Ана тілінің үздік оқушысы. сайыс

«Ана тілінің үздік оқушысы» сайысы
5 - сынып
Төлеуова Анар
Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
Жалау Мыңбаев атындағы
мектеп - гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
5 - сынып
«Ана тілінің үздік оқушысы» сайысы
Мақсаты: Теориялық жағынан білім дайындығы жоғары оқушыны анықтау,
оқушылар арасында білім бәсекелестігін арттыру, оқушының бойында
білік - дағды қалыптастыру, сөйлеу мәдениетін, талдау машығын
жетілдіру, үздік оқушының сынып алдындағы беделін көтеру.
Қажетті жабдықтар : Интерактивті тақта, слайдтар, бағалау парақшалары, суретті
картиналар.
Жүрісі:
І. Ұйымдастыру
- Сынып оқушыларының қатысы.
- Жеребе арқылы сайысқа қатысатын оқушыларды іріктеу. 5 оқушыны шығару.
- Әр оқушының жанкүйерлерін тағайындау.
- Қазылар алқасын бекіту. Мұғалімдер және жоғары сынып оқушылары.
ІІ. 1 - тур тапсырмасы.
«Қазақ тіліне тән дыбыстар» тақырыбына мақал - мәтел.
«Ә» - «Әдепті бала - арлы бала».
«Ө» - «Өзін - өзі мақтаған өліммен тең»
«І» - «Бірлік болмай, тірлік болмас»
«Ұ» - «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»
«Һ» - «Қаһарлы сөз, қамал бұзар»
«Ғ» - «Ағасы бардың, жағасы бар»
«Қ» - «Қызға қырық үйден тыйым»
«Ү» - «Үлгілі үйдің ұл - қызы ұялтпайды»
«Ң» - «Ең жақсы тіл - ана тілі»
2 - тур тапсырмалары
«Қызықты грамматика» тақырыбы бойынша қатысушылар блиц - сұрақтарға жауап береді. Әр оқушыға 5 сұрақтан:
1 - оқушы
1. Мәтін деген не?
2. Лексика нені зерттейді?
3. Дауысты дыбыстар қандай түрге бөлінеді?
4. Зат есім туралы айт.
5. «Қарлығаш» деген сөзге фонетикалық талдау жаса.
2 - оқушы
1. Омонимдер деген не?
2. Дыбыс үндестігінің түрлері.
3. Сөйлем дегеніміз не?
4. Сын есім нешінші сөз табы?
5. «Аққулар» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
3 - оқушы
1. Синоним деген не?
2. Қазақ тілінде әріп нешеу, дыбыс нешеу?
3. Буынның түрлері.
4. Көнерген сөздердің қандай түрлері бар?
5. «Бұлбұлдай» сөзіне талдау.
4 - оқушы
1. Дауыстылар тілдің қатысына қарай қалай бөлінеді?
2. Табу сөздер
3. Түбір мен қосымша
4. Эвфемизм деген не?
5. «Сандуғашы» сөзіне талдау.
5 - оқушы
1. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.
2. Екпіннің неше түрі бар?
3. Диалект деген не?
4. Орфография мен орфоэпия деген не?
5. «Шағалам» сөзіне талдау.
3 - тур тапсырмалары.
«Кім көп біледі?» жаңылмай 10 ырым - тыйым сөз айту.
4 - тур тапсырмалары.
«Кейіпкерлер елінде» тақырыбындағы сайыста әдебиет бойынша сұрақ беріледі.
- Кемпір - шалға аң мен құстың етін қақтап, үйіп береді де, ол жолға шығады. (Төстік)
- Сондай күшті болыпты. Алысқанын жығыпты, аң аулап әкесіне жәрдемдесіпті. (Кендебай)
- Мұздан төсек, жерден жастық, қардан жамылғы қып жата қалсам, жылы төсекте өлген адамдай ұйықтаппын да қалыппын. (Тазша бала)
- Ол шұрайлы қоныс, нулы өлке іздеумен өмір бойы Желмаясымен желіп өтіп, Ұлытаудың бас жағына кеп дүние салыпты. (Асан қайғы)
- Бір дегеніміз - бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніміз - егесіп өткен ер жаман. (Қазыбек)
- Бізді осы араға тастасаң, ит - құсқа жем боламыз ғой, бізге кім пана болады? Ащы күннің аптабына қалай шыдаймыз? (Ажар)
- Тағы да бір бар сауалым,
Көп жауады қайда жауын?
Білсең, апа, айтшы! (Толағай)
- Ал, балам, әжең екеумізді қажай беруші едің ғой, әңгіме - жырдың дүкені, міне, жаңа келді. (Ұлжан)
- Құстың ең алғыр болатын кезі екі мен үш түлектің тұсында, оған дейін алаңғасарлау болады. (Ахмет)
- Уай, мынауың болмайды. Ең алдымен адамға бас керек. Онсыз өмір оған молданың көрінен де қараңғы болады. Онсыз өмір құраннан жаман. (Шеген)
- Біздің ауыл қыстауға көшеді. Сен осында қаласың ғой, енді аман бол! (Шоқан)
- Уәделескен он бес тиынды әкел. Мен бай кісі емеспін, ол маған тамақ болады. Жетпіс тиынды ауылдағы отырған әжеме жіберем. (Қажымұқан)
- Жеп келем, жеп келем туғалы!
Адам боп жүргенім сондықтан! (Қария)
4 - тур тапсырмалары
«Шешендіктің сәні - сөз» қатысушылар жеребе бойынша таратылған тақырыпқа мәтін әңгімелеп айтады. Өлең немесе қара сөз.
- «Қонақжай қазағым»
- «Жақсы дос үшін - жан пида»
- «Мен қазақ қыздарына қайран қалам»
- «Жігітке жеті өнер де аз»
- «Көктемді қондырып қанатына»
5 - тур тапсырмалары.
«Ұшқыр ой» тақырыбында логикалық сұрақтарға жауап.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz