Тіл дамыту сабағы: Балаларға мамандықтарды таныстыру және еңбекке тәрбиелеу

Бекітемін: Қолғанатова. Р. Д

Күні : 19. 02. 2013ж

Білім беру саласы: Қатынас

Пәні: Тіл дамыту

Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты

ұғымын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру, еңбекке деген қызығушылықтарын

ояту, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Көлік, мамандық туралы білімдерін

тиянақтау. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, мақал-мәтел айтып, жұмбақ шешу

арқылы толық сөйлеуге баулып, сөздік қорларын дамыту.

Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, талдау, сәйкестік тесті, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, ойынға қажет құралдар, көлік, мамандық түрлері.

Сабақтың барысы:

Бөлімі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Бөлімі:

Мотивациялық -қозғаушылық

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Шаттық шеңбері:

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз!

Орман, көлге, шыңға біз,

Саяхатқа шығамыз.

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашан да біргеміз!

Әрқашан тілектес,

Досыңа көмектес!

-Балалар, қазір бізде қандай сабақ ?

Балалардың іс-әрекеті:

Дөңгелене тұрып Е. Өтетілеуұлының «Достармен бірге» өлеңін қимыл-қозғалыспен орындайды.

  • Тіл дамыту сабағы.
Бөлімі:

Ұйымдастырушылық- ізденушілік

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

- Балалар, мына суреттерде кімдердің және нелердің суреттерін көріп отырсыңдар?

-Олар не істейді ?

-Яғни, халыққа қызмет етеді. Оларды біз мамандық иелері дейміз. Тағы да қандай мамандық иелерін білесіңдер ?

- Сендердің ата-аналарың қандай мамандық иелері екенін білесіңдер ма?

-Мына суреттерге қарап, мамандық иелерін атап, қандай қызмет атқаратындарын айтып беріңдерші ?

Сергіту сәті:

Қане, кімнің бойы ұзын ?

Паравозы ол пойыздың.

Қатар-қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық.

Ал, паравоз баста алға,

Бәрімізді басқар да.

Пыш - пыш, пыш-пыш, біз кеттік,

Жүрісті тым үдеттік.

Гу-гу, гу-гу, гуілде,

Қалып қойма, бірің де.

Пыш - пыш, пыш-пыш, біз кеттік,

Жүрісті тым үдеттік.

Ал, паравоз тоқтайық, пыш.

Жұмбақ шешіп көрейік

1. Бір керуен жүреді екен қатар түйе,

Аузынан жалын шығар будақ күйе.

-Ал, балалар, пойызды кім айдайды ?

2. Сымға асылып,

Жүр асығып.

-Троллейбусты кім жүргізеді ?

3. Құстан аумайды,

Көкте зулайды.

-Ұшақты кім жүргізеді ?

-Көліктің тағы қандай түрлерін білесіңдер ?

-Енді мына аспазшы, ұста, тігінші туралы кім өлеңдер біледі екен ?

Дидактикалық ойын: «Кімге не керек ?»

Балалар мұғалім, дәрігер, құрлысшы, спортшыға қажет құралдарды тауып қоюы керек. Балаларды тапқырлыққа үйрету.

- Дәптермен жұмыс.

Дәптерде берілген мамандық иелеріне қажетті заттарды тауып, сәйкестендіреді.

Балалардың іс-әрекеті:

-Аспазшы, мұғалім, құрлысшы, жүргізуші

-Тамақ пісіреді, сабақ береді, үй салады, көлікті жүргізеді.

-Балалардың жауаптары тыңдалады.

-Балалардың жауаптары тыңдалады.

-Егінші, дирменші, сатушы, кітапханашы, есепші, әнші, биші жайында әңгіме құрастырады.

-Балалар Ж. Смақовтың «Паравоз» әнін бірге қимыл-қозғалыспен орындайды.

  • Пойыз
  • Машинист
  • Троллейбус

-жүргізуші

-ұшақ

- ұшқыш.

-Балалардың жауаптары тыңдалады.

-Балалардың өлеңдері тыңдалады.

  • «Кімге не керек?» дидактикалық ойынын ойнайды.

Дәптерден сәкестік тестін орындайды.

Бөлімі: Рефлексивтік - түзетушілік
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Д/о : «Кім болам ?»

Балалар болашақта кім болғыларың келеді, сол мамандықты алып, әңгімелеп беріңдер.

-Өте жақсы балалар. Осындай әр түрлі мамандыққа жету үшін алдымен білім алып, көп нәрсені үйрену керек. Осындай жұмыстарды кімдер жасайды ?

-Иә, біз олардың еңбегін бағалап, құрмет тұтуымыз керек екен.

-Ендеше еңбек туралы кім мақал-мәтел біледі.

-Сонымен балалар, мамандық иесі болу үшін қандай болуымыз керек екен ?

-Дені сау, білімді, еңбекқор болу керек. Еңбек етпеген адамдар жалқау, енжар адамдар.

Балаларды бағалау.

-Балаларды сабаққа қатысу ерекшеліктеріне қарай бағалап, мақтап, мадақтаймын.

Балалардың іс-әрекеті:

- Слайдта берілген мамандық иелерін алып, әңгімелейді.

  • Үлкен аға, апалар, әке-шешелер.

-Балалар мақал - мәтелдер айтады.

-Балалардың жауаптары тыңдалады.

-Сабаққа қатысқандары үшін бағаларын алады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: мамандық иелерінің атауларын, атқаратын қызметін.

Игереді: жұмбақтарды шешіп, өлеңдерді жатқа айтып, мақал-мәтелді айтуды.

Меңгереді: сурет бойынша әңгіме құрастыр, сөздік қорларын молайтуды, ойын анық, нақты жеткізуді.


Ұқсас жұмыстар
Тіл дамыту бойынша оқу іс-әрекеті Қонақтарды күтеміз: балаларға ыдыстарды таныстыру және қонақжайлылыққа тәрбиелеу
Тіл дамыту сабағы: Қайдан келдің бауырсақ? - нанның шығу тегі және еңбекке тәрбиелеу
Тіл дамыту сабағы: Зообаққа саяхат - жабайы аңдармен таныстыру және жан-жануарларды қорғау мен қамқорлыққа тәрбиелеу
Мен ғарышкер боламын: балаларға ғарыш әлемін таныстыру және сөйлеу дағдыларын дамыту
Тіл дамыту сабағы: Жемістердің түрлері
Тіл дамыту сабағы: үй жануарлары, төлдері және күтімі
Не қалай дыбыстайды? Төрт түлік малды таныстыру арқылы тіл дамыту
Тұлпар ортаңғы тобына арналған тіл дамыту мен қоршаған ортамен таныстыру бойынша сабақ жоспарлары
Оқу жылына есеп: Жадыраған жаз келді - балаларға жаз мезгілін таныстыру сабағы
Балабақшаға арналған оқу-іс әрекеті жоспары: Күзгі баққа саяхат - табиғатпен таныстыру, тіл дамыту және шығармашылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz