Мектепалды даярлық сыныбының жылдық қорытынды ертеңгілігі Қош бол даярлық сыныбы

Тақырыбы «Қош бол, даярлық сыныбым»

Мақсаты: Мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған білімінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету, балалардың сөздік қорын, тілін, ой өрісін, кеңейтіп дамытумен бірге оларды Отансүгіштікке, бауырмалдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу болды.

Барысы:

Тәрбиеші:

Қазіргі мынау мереке,

Бәрінен де ерекше,

Өйткені біздің балалар,

Барады ертең мектепке

Құрметті ұстаздар, ата-аналар !Бүгінгі «қош бол, даярлық тобы»атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!бүгін бүлдіршіндеріміз аз уақыт ішінде мектептен тәлім -тәрбие алып, өнер үйреніп, жыл бойы білімге жол ашқан даярлықпен қоштасып, 1-сыныпқа қадам басқалы отыр. Балалардың қадамдары құтты болсын дей отырып бугінгі «қош бол, даярлық тобы»атты ертеңгілімізді бастаймыз.

Сахнада Ринат, Бексұлтан ойнап отырады. Азиз қолына сөмкесін ұстап кіріп келеді.

Азиз:

Ринат, Бексұлтан,

қараңдаршы кітаптарда, қаламда,

көп болатын ағамда .

менде бұрын жоқ еді,

әкелді анам мағанда .

Бексұлтан: Қараңдаршы !

Тазалап жуып басымды,

Тарап қойдым кекілді,

Бола қалдым лезде,

Мержан ағам секілді.

Ринат : МАДС- ім қош енді,

әркез аман бол деймін

әкем менен шешемді,

енді ертіп келмеймін .

жыламаймын енді мен,

сабақтанда қалмаймын,

ата-ана үмітін,

әрмен қарай жалғаймын.

Диляра : қызық күндер өткіздік,

Даярлықтың бағында

Көп оқыдық, көп білдік,

Ел менен Отан жайында,

Мектепке енді барамыз,

Мұңаймаңыз сағынып.

Қашықта болса арамыз,

Сыныпқа келіп тұрамыз.

Барлығы :

Сәлем саған мектебім,

Сәлем білім ордасы,

Жасыл бақты көктемім

Жастық шақтын ордасы.

Ән: «Біз мектепке барамыз!»

Олай болса балалар, әдемі -ойын сауық құрып, бесеуіне ақ жол тілеймін. Қадамдарын құтты болсың!

Сахнаға Сайқымазақ Еркетай кіріп келеді.

Сайқымазақ Еркетай : Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе ?

Тәрбиеші :Балалар бұл кім екенің білеміз бе ?

Балалар: Иә, бұл Сайқымазақ Еркетайғой.

Тәрбиеші : Иә, Еркетай сені балалар танып жатырғой, жол балсын, қайда бара жатырсың?

Сайқымазақ Еркетай : Мен цирктен шаршадым, барлығы мені мазақтап күле береді, енді мектепке барамын, міне бүкіл ойыншықтарымды да салып алдым.

Диляра : Мектепке бізде барамыз, бірақ онда ойыншықтар керек емес.

Сайқымазақ Еркетай:Сонда мен мектепке ойыншықтарымды апармасам не үшін барамын?

Барлығы : Мектепке оқу үшін барамыз.

Тәрбиеші: Еркетай, сен әлі мектепке дайын емес сияқтысың, балалар «Кім мектепке тез жиналады»ойыны арқылы Сайқамазақ Еркетайға мектепке не апаратына жайлы үйретіп жіберейік.

Ойын : «кім мектепке тез жиналады» барысы: ортаға 2 бала шығарылады, жіпке оқу құралдары ілінеді, балалардың қөздерін жауып балалар оқу құралдарын тауып алып қайшымен қиып жинап алады.

Сайқымазақ Еркетай : Балалар рахмет сендерге мен мектепке барып ойнайды теп ойыншық алып келсем, енді қайттім?иәәә, таптым мен бұл ойыншықтарды балабақша балдарына сыйлайын, ал өзіме оқу құралдырын сатып алайын.

Балабақша бүлдіршініне апарады.

Сайқымазақ Еркетай: бұл сендерге, кележатырған мейрамдарынмен!

Нүрбибі : Рахмет саған Сайқымазақ Еркетай.

Сайқымазақ Еркетай:Балалар маған ән айтып беріндерші.

Ән: «Бал балалық»

Сайқымазақ Еркетай : Балалар байқадыңдар ма ?менің машинамның артында шарлар бар енді мен сендерге ойын азірлеп келген едім мен сол ойынымды ойнатайын иә?

Ойын : «шарды кім тез жарады»

Ойынның барысы:әр бала шарды тез жарып, ішіндегі тапсырманы алып орындайды.

Тапсырмалар :1. орманда аю, тулкі жүрді оларға қасқыр мен жолбарыс келіп қосылды сұрақ орманда неше аң бар? 2+2=

2. Мына сөзді оқы ( ана)

3. 10 дейін тура және кері сана

4. мына фигуралардан кандай сурет құрастыруға болады?

5. санамақ айту

Және сұрақтарға қосымша аңдардың суреттері болады балалар сол аңдардың бейнесін салып берулері керек.

Сайқымазақ Еркетай :

-Балалар қараңдаршы шардың ішінен кәмпит шықты . кәмпитті ашып берейін.

-ой, мынау кәмпит емес қой бұл тағы Сайқымазақ Еркежанның істегені ғой, енді қайттім?

Тәрбиеші :

-әкел маған мен балаларға оқып берейін . (кәмпиттін ішінде Сайқымазақ Еркетайдың хаты жасырынған балалараға хатты оқып беру. )

Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»

Ойын: « мектеп және мен»балалар белгілі бір жерге мектепке қатысы бар сөздерді атап барулары керек

Сайқымазақ Еркетай: Білімді болған қандай жақсы, балалар білімдерің өсе берсін,


Ұқсас жұмыстар
Қош бол, даярлық тобы - мектепалды даярлық сыныбының қорытынды мерекелік сабақ жоспары
Мектепалды даярлық сыныбының қорытынды-қоштасу ертеңгілігі
Мектепалды даярлық сыныбының Отбасындағы сүйіспеншілік тәрбие сағаты
Мектепалды даярлық тобының қоштасу ертеңгілігі және сабақ жоспары
Мектепалды даярлық сыныбы үшін Өзін-өзі тану пәнінің Достаса білейік тақырыбындағы сабақ жоспары
Мектепалды даярлық пен 1-4 сыныптарға арналған Жаңа жылдық мереке сценарийі
Еленовка орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбы - Тілашар ашық сабағы: мақсаттары мен бағдарламалық сценарийі
Даярлық тобының қоштасу ертеңгілігі
Мектепалды даярлық сыныбының З дыбысы мен әрпін оқытуға арналған оқу-іс-әрекет жоспары
№12 балабақшаның мектепалды даярлық тобының Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз атты қоштасу және мектепке шығару ертеңгілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz