Ағаш өңдейтін СТД-120м токарь станогының құрылысы мен бөліктері


Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы,

Т. Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің

технология пәнінің мұғалімі Дәулетов Жарылқасын Ноғайұлы

Сабақтың тақырыбы: Ағаш өңдейтін токарь станогының құрылысы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: СТД-120м токарь станогының құрылысымен таныстыру;
  2. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу;
  3. Ой - өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: 55-сурет. Плакат. Сурет сызба.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушыларды түгелдеу;

б) техника қауіпсіздігін еске түсіру.

  1. Үй жұмысын құрау.

1. Сен ағаш материалдарын кесу арқылы механикалық тәсілмен өңдеудің қандай негізгі түрлерін білесің?

2. Ағашты қолмен кесудің механикалық тәсілмен кесуден айырмашылығы неде?

3. Технологиялық процесс пен операцияның мәні мен мазмұны қандай?

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ағаш өңдейтін СТД-120м үлгісіндегі токарь станогының негізгі бөлігі бағыттаушы тетіктерімен қоса алғанда, шойыннан құйылған тіректі негізгі негізі (6) болып табылады. Ол өзінің екі тіректі табаны ( ) арқылы станоктың тұрақты әрі берік тұруын қамтамасыз етеді. Оған алдыңғы () және артқы () қыспақ тетіктер ұстайтын тұтқасы () орналастырылған. Станоктың жұмыс механизмдері кесу аймағын (жұмыс кеңістігін) құрайды. Бұл аймақ байқау экраны бар қорғағышпен ( ) жабылып тұрады.

Станок орнатылатын тіректі негіз ( ) өзінің тірек табандары ( ) арқылы ағаштан жасалған арнаулы платформаға ( ) мықтап бекітілген.

Станог жұмысына басшылық жасау түйме тетік блогы ( ) арқылы қамтамасыз етіледі. Ол блок алдыңғы қыспақ тетікке ( ) орналастырылған. Дәл осы жерге жарық түсіретін шам ( ) бекітілген.

1 - платформа;

2 - электр қозғалтқыш;

3 - қорғағыш қаптама;

4, 5 - тіректі табан;

6 - станок орнатылатын негізгі бөлік;

7 - алдыңғы қыспақ тетік;

8 - түймеше тетік блогы;

9 - бір жерге ғана жарық түсіретін шам;

10 - патрон;

11 - ұстайтын тұтқа;

12 - мөлдір экран;

13 - артқы қыспақ тетік.

56 - сурет. Шпиндельдің саптама тетіктері:

а) шанышқы (үш тісті айыр),

ә) патрон,

б) тығырық.

57 - сурет. Ағаш өңдеу жұмыстарына қолданылатын токарлық өткір тістер:

а) бір қалыпқа келтіретін жұмыстарға қажетті қармақты ілгектер;

ә) жартылай дөңгелек қашау;

б) қиғаш жүзді қашау;

в) ою - өрнек салатын тістер.

  1. Бекіту сұрақтары

1. Токарь станоктарында ағаш материалдарын өңдеудің қандай түрлері орындалады?

2. СТД-120м токарь станогының құрылысы қандай, ол қандай мақсаттарға пайдаланылады?

3. Жанып жонудың сан алуан түрлері кезінде қандай аспаптар қолданылады?

  1. Сабақты қорытындылау.
  2. Оқушылар білімін бағалау.
  3. Үйге тапсырма беру (§2, 119-бет) .

Ұқсас жұмыстар
СТД-120 ағаш жону білдегінің құрылысы, қолданылуы және қауіпсіздік техникасы
Ми бөліктері мен үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары: құрылысы мен қызметі
6-сыныпқа арналған Ас үй жабдықтарын жасау технологиясы пәнінің күнтізбелік жоспары
Автомат (пулемет) бөліктері мен механизмдерінің құрылысы және оқтау мен атыс кезіндегі жұмысы
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу: технология пәні үшін сабақ жоспары
Ағаш өңдеуге арналған қазіргі заманғы технологиялық машиналар: сабақ жоспары мен практикалық жұмыс
10-сыныпқа арналған биология: Жасушаның негізгі құрам бөліктері және мембраналардың құрылысы мен қызметі - пияз эпидермисіндегі плазмолиз және деплазмолиз (зертханалық жұмыс)
Катоктар және топырақ эрозиясына ұшыраған жерлерді өңдейтін машиналар
Технологиялық карта бойынша ағаш балға жасау технологиясы
Дүниежүзілік мұхит пен оның бөліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz