Көктем мен Жеңіс: соғыс ардагерінің естелігі

Бейбіт күн тілегі

Көктемнің жадыраған алғашқы күндерінің бірі еді. Жадырасын қария таяғына сүйеніп, айналаға тамашалай қарап тұр.

Үй жаны жап-жасыл бау. Құстардың тынымсыз шиқылы ағаш жапырақтарының шуылымен бірігіп, оркестр әуеніне айналғандай.

Ерте гүлдейтін жеміс ағаштары аппақ мақтаға оранған. Ақ басты Алатаудың шыңына, кейуананың ақ жаулығына балауға тұрарлық. Табиғат-Ананың сыйлығы сан жеткісіз-ау. Анау сылдырап ағып жатқан бұлақ та, жағасындағы балауса құрақ та, жағалай өскен тал терек те сұлулыққа сұлулық қосып тұрғандай. Шіркін! Тіршілікке не жетсін?!

Міне, кезекті көктемге де жетті.

Бұдан 68 жыл бұрын осы уақытқа шейін өмір сүрем деп ойлап па? Жеңіс сағатын минуттап күтіп жүрген кезі еді-ау! Жап-жас қылшылдаған өрімдей жастығын соғыстың қан даласында қалдырды. Үмітін үзбеді. Туған елге көктемнің қарлығашындай жеңіспен келеріне сенген. Талай-талай боздақтар оққа ұшып, жат жерде сүйегі қалып жатқанда: «Осы қайғы-қасіретке қашан нүкте қойылады?»- деп іштей егіліп, көз жасын көрсетпей, қайта қайраттанған күндерді еске алудың өзі ақирет!

Ия, сол аңсай күткен «Жеңіс!» деген сөз көктемнің мамыражай айында миллиондаған жүректі жадып жеткен еді. Ол күні де осындай тып-тыныш, жайдары, жайма-шуақ болып еді-ау!

Қарияның көргені де, көрері де көп. Кенет есіне бір нәрсе түскендей үйге еніп кетті де, қайта шықты.

Омырауындағы орден мен медальдары шақырайған күнге шағылысып, қарттың өңі алабұртып, ендігі күннің амандығын тілеуде.

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

Жалау Мыңбаев мектеп-

Гимназиясының 10-сынып оқушысы

Ағатаева Балдырған


Ұқсас жұмыстар
Болмасын соғыс, болмасын: Жеңіс күніне арналған патриоттық сабақ
Ұлы Отан соғысын еске алуға арналған балалар ертеңгілігі: соғыс қасіреті, ерлік және жеңіс
Ұлы Отан соғысының естелігі мен ерлігін еске алуға арналған тәрбие сағаты
Екінші дүниежүзілік соғыс: қорытындылар мен Қазақстанның рөлі
Қазақстан халқының бірлігі мен Ұлы Жеңіс күніне арналған тәрбие сағаты
Ұмытылмас ерлік: Ұлы Отан соғысы мен Жеңіс күнін еске алуға арналған ашық тәрбие сағаты
Ұлы Жеңіс: ұрпаққа аманат және патриоттық тәрбие сағаты
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған әдеби-көріністік кеш: Желбіре - Жеңіс туы
Сабақ жоспары №11: Жеңіс Қашқыновтың Ұнатам күзді мен өлеңі
Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған майдангер ұрпақтарымен кездесу сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz