Ағатаева Балдырғанның Мұқағалидың жырларына арналған лирикалық өлеңі

Ғашықпын Мұқағали жырларына

Жыр алыбы, ақиық ол дара тым,

Басын бұрған жыр еліне боз аттың.

Өлеңменен өрлеген шың басына

Мұқағали - Хантәңірі қазақтың.

Рухты бабам, құдіретсің киелі,

Тас жүрек те сендік өлең сүйеді.

Сусып ішіп, өлеңдей мөлдір бұлақтан,

Бүкіл әлем сізге басын иеді.

Дара тұлға өр рухты кеуделі,

Мұқағали - бар Алаштың өрені.

Шыңға теңеп, мықты тас қып орнатып,

Табиғат та сендік бейне тіледі.

Жырлары оның жырлайды өмір теңізін,

Толқындары - ыстық көңіл лебізі.

Тұлғасында дара болса, ақиық

Поэзия ғой жанындағы егізі.

Жырлайтұғын өмірдің ащы, тәттісін,

Поэзиясы - көңіліндегі ақ құсы.

Нұр сыйлаған, жыр сыйлаған қазақтың

Мұқағали - басына қонған бақ құсы.

Саяң сенің киелі, кең ғой бабам,

Құшағыңа бар әлем саялаған.

Мұң тұнған, күңіренген кей шақтарда

Сендік өлең, жырлардан мың күш алам.

Өлеңмен шапты даланың қырларына,

Үйретеді өмірдің сан сырларын да.

Десе-дағы «Ғашықпын сол адамға»,

Мен ғашықпын Мұқағали жырларына.

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

Жалау Мыңбаев мектеп-

гимназиясының 10-сынып оқушысы

Ағатаева Балдырған


Ұқсас жұмыстар
Үндескен семсер жырлар: Фариза мен Мұқағалидың поэзиялық кешінің бағдарламасы
Лирикалық күймен жұмыс: Ақбикештің Айнамқалды күйі - сабақ жоспары
А. Құнанбаевтың Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа өлеңіне арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: мәнерлеп оқу мен лирикалық талдау
А. Байтұрсыновтың Ақын ініме өлеңін лирикалық талдау және сыни ойлауды дамыту сабағы
Ана - өмір тірегі: естелік пен лирикалық толғау
5-сынып: Махамбет Өтемісұлының Соғыс өлеңі негізінде Исатай бейнесін ашуға арналған қазақ тілі мен әдебиеті сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары: Ыбырай Алтынсариннің Өзен өлеңі
7-сыныпқа арналған қазақ әдебиеті сабақ жоспары: Қасым Аманжоловтың Өзім туралы өлеңі
Абай Құнанбайұлының Қыс өлеңі бойынша 5-сыныпқа арналған аралас сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған Ахмет Байтұрсынұлының Ақын ініме өлеңі бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz