Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Инновациялық технологияларды пайдалану тиімділігі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы,
Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің
технология пәнінің мұғалімі Дәулетов Жарылқасын Ноғайұлы
Инновациялық технологияларды пайдалану тиімділігі
Ғұлама бабаларымыз айтқандай біз өткенге құрметпен бас иіп, жарқын
болашаққа ұмтылуымыз қажет. Бүгінгінің ұрпағы біздің болашағымыз екенін
ұмытпағанымыз жөн. Ұстаз ретінде өзіме келесідей сауалдарды қоямын:
Ақпараттандыру ғасырында болашақтың адамына қалай білім беремін? Бүгінгі
оқушының келешекте бәсекеге қабілетті бола алатындай мектепте алған білімін
қолдана алуы үшін нені үйрету керек? Оқушылардың үлгерімі мен білімділік
сапасын қалай көтеру қажет?. Осы туындаған сұрақтарымды шешу үшін менің
жұмысымның жүйесі де қалыптасқан. Әр ұстаздың методикалық әдіс-тәсілі сол
жұмыс істеп жүрген оқу орынының жұмыс істеу жүйесіне қарай қалыптасады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта
білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие болды.
Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі
уақыттағы оқыту процесін технологияландырудың қажеттілігінен туындап отыр.
Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогоикалық технологиялары
жасалып мектеп практикасына енгізілуде. Атап айтқанда, академик
В.В.Монаховтың оқыту технологиясы; Дьяченконың жұмыстарында айтылатын
оқытудың ұжымдық тәсілі, т.б. Профессор Ж.А.Қараевтың жұмыстарында
еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүрген:
– Оқытуды дербестендіру мен деңгейлік дифференциалдау;
– Білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру принциптеріне
негізделген жаңа
педагогикалық компьютерлік технология алғаш рет зерттелген. Егер осы
жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясын оқу-тәрбие
процесіне, оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетін болсақ,
онда:
– Білімді демократияландыруға және ізгілендіруге,
– Оқыту сапасын арттыруға,
– Басқару тиімділігін жетілдіруге,
– Оқушылардың дамуына бақылау жасауға,
– Оған сәйкес бағалауға болатыны дәлелденіп отыр.
Бұл жағдайда педагогикалық технология – компьютерлік техниканың тиімді
пайдаланылуына мүмкіндік туғызады. Сондықтан да, бірқатар мектептерде
жүргізіліп жатқан тәжірибелік сынақ жұмыстарының басты міндеті – дәл
осындай оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын оқыту процесіне енгізу
болып табылады. Педагогикалық технология дегеніміз - тәжірибеде жүзеге
асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы (В.П.Беспалько)[1].
Білім жүйесінің жаңа жаңа құрылымы мен оқу - әдістемелік жұмыстарының
мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуды, шыңдауды
талап етеді. Дамудың жаңа сатысына бағыт алған мектептің ең негізгі өзегі
мұғалімнің жеке басының іздемпаздығы мен білімділігіне көп жағдай тәуелді.
Дүниежүзінде оқытудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздестіру
жұмыстары соңғы кезде кең көлемде жүріп жатыр. Жалпы пәндер бойынша
В.Ф.Шаталовтың ұсынған әдісі негізінде трек-конспект, диаграмма, график,
логикалық трек-сызба арқылы теориялық материалдарды блокпен оқытып, дамыта
оқыту технологиясы бойынша оқушылардың әр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім
алуға жағдай жасап, оқыта отырып, екіншіден, өз бетінше білім жинақтауға,
шығармашылықпен жұмыс істеп өмірге бейімделуіне ықпал жасайды.
Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы
оқытудың да маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу
жолдарын іздейді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін
дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды
жеңуге тәрбиелейді.
Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы үш кезеңнен тұрады:
1. дайындық (рөлдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын
алдын-ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау).
2. ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау,
қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді
қабылдау).
3. қорытындылау (проблеманы шешудің тиімді жолдарын іздестіру)[2].
Іскерлік ойындарының дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық
(әлеуметтендірушілік) маңызы зор екенін ескерсек, ретіне қарай әр түрлі
пәндерден дәстүрлі емес сабақ түрлерін көбірек өткізуі қажет.
Дәстүрлі емес сабақтардың психологиялық, педагогикалық ұйымдастыру
және өткізу жолдарын жан-жақты зерттеп, оқушылармен өткізілетін сабақтар
жүйесі жасалынуы қажет.
Қазір педагогикалық ғылымда жаңа ұғымдар көп. Солардың бірі –
инновация ұғымы. Оны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдер, оқу үрдісіне
енгізу – оқушының саналы да сапалы білім алуының бірден - бір шарты. Ал
инновация дегеніміз – жаңа жағдайдағы жаңалық болып табылатын, нақты
мақсаттың нәтижелі жүзеге асуын қамтамасыз ететін идеялар.
Саралап оқыту – оқушының туа біткен ақыл –ой қабілетінің жеке дамуының
жан – жақтылығына негізделінген білім беру жүйесі. Барлық педагогикалық
жүйе құрам бөліктерінде инновация (жаңашылдық) үрдісі іске асу үшін
төмендегідей жұмыстар істелінуі тиіс. Біріншіден, оқытудың дәстүрлі емес
сабақ түрлері мен жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану. Екіншіден, оқушылардың
ойлау қабілетін, жаңалықтарды тез қабылдауын қалыптастыру мен жаңалықтарды
өмірде қолдана білуді үйрету.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасы атап
көрсеткендей, инновациялық әдіс-тәсілдер жаңа білім берудің бірден – бір
шарты.
. Жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімі ретінде мен күнделікті
жұмысым үшін алдыма келесідей міндеттерді қоямын:
– Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды мүмкіндігінше қолдану;
– Оқушылардың резервтік мүмкіндіктерін диагностикалау;
– Пәннің түсіндірілуі мен ақпараттың жеткізілуінің жоғары сапасын
қамтамасыз ету;
– Оқу – тәрбие үрдісін компьютеризациялау және технологияландыру.
Мұғалімнің өз-өзіне қойған талаптары жекеше бағытталған білімнен
қалыптасып, оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады. Субъект-
субъективтік қатынас концепциясын аңдай отыра жұмысымның жүйесін
қалыптастыруда ұстаз ретінде өзіме қойған талаптарды балаға деген
адамгершілік қатынас, оның шығармашылық қабілетіне түсіністік танытып
жетілдіру, баланың рухани және физикалық саулығының сақталуын ескеру,
педагогтың кәсіби жоғары біліктілігіне сай болу, тұрақты түрде пәндік
дамытуға бағытталған білім беру ортасын құрып, мәдени-ақпараттық жағынан
жетілдіре білу, жаңашыл педагогикалық технологиялар жайында толық хабардар
болу, түрлі педагогикалық технологияларды қолдана булу және оған жекеше
дамытуға бағытталуына мән беру сияқты талаптарды анықтадым. Бұл қойылған
талаптарды әрдайым жүзеге асыруға талпынып, көбіне сәтті түрде іске асып
келеді. Сабақта оқу үрдісін ұйымдастыра отырып, оқушылардың сол күнгі
сабақ тақырыбына дайындығын тексеремін. Бұл үшін жалпы сұрақтар беріп,
мүлдем жауап алынбаған жағдайда мәселені педагогикалық тұрғыда сауатты
шешуге ұмтыламын. Оқушылардың дайындық деңгейіне қарай мен төмендегі екі
тәсілдің бірін қолданамын:
1. Егер оқушының тақырыпқа сай теориялық білімі мүлдем жоқ болса немесе
жеткіліксіз болса, оқушыға тақырыпқа сай, есте қалатындай қызғылықты
ақпаратпен қамтамасыз етілген таратпа материал ұсынамын. Қысқа мерзімді
өзіндік оқудан кейін оқушыны тексеріп, қатесін өзі жөндеуіне мүмкіндік
беремін. Бұл жағдайда барлық оқушылар белсенді қатыса алады. Өзін- өзі
түзегеннен кейін оқушы ол қатені қайтіп жібермеуге тырысады. Ол аралық
бақылау сияқты сынақтар кезінде байқалады.
2. Егер оқушының теориялық білімі толық дәрежесінде бар болса, онда
тәжірибелік жұмыстар ұсынып, сабақтың қызғылықты өтуіне әрі ақпараттың
пайдалы және тез есте қалуына мүмкіндігінше көмек беремін.
Бұл екі тәсілдің екеуінде де мұғалім кеңес беруші ролін атқарады.
Педагогтық қызмет атқарған жылдар ішінде өз пәнімде көбіне осы екінші
әдісті қолданып отырамын. Себебі оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мол,
үйренуге деген ынтасы жоғары. Нәтижелі іске қол жеткізуім үшін мен «отырып
сабақ жүргізбеу» принципін қолданамын. Яғни сабақ жүргізу барысында
қозғалыста боламын, әр оқушыға көңіл бөліп, оларды бақылап, бағалай отыра
сол күнгі тақырыпты дұрыс түсінуіне, бекітілуіне, жаңа тақырыпты дұрыс
талқылауына көмек беремін. Осындай бір сабақтың үлгісі келесідей.
Сабақтың тақырыбы: Ағашты күйдіріп өрнектеу
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: ағашты күйдіріп өңдеу технологиясын меңгерту;
Ә) дамытушылық: ағашты күйдіріп өңдеу технологиясын жүзеге асыруда
қолданылатын аспаппен таныстыру; онымен жұмыс жасау икемділігін, көркемдік
әдіс –тәсілдерді (нүктелік әдіс) қолдана білуін қалыптастыру;
Б) Тәрбиелік: дайын бұйым өндіру жолындағы өндіру жолындағы өндірістік
жүйе, оның сатылы кезеңдерінің нәтижесі аз уақытта сапалы өнім шығарып
тұтынушы қолына жеткізуді ұйымдастыруға баулу. Елбасының жыл сайынғы
халыққа арналған Жолдауына сәйкес, елімізде кәсіпкерлікті дамыту саясатын
насихаттау ісін мектеп жасынан бастап, оқушыларды кәсіпкерлікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, тақтамен жұмыс.
Көрнекіліктер: ағашты күйдіріп өрнектеу аспабы, нүктелік күйдіру
әдісімен жасалған портреттер, нүктелік күйдіру әдісімен жасалған бұйымдар.
Құрал – саймандар: үшқат, өңдейтін қағаздар, ара, күйдіріп өрнектеу
аспабы, түрлі түсті бояу, қылқалам, үлгі қағазы, көшірме қағазы, лак,
қарындаш, т.б.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Ағашты күйдіріп өрнектеу». Ең
әуелі, біз ағашты күйдіріп өрнектеу аспабымен танысайық. Ағашты күйдіріп
өрнектеу аспабы құрылысы тұрғысынан: 1- негізі, 2- ток күшін үнемдеуші, 3-
күйдіргіштің тұтқасы, 4- шиыршық (спираль) немесе электрод, 5- ток күшіне
жалғауға арналған ашалы сымнан тұрады. Ағашты күйдіріп өрнектеу электр
бізбен жасалады. Негізгі жұмысты тұтқа ұшындағы электрод атқарады. Ағашты
күйдіріп өрнектеу аспабымен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін
сақтаған абзал:
– Электр күйдіргіш аспабымен тек мұғалімнің рұқсатымен ғана іске қосу
қажет.
– Жұмыс барысында күйдіргіш бізді қатты басуға болмайды.
– Сызық соңында суреттен бізді бірден көтеру керек.
– Күйдіріп жатқан жерге еңкеюге болмайды.
– Қызып тұрған бізді киімге, денеге тигізіп алудан сақ болу керек.
– Көзді демалдыру үшін, электрокүйдіргішті суыту үшін әрбір 20 минут сайын
үзіліс жасау керек.
– Электрокүйдіргішті бауында жалаңаш сым көрсеңдер, басқа да ақаулықты
байқаған жағдайда бірден мұғалімді хабардар ету керек.
– Жұмыс соңында және үзіліс кезінде электрокүйдіргішті электр желісінен
ажыратып, оны суығанша жерге қоймау керек.
Күйдіріп өрнек салуға үшқатты немесе ағаштың жұмсақ түрлері (жөке,
терек және қандыағаш) пайдаланылады. Күйдіріп өңдеген кезде пайдалану үшін
суреттері бар арнаулы альбомдар, сызба үлгілері қолданылады. Бастапқы кезде
суреттері қиылатын альбомдарды, кітап, журналдарды да пайдалануға болады.
Суретті ағаш бетіне дұрыс көшіру өте маңызды. Ол үшін таңдап алынған
суретті жылтыр қағазға көшіріп, көшірмесін көшіргі қағазбен кіршіксіз
тазаланған ағаштың бетіне түсіреді. Оюлары бір нұсқадағы өрнектерді
күйдіріп түсіргенде, қатты қағаздар мен үшқаттан кесілген дайын үлгілер мен
трафареттерді пайдалануға болады. Оларды ұқыптап тазаланған ағаштың бетіне
қойып, қарындашпен сызады. Күйдіру әдісінде алғашқы суреттерді нүкте-нүкте
етіп күйдіріп байқап көру керек. Нүктелерді үлкенді – кішілі, терең – саяз
етіп күйдіріп, ағаштың ақ жерлерін қарайған суреттерге айналдырып,
бейнелейтін заттың көлемін анықтап қолды үйретеміз. Күйдіріп сурет салатын
ағаштың бір шетін көтеріңкіреп, көз алдынан 25-30 см қашықтықта ұстаған
жөн. Күйдіріп өңделген ағашты бояуға немесе лактауға болады. Жұмысты
бастамас бұрын ең алдымен сабақтың мақсатына тоқталып, белгілеп алуымыз
қажет. Мақсат неғұрлым нақтырақ болса, соғұрлым табысқа қол жеткіземіз.
Елбасымыз өз жолдауында: «Экономикалық өрлеу - әрқайсымызға қатысты
бүкілхалықтық іс. Бұл – қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешудің және
баршамызды табысқа бастаудың кілті»-деген болатын. Кәсіпкерлікті дамытып,
Отандық сапалы өнім өндіру еліміздің алдыңғы қатарлы елдердің бірінен
көрінуге септігін тигізбек. Еліміздің қарқынды дамуына өз үлесімізді қосу
баршамыздың басты міндетіміз болып табылады.
Сондықтан да сабағымызды өндірістік сипатта өткіземіз. Ол дегеніміз,
яғни бүгінгі біздің сыныбымыз «Тұрмағамбет» холдингі деп атаймыз. Бүгінгі
істейтін жұмыстарды түсіндіретін мен холдинг директоры боламын. Холдинг
болғандықтан, бізде үлкен-үлкен цехтар мен бөлімдер жұмыс істейді. Оларға
жауапты жұмысшылар сынып оқушылары деп аламыз. Холдингімізде техникалық
бақылау бөлімі, дайындық цехы, дизайнерлер бөлмесі, өндіріс цехы, лактау
цехы, сауда менеджерінің жұмысы қызмет атқарады. Әр цехтың өзінің атқаратын
міндеті бар. Сондықтан да оқушыларды топ-топқа, яғни әр цехқа жұмыс істеуге
бөлемін. Ең әуелі цехпен танысамыз. Цехтардың жүйелі қызметін реттеуде
техникалық бақылау бөлімі жұмыс жасайды. Оның мақсаты - бір цехтың жұмысын
екінші цехқа өткізуде өнімнің сапасын анықтайды. Енді цехтармен жеке жеке
танысатын болсақ, бірінші цех дайындық цехы. Бұл цехтың атқаратын қызметі
кесілген дайын үшқатты өңдейді. Енді келесі цехқа көшейік. Бұлар
дизайнерлер бөлмесі. Яғни мұндағы қызмет дайындық цехынан өңделген өнімге
көшірме қағазды пайдаланып, үлгі қағаздағы әр түрлі суреттерді көшіріледі.
Үшінші цех өндіріс цехы. Мұндағы міндет үшқаттағы көшірілген суреттерді
ағашты күйдіріп өрнектеу аспабын пайдалана отырып, нүктелік әдіс арқылы
суретті көркемдеп өңделеді. Келесісі лактау цехы. Бұл цех қызметі
күйдіріліп, өрнектелген өнімді түрлі бояулар арқылы ажыратып, оны екі үш
рет лактап, кептіріп шығару. Келесі кезеңде сауда менеджері дайын өнімді
саудаға шығарады. Яғни жарнамалап, сату ісін үйлестіреді.
Сабақты бекіту: Электрокүйдіргіш аспабы қандай бөліктерден тұрады?
Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабымен жұмыс жасау кезінде қандай қауіпсіздік
ережелерін сақтау керек? Ағашты күйдіріп өрнектеу жолымен дайын сапалы өнім
жасауда өндірістік жүйе әдісінің тиімділігі мен нәтижесі туралы айту.
Сабақты қорытындылау. Сабақты қорытындылай келе, техникалық бақылау
бөліміне жүгіне отырып, әр цехтың жұмысының сапасына баға берейік
(оқушыларды бағалау).
Үй жұмысын беру. Ағашты күйдіріп, бұйымға өрнек салу үшін қолданылатын
суреттің
бірнеше нұсқаларын жасау.
Кез келген мемлекеттің болашағы – бүгінгі жас ұрпақ екені белгілі
қағида. Алаштың ардақты ұлы А. Байтұрсынов « Бала білімді, тәрбиені өз
бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі –балаға орындалатын жұмыс
түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп
отыру»-деп жазды. Осы пікірлердегі ортақ идея –ұстаздың ізгіленуі және
үндестігі. Оқушының жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін
дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі.Себебі: Оқушылар өз
бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше білімді тәжірибеде, өмірде
пайдалануға дағдыланбаған.Сондықтан көп жағдайда оқушылардың өз күшіне
сенімін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту үшін сабақта әр түрлі, жан-
жақты болуы керек.
Мұғалім әр сабақта сабақ өтетін сыныптың ерекшеліктеріне байланысты
оқытудың түрлі әдістері мен тәсілдерін таңдай білуі қажет. Сабақта
қолданылған оқыту әдістемесі оқушылардың логикалық ойлау, өз бетімен жұмыс
істеу ,өзін-өзі бағалау қабілеттерін дамытуға, олардың пәнге деген
қызығушылығын арттыруға негізделген болуы керек. Сонда ғана, мұғалім алдына
қойған мақсаттары мен міндеттерін орындай алады. Сабақта жаңа технологияны
пайдалану оқушылардың қызығушылықтарын, танымдық белсенділігін арттырады.
Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап,
тереңдете оқып үйрене бастайды. Мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін
арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді.
Шәкірт биігі – ұстаз мерейі демекші, шәкірттерімнің пәніме деген
қызығушылығы артып келеді. Ұлы мүмкіндіктердің барлығы да балалардың
бойында. Иә, бұл рас та шығар. Өйткені шәкірттеріме берген білім, үйреткен
өнер өмірде де жүзеге асып жүргенін көріп жүрмін. Ізімді басып, осы саланы
таңдаған ұстаз болам деп үміт отын арқалаған шәкірттерім де баршылық. Бұл
әрине еңбектің ақталғаны деп сезініп, бұдан әрі де бәсекеге қабілетті жас
ұрпақты тәрбиелеу басты парызым деп білемін.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Ж.У.Кобдикова, Орта мектепте білім алуды технологияландыру: оқу құралы,
Қызылорда, 2002ж.
2. Г.С.Ибрагимова, Жаңашыл әдістер мен жаңа технологияның білім берудегі
жолдары мен әдіс-тәсілдері, Мектептегі технология №2,2010ж.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz