Бастауыш сыныпқа арналған өткен шақты қайталау сабақ жоспары

№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебі

Тақырыбы:

Өткен шақ

/ қайталау сабағы/

Бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Ақтоты Даулетқалиқызы

Жаңақала, 2013

Сабақтың тақырыбы: Өткен шақ

Сабақтың мақсаты:

Етістік туралы берілген ұғымды кеңейту, өткен шақ қимылдың, іс- әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіретіндігін түсіндіру, мәнерлі сөйлеуге, қырағылыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:

Мәтіннен етістіктерді таба алады, олардың қай шақта, қай жақта тұрғанын анықтай алады, есте сақтау қабілеттері, ойлау қабілеттері, тілін дамиды. Логикалық қабілеті артады.

Сабақтың түрі, әдісі: Жарыс сабақ, түсіндірмелі, ой- қозғау, сұрақ- жауап, мақтау- мадақтау, топтастыру

Пәнаралық байланыс : дүниетану, әдебиеттік оқу.

Көрнекіліктер: ойынға қажетті құралдар мен суреттер, қима қағаздар

Интерактивті тақта:

Жабдықтау және көрнекілік.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру бөлімі

Топтасу тренингісі: «Іс- қимылдар», «Басынан сипау», «Мұрын қысу», «Қол қысу»

Поэзия минуты:

Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім!

-Міне, балалар кемеңгер ғұлама ақындарымыздың тілі, біздің тіліміз- қазақ тілі сабағы

II Өткенді қайталау

а/Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

Зат есім дегеніміз не?

Зат есімнің септелуі, неше септік бар?

I топ 7 септік, сұрақтары, жалғаулары, «жануар» сөзін септейді

II топ тәуелдік жалғаулы зат есімдерді септейді «гүл»сөзі

III топ зат есімді жіктейді «оқушы»

Қазір қай сөз табын оқып жатырмыз?

Етістік дегеніміз не?

Етістіктерді жекеше, көпше түрде жікте?

Жазып отыр

Жинады

Күтіп тұр

Етістіктің неше шағы бар?

Осы шақ туралы кім айтады?

Өткен шақ туралы кім айтады?

ә/Үйге берілген тапсырма:

5-жаттығу

Өткен шақ етістігіне 5 сөйлем

III Дәптермен жұмыс

а/ күннің жадысы

ә/ сынып жұмысы

б/ тақырыбы

1-жаттығу. Мәтінді оқып, көшіріп жаз.

Күн кешкірді. Боран ұйытқып соғып тұр. Қар түйірлері сырттан терезені сабалайды. Санжар сыртқа шықты. Қысқы боран оны іліп әкетті. Көше сыртына шығарып тастады. Екі бетін аяз қарыды. Ол кері бұрылып, үйге кіруге асықты.

«Кім алғыр?» дидактикалық ойын

Әр топ келесі топқа жаңылтпаш айтады.

2 -жаттығу . Жаңылтпашты жатқа жаз

3-жаттығу. Берілген етістіктерді өткен шақта айт және оларды қатыстырып, сөйлем құрастырып жаз.

Жаз, қуан, тығыл, ауыстыр.

4- жаттығу Мәтінді түсініп оқы және көшіріп жаз.

Тұрар орындыққа шығып, желдеткішті ашып қойды. Жылы қыс таңының жұмсақ лебі соқты. Есік алдынан өтетін тар жолдың арғы бетін бойлап ағатын тау өзенінің шуы естілді. Тұрар терезеден басын қылтитты. Тұрар түшкіріп салды. Содан кейін шешесінің суық тиіп қалады дейтіні есіне түсті. Ол күндегіше жылы киінді де, далаға шықты.

Сергіту сәті

Топтық тренинг: «Сезіну»

I күн суреті

II бұлт суреті

III үй суреті

5- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Туған ауыл

Кеудеме өзің құйдың жарық нұрды,

Сағыныш қашан мені жалықтырды?

Барсам да қай қиырға сенің атың

Жұлдыз боп жанарымда жанып тұрды.

Шығармашылық жұмыс

Жайнайды Бақылап тұр

Жалғайды тартып отыр

Шашады оқып отыр

Ұшады қонып жатыр

Тегістейді билеп жүр

Айтып отыр шауып барады

Дидактикалық ойын: «Кім алғыр?»

Күн, сәбіз, ай, саяхат, қала, дала, ауыл, ата, оқушы, шебер, дәптер, кемпірқосақ, кесе, алма, мектеп, республика, ағаш, гүл, терезе, қалам, тақта, бала, ат, жұлдыз, арба / 25сөз/

Сабақты бекіту : Етістік шақтары туралы не білеміз? «Бес қадам»

* Білемін

* Білдім

* Білгім келеді

«Жүректен жүрекке» Бағалау. Мадақтау

Әр қатар өз тобын бағалайды.

Үйге тапсырма: 6- жаттығу

5 сөйлем /етістіктің өткен шағына/


Ұқсас жұмыстар
Келер шақты бекіту сабағы: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
3-сынып ана тілі сабағының жоспары: етістіктен өткен шақты қайталау (жарыс сабағы)
Өткен тақырыптарды қайталау: талдау, бағалау және дағдыны дамытуға арналған сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған Сөз таптарын қайталау сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған сын есімдерді қайталау сабақ жоспары
3-сыныпқа арналған сабақ: Көктем лексикасы және етістіктің өткен шақтарын қайталау
Табиғатты қорғау және етістіктің өткен шақтарын қайталау сабақ жоспары
Жедел өткен шақ пен сан есімдерді қайталау: сабақ жоспары мен жаттығулар
6-сыныпқа арналған сабақ жоспары - Есімдіктерді қайталау
Етістіктің шақтары: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz