Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қош келдің, қанатты достар!


Тақырыбы: «Қош келдің, қанатты достар!»
Мақсаты:
• Оқушыларға құстардың маңызы туралы түсінік беру;
• Құстарға қамқорлық жасауға, құстардың адам өміріндегі маңызын сезінуге
баулу;
• Оқушыларды табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді көктем
мерекесі құстар күнімен құттықтаймыз. Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан
оянуын танытатын көктем хабаршысы құстың келуіне байланысты.
Құстар, құстар келеді,
Жерді шуға бөледі.
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.

Сәуір келді міне жайнап,
Көктемнің бұл айы.
Құс біткеннен төгілген ән
Бейне көктем жырлайды, - дей отырып «Қош келдің, қанатты достар!» атты
7 -8 – шы сыныптар арасындағы сайысты бастаймыз.
7 «а» сыныбының намысын қорғайтын оқушылар:
7 «ә» сыныбының намысын қорғайтын оқушылар:
7 «б» сыныбының намысын қорғайтын оқушылар:
8 «а» сыныбының намысын қорғайтын оқушылар:
8 «ә» сыныбының намысын қорғайтын оқушылар:
8 «б» сыныбының намысын қорғайтын оқушылар:

Әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

Бүгінгі өтетін сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін.

І бөлім:
«Суретіне қарап ажырат» суреттегі қай құс екенін, және ол құстың
ерекшелігін айта кету.
ІІ бөлім:
«Құстар біздің досымыз» құстар туралы мақалды жалғастыру, мақалды ашып,
мысалдар келтіру.

ІІІ бөлім:
«Құстар үйі» байқау; /құстың ұясын дайындап алып келіп, құрастырып беру -10
мин/

ІV бөлім:
«Қай құс?» жұмбақтың шешуін табу және сол құстың дауысын салу.

V бөлім:
Көркемөнерпаздар байқауы; /тақырыпқа сай /

Әр бөлім сайыс қазылар алқасы әділ бағаларын береді.

Жүргізуші: Қазақ халқы шебер әншісін бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға,
қас сұлуын аққуға, ер жігітін жапалаққа теңеген.

Халқымыз құстардың ұшуы, қонуы, келуіне қарап ауа райын болжаған.
1. Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, төмен ұшса, жаңбыр жауады.
2. Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
3. Жаңбыр жауарда қарғалар у да шу болады.
4. Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
5. Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
Құстарға арналған тыйым сөз, мақал – мәтел бар.
1. Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер;
2. Құстар – достар;
3. Қыста құсқа жақсылық жасасаң, жазда жақсылығыңды өтейді.

Ендеше, көктем жаршысы, адамзаттың досы, табиғат көркі жыл құсын қарсы
алайық.
Құстар тойын құттықтап,
Қуанамыз, қолдаймыз.
Ұя жасап, ұқыптап,
Біз оларды қорғаймыз. – дей отырып сайысымызды қорытындылай отырып,
сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Сулименова Гаухар Сисенқызы
Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы
№3 орта жалпы білім беретін қазақ
мектебінің ұйымдастырушы педагогы.

Ұқсас жұмыстар
Құрметті студенттер
Туған күннің иесі
Аяулы күз, Алтын күз
Қош бол, әйбат Әліппе
Наурыз тойым, Наурыз тойым
Армысың, әз наурыз Мектепішілік наурыз мерекесінің сценарийі
Ана тілді құрметте
Қош келдіңдер, қанатты достар!
Жаңа жыл кешінде
Кел, Жаңа Жыл төріме ертеңгілігі
Пәндер