.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz