Өз құқығын білу: құқықтық сауаттылық пен жауапкершілікке тәрбиелеуге арналған сыныптан тыс іс-шара жоспары

Смағұлова Ақмарал Бүркітқызы

Ақтөбе облысы

Темір ауданы

Еңбекші мектеп балабақшасының

құқық пәні мұғалімі

Өз құқығыңды білгенің- дұрыс өмір сүргенің.

(Сыныптан тыс жұмыс)

Мақсаты:

Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптің тиемді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу;

Конституцияны, тағы басқа құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілік, елжандылық, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;

Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.

Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушыларды екі топқа бөлу;

- әділқазылар алқасын тағайындау;

- сайыстың мақсаты мен мазмұнын таныстыру.

Негізгі бөлім.

Сайыс жоспары:

1) Таныстыру(топ аты, ұраны)

2) Үй тапсырмасы.

(Қазақстан Республикасының құқығын, еркіндігін, теңдігін білдіретін нышандар. Буклет жасау)

3) Заңды білу міндетің (сұрақ - жауап)

4) Шығармашылық жұмыс. (тақырыптар бойынша шағын баяндама жазу)

- Менің - Президентім.

- Ата заңым- айбыным.

- Менің елім -Қазақстан!

5) Адасқан әріптерді орналастыр. (мағынасын ашу)

6) Ой жалғау.

7) Білімді тиянақтау.

8) Білгенге маржан.

9) Қорытынды.

Заңды білу міндетің.

1-топқа сұрақтар:

1) Қ. Р-сы бойынша ең жоғарғы заңдық күші бар нормативтік актты атаңыз?

(Қ. Р Конституциясы)

2) Тәуелсіз Қазақстанның тұңгыш Конституциясы қашан қабылданды?

(1993ж. 28-қаңтар)

3) Қ. Р Мемлекеттік елтаңбасының авторлары ?

(Шотаман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)

4) Қ. Р-ның Конституциясы бойынша Президент неше жылға сайланады ?

(7 жыл)

5) «Қ. Р азаматтық туралы» заңы қашан қабылданды?

( 1992 жыл 1-наурыз)

6) «Қ. Р Балалар құқықтары туралы заң» қай жылы күшіне енді ?

(2002 жыл 8тамыз)

7) Қ. Р-дағы «Бала құқықтары» туралы заң неше бөлім, қанша тараудан тұрады?

(9 бөлім, 98 бап)

8) «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім?

(Тәуке хан)

9) Қылмыстық жауапкершілік басталатын жас шамасын атаңыз?

( 14-16жас)

10) Қ. Р тәуелсіздік күнін ?

(1991 жыл 16 желтоқсан. )

2-топқа сұрақтар:

1) Қ. Р-ның төл теңгесі қашан қолданысқа енді?

(1993 жыл 15 қараша)

2) Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды?

(1989 жыл 20 қарашада БҰҰ-ның бас Ассамблясы қабылдады)

3) Қ. Р-ның жаңа әнұраны қашан қабылданды?

(2006 ж. 6қаңтар)

4) Қ. Р Парламенті неше палатадан тұрады?

(2)

5) Қ. Р-ның Конституциясына толықтырулар мен өзгертулер соңғы рет қашан енгізілді?

(2011ж, ақпан)

6) Қ. Р-ның Конституциясы неше баптан, неше бөлімнен тұрады?

(9 бөлім, 98 баптан)

7) Конституция латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

(Құрылым, өкім)

8) Қ. Р-ның нышандары қашан қабылданды?

(1992 жыл 4 маусым)

9) Мемлекеттік тудың авторы кім ?

(Ш. Ниязбеков)

10) Қ. Р-ның Конституциясы екінші рет қай жылы қабылданды?

(1995 жыл 30 тамыз)

Адасқан әріптерді орналастыр.

1-тапқа:

1) ЕКОНЮС - ЮНЕСКО- БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйым.

2) АТКРЕДИЯМО - ДЕМОКРАТИЯ- халық еркі немесе билігі.

3) ЕНТЕЗПРИДЕ - ПРЕЗИДЕНТ-мемлекет басшысы.

2-топқа:

1) АТТЛӨЖҰҚ - ТӨЛҚҰЖАТ - азаматтықты куәландыратын құжат.

2) ТУОНКСТИЯЦИ - КОНСТИТУЦИЯ - Ата Заңымыз.

3) РПЕАЛМАНТ - ПАРЛАМЕНТ - заң шығарушы орган.

Ой жалғау.

  1. топ:

1) Бір қазаға екі (жаза) жоқ. .

2) Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі (куә) табар.

3) Мен (ұрлық) қылған күні ай жарық болды.

4) Би екеу болса, (дау ) төртеу.

5) Ұрлық түбі (қорлық) .

6) Өтіріктің (құйрығы) - бір-ақ тұтам.

  1. топ:

1) Тақыр жерге су төксең тайғақ болар.

Жаманға (сырыңды) айтсаң айғақ болар.

2) (Әділ) істің арты игі.

3) Жолға шықсаң бес (қару) байлан.

4) Заңның (құрығы) - бәрінен ұзын.

5) У ішкен бір өледі, (ант ) ішкен мың өледі.

6) (Қолыңмен) істегенді - мойныңмен көтер.

Білімді тиянақтау.

  1. топ:
1
Қ. Р заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы орган.
АХАЖ
1: 2
Қ. Р заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы орган.: Азаматтардың некесі тіркелетін орын.
АХАЖ: 14-16
1: 3
Қ. Р заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы орган.: Адам баласының сайлау жасы.
АХАЖ: парламент
1: 4
Қ. Р заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы орган.: Адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасы.
АХАЖ: референдум
1: 5
Қ. Р заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы орган.: Бүкілхалықтық дауыс беру.
АХАЖ: 18

2 - топ:

1
Парламенттің жоғарғы палатасы.
Премьер-министр
1: 2
Парламенттің жоғарғы палатасы.: Қ. Р Үкімет басшысы
Премьер-министр: вето
1: 3
Парламенттің жоғарғы палатасы.: Президентке ерекше тыйым салу құқығы.
Премьер-министр: сенат
1: 4
Парламенттің жоғарғы палатасы.: Қ. Р сот билігі
Премьер-министр: құқық
1: 5
Парламенттің жоғарғы палатасы.: Мемлекет тарапынан қорғалатын жалпыға бірдей нормалар жүйесі.
Премьер-министр: Тәуелсіз

Білгенге маржан. (топтастыру, қорғау)

Өз құқығымды білуге, қорғауға

Білім алуға Емделуге

Ойымды еркін айтуға Өмір сүруге

Демалуға Әр түрлі шараларға қатысуға

Қорытынды.


Ұқсас жұмыстар
Өз құқығын білу - дұрыс өмір сүру: мектептегі құқықтық сауаттылық сабақ-сайысы
Кәмелетке толмағандар арасында заңдық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара
Тарихқа саяхат: тарихи-танымдық сайысқа арналған сыныптан тыс іс-шара жоспары
Математика әлеміне саяхат: сыныптан тыс танымдық іс-шара
Бастауыш сыныпқа арналған сыныптан тыс іс-шара жоспары: Наурыз - дәстүр, өнер және тәрбие
4-сыныпқа арналған сыныптан тыс іс-шара жоспары: Ойлы болсаң озып көр
Бала тәрбиесі: мектеп пен отбасының бірлескен ісі - ата-ана мен оқушыларға арналған сыныптан тыс іс-шара жоспары
Информатика пәні: Білім биржасы зияткерлік ойынының сыныптан тыс іс-шара жоспары
Сыныптан тыс іс-шара - Биология әлемі: 8-сынып оқушыларына арналған сайыс сабақ (20.10.2014)
2-сыныпқа арналған математикадан сыныптан тыс іс-шара: ойындар арқылы логикалық ойлауды дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz