Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Етістік жайлы


№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебі

Ашық сабақ:

[pic]
/ қайталау сабағы/

Бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Ақтоты Даулетқалиқызы

2011-2012

Сабақтың тақырыбы: Етістік
I слайд
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
• Етістік сөз табы туралы білім
беру,етістіктің қолданыстағы маңызын,қызметін аша
түсетін жаттығулар арқылы оның күрделі,ауқымы кең сөз табы екендігіне
көз жеткізу,етістікті басқа сөз табымен байланыстыруға үйрету.
Дамытушылығы:
• Сөз таптарын ажырата білуге ,сөйлемнің мәнін түсініп, мағынасын
аша білуге үйрету, оқушылардың ойлау қабілеттерін ,тілін
дамыту.Логикалық ойлау сезімін ояту.Есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі:
• Каллиграфияны сақтау, кішіпейілділікке, адамгершілікке ,
мәнерлі сөйлеуге, қырағылыққа тәрбиелеу .
Сабақтың түрі , әдісі: Жарыс сабақ, ойын ашық

айту, түсіндірмелі, сұрақ- жауап, мақтау-
мадақтау.
Пәнаралық байланыс:дүниетану,математика,
музыка, әдебиеттік оқу.
Интерактивті тақта:
Жабдықтау және көрнекілік.

Сабақтың барысы:I Ұйымдастыру бөлімі
II слайд
Поэзия минуты:
Қазақ тілім- өз тілім , ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім!
-Міне , балалар кемеңгер ғұлама ақындарымыздың тілі, біздің тіліміз- қазақ
тілі сабағы
II Өткенді қайталау
III слайд
* Жұрнақ пен жалғау туралы не білесің?
* Зат есім дегеніміз не, неше түрге бөлінеді?
* Негізгі зат есім дегеніміз не?мысал келтір
* Туынды зат есім дегеніміз не?мысал келтір
* Туынды зат есімге не жалғанады?
* Тәуелдік жалғау туралы не білеміз?бір сөзді тәуелде.
* Іні, қалам,дәптер сөздерін жекеше, көпше түрге тәуелде
Етістік дегеніміз не?Сұрақтары, мысал.
I II Суретпен жұмыс
IV слайд
а/(Суретке ат қойып, әңгіме құрастыру, етістікті табу)
Қыс мезгілі Табиғат суреті
ә/Үйге берілген тапсырма сұралады, етістікті табу

IV Дәптермен жұмыс
V слайд
а/ күннің жадысы
ә/ сынып жұмысы
б/ тақырыбы
в/ минуттық көркем жазу.
П п П п П п П п П п П п П п П п П п П п П п П п П
VI слайд
1- жаттығу. Дара және күрделі етсітіктерді табу:
Балбұлақтар ағады.
Баурайынан таулардың
Балбұлақтар ағады.
Балбұлақтан қанғанның
Бойы сергіп қалады.
Е.Ерботин.
VII слайд

2 -жаттығу. Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып,
сөйлемдерді көшіріп жазу. Қай сөзбен байланысып тұрғанын сызба арқылы
көрсету:

Әжем маған жылы шұлық тоқыды /тоқып берді/. Нұрым мен Сырым
құстарға үйшік жасады / жасап отыр/. Жиналыс басталды ма?/ басталып кетті
ме?/. Жездем қуанды ма?/қуанып жүр ме?/
Балалар мұзайдында коньки тепті/ теуіп жүр/.
Тиін қарағайдың бүрімен қоректенеді/ қоректеніп жүр/.Солтүстіктен суық жел
соқты/ соғып тұр/.
Солтүстік Мұзайдын

VIII слайд
3-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа айту.
«Серперді » шертермен
Шерте үйрендім.
Шертермен «Серперді»
Ерте үйрендім.
Е.Ерботин
«Серпер»,шертер деген не?
IX слайд «Серпер» - Құрманғазының күйі.
X слайд «Шертер» -қазақтың,ертедегі түріктің аспабы,домбыраға қарағанда
кішірек , оның даусы қатты шығатын болған.шертер екі, үш ішекті, ал
ішектерін аттын жалынан жасаған.Қазіргі кезде шертер аспабын қолданбайды.
ХI слайд Сергіту сәті
Құрманғазының күйі «Серпер»

ХII слайд
4- жаттығу. Дара етістіктерді бір бөлек, күрделі етістіктерді бір бөлек
көшіріп жазу, кез-келген 2 күрделі етістікті қатыстырып сөйлем құрастыр.

Жайнады Бақылап тұр
Жалғады тартып отыр
Шашты оқып отыр
Ұшты қонып жатыр
Секектеді билеп жүр
Тегістеді шауып барады

ХIII слайд
V Дидактикалық ойын :«Кім алғыр?»
Күн,сәбіз,ай, саяхат,қала, дала,ауыл,ата, оқушы, шебер,
дәптер,кемпірқосақ, кесе, алма, мектеп, республика, ағаш, гүл, терезе,
қалам, тақта, бала, ат, жұлдыз,арба / 25сөз/

XIV слайд
YI «Мақал қуаласпақ» ойыны, етістікті табу

1 Көз жетпегенге сөз жетеді.
2 Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
3 Мақтаншақтық өтірік айтқызады,
Өтірік көңілді қайтқызады.

XV слайд
VII Шығармашылық жұмыс
• Бұлбұл бақылдайды
• Сиыр сайрайды
• Аққу мөңірейді
• Бақа қарқылдайды
• Тырна сұңқылдайды
• Түйе қаңқылдайды
• Қаз боздайды
• Қарға тыраулайды

XVI слайд
VIII Тиым сөздер білесің бе?
Етістіктерді сұрақ кою арқылы табу

X VII слайд
I Х Сабақты бекіту: Етістік туралы не білеміз?
* Білемін
* Білдім
* Білгім келеді

X VIII слайд
Х «Жүректен жүрекке» Бағалау.Мадақтау
Әр қатар өз тобын бағалайды.

X IX слайд

ХI Үйге тапсырма: 5-
жаттығу
5 мақал /етістік/


Ұқсас жұмыстар
Тұйық етістік. мемлекеттік тіл. 8 сынып
"Сабақты етістік пен салт етістік."
Үй жануарлары. Тұйық етістік
Болымды және болымсыз етістік
Оқушы сөзіне дара және күрделі етістіктерді қосып айту
Сабақты етістік Салт етістік
Дара етістік
Табиғатты қорғаңдар
Дауысты дыбыстардың жіктелуі 5- сынып, салт және сабақты етістік 6- сынып
Тұйық етістік
Пәндер