Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Қазақтың дастарқаны. Бастауыш пен баяндауыш. (6 орыс сынып)
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дастарқаны. Бастауыш пен
баяндауыш. (6 орыс
сынып)
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға «Қазақтың дастарқаны туралы»
мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін
жүйеге
келтіріп пысықтау,тиянақтау,грамматикалық
ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану
дағдыларын
қалыптастыру.
тәрбиелік: сауатты, көркем жазуға үйрете отырып
ұқыпты болуға тәрбиелеу,
дүниетанымын кеңейту;
дамытушылық: тез ойлап, ойды жүйелеп айту дағдысын
қалыптастыру, шығармашылыққа
баулу, ауызекі
сөйлеуге дағдыландыру, ой-
өрісін кеңейту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі,өзіндік ізденіс, сұрақ-
жауап, бейнелеу, баяндау.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Пәнішілік байланыс: лексика
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, топшама,кесте,суреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
а) сыныпты түгелдеу, оқу құралдарының толықтығы, оқушылардың сабақты
бастауға көңіл-күйі, оқушы назарын сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ-жауап: (оқушылар интерактивті тақтада көрсетілген үстел
үстіндегі номерленген шынылардың бірін тандап сұрвқтарга жауап береді)
1. Қазақтың ұлттық тағамы не?
2. Жылқының етінен не дайындалады?
3. Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар?
4. Ұлттық тағамдар нешеге бөлінеді?
5. Сусындарға нелер жатады?
6. Тағамдарға нелер жатады?
7. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
8. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
9. Тұрлаулы мүшелерді ата.
10. Тұрлаусыз мүшелерді ата
ІІІ. Жаңа сабақ «Қазақтың дастарқаны»
Жаңа сабақ үй тапсырмасымен байланыстыра отырып түсіндіріледі.үй
тапсырмасының сұрақтарына жауап берген кезде ұлттық тағамдар қойылған
дастарқан шығады.
- Балалар тақтада не көріп тұрмыз?
- Бұл қандай дастарқан?
- Қазақтың дастарқанына нелер қойылады екен?
- Грамматикалық тақырып (бастауыш баяндауыш. Жоғарыда көрсетілген сұрақтаға
қарай отырып, грамматикалық тақырыппен ережесі шығарылады)
|Кім?,не?, кімдер?,нелер? |Не істеді?, неғылды?, қайтті? |
|Қазақтта ұлттық тағамдар алуан түрлі|Сыйласқанның суын іш. |
| | |
|Кім? Не? деген сұраққа жауп беріп, | |
|сөйлем иесін білдіреді |Не істеді?, неғылды?, қайтті деген |
| |сұраққа жауап беріп, бастауыштың іс |
|Бір сызықпен сызылады. |әрекетін білдіреді. |
| |Екі сызықпен сызылады. |
| | |
| | |
Жаңа сөздер
Сөздікпен жұмыс
Интерактивті тақтада жаңа сөздер жазылады.. 1-2минут уақыт беріледі,кейін
сүртіп, оқушылардың есте сақтауы тексеріледі. Балалар дәптерлерін өзара
алматыру арқылы тексереді.
Дәм-еда, пища
Аттамайды – не перешагивают
Ауыз тимей- не попробовав
Дәннен жасалған - растительная
Қуырған бидай – жаренная пшеница
Көп күттіруге – заставить долго ждать
Ірімшік – творог
Мәтінмен жұмыс (мәтінді балалар бірнеше рет оқиды, оқушыларға сұрақтар
қойылады,әр сөйлемнің бастауышы мен баяндауышы табылады)
Қазақта дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Дастарқаннан аттамайды.
Дастарқандағы дәм, тағамнан ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақтың ұлттық
дастарқаныңда тамақтардың негізгі үш түрі болады. Олар: ет, сүт, нан
тағамдары. Ет тағамдарына қазақша ет, қуырдақ, қарта,қазы,жал, жая жатады.
Сүт тағамдары- ірімшік, құрт, май. Дәннен жасалған тағмдар тары, қуырған
бидай, жент, талқан. Нан тағамдары – бауырсақ, шелпек.
Тамақ ішуге шақырғанда тамақты көп күттіруге болмайды.
Сұрақтар:
1. Қазақта неден үлкен нәрсе жоқ?
2.Неден аттамайды?
1. Дастарқаннан не істемей кетуге болмайды?
2. Қазақтың ұлттық дастарқаныңда негізгі тағамның неше түрі бар?
3. Олар қандай тағамдар?
4. Ет тағамдарына нелер жатады?
5. Сүт тағамдарына нелер жатады?
6. Нан тағамдарына нелер жатады?
7. Тамақ ішуге шақырғанда нені күттіруге болмайды?
Грамматикалық тапсырма. ( топшама түрінде беріледі)
Сөйлемнен бастауышпен баяндауышты тауып, морфологиялық талдау жаса.
1.Қымыз қандағы гемоглобинді көбейтеді.
2.Еттен түрлі тағамдар жасайды.
Адасқан сөздердің өз орнын тап.
1. Қойылады, ең, дастарқанға, алдымен, нан.
2. Түрлі, тағамдар, жасайды, еттен.
3. Еті, өте,сіңімді,болады,жылқының.
4. Үлкен, нәрсе,дәмнен,жоқ, дастарқаннан.
5. Суын,іш, сыйласқанның.
Сөйлесім. (Екі оқушы бір-бірімен өзара сөйлеседі)
- Сен тамақты күніне неше рет ішесің?
- Мен тамақты күніне төрт рет ішемін.
- Бүгін таңертең сен не іштің, ане жедің?
- Мен айран ішіп, май мен нан жедім.
- Сенің сүйікті тамағың не?
- Менің сүйікті тамағым қуырдақ
- Қазақтың дастарқанының басты таңамы не?
- Қазақтың дастарқанының басты тағамы ет.
- Қазақтың қандай ұлттық сусындарын білесің?
- Қазақтың ұлттық сумындары айран, қымыз,шұбат
Бекіту (бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңдер. Тест жұмысы).
1. Қазақтың басты ұлттық тағамы не?
Айран ет
шұжық қазы
2. Қазақтың ұлттық сусынын көрсет:
Қымыз сүт
шырын су
3. Дастарқанға ең алдымен не қойылады?
Сүт қант
сусын нан
4. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
3 4
5 2
5. Тұрлаулы мүшелерді көрсет:
Толықтауыш,анықтауыш пысықтауыш,анықтауыш
Бастауыш,баяндауыш толықтауыш, бастауыш
6. Кім? Не? деген сұраққа жауап беретін сөйлем мүшесі
Анықтауыш Бастауыш
Толықтауыш пысықтауыш
Үйге тапсырма: 2- тапсырма, 150 бет
Бағалау
Мамбетова Зарина Ерлановна
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі
№32 жалпы орта білім беретін мектебі
Орал қаласы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz