Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Толағай отбасылық сайысы жайлы ақпарат
Утеулиева Асел Абилхайровна
Еңбекші мектеп-балабақшасы
Балабақша әдіскері
«Толағай» отбасылық сайысы.
Мақсаты: Балалардың қимыл қозғалыстарын жетілдіру, түрлі спорттық ойын
түрлерін, спортқа қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын
қалыптастыру, ептілікке төзімділікке шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: доп, ысқырық, кубик, шар. Т.б.
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боларсың, сауығып айдай толарсың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың
Чемпион болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаң да ұқсап бақ.
Жарысқа түсіп қалайда.
-Құрметті ұстаздар, атааналар мен оқушылар. Бүгінгі «Толағай» отбасылық
сайысына қош келдіңіздер! Көңілді жарысқа Еңбекші мектеп- балабақшасының
балалары мен ата-аналары қатысады.
Сонымен ортаға көңілді спорттық жарысқа қатысқалы отырған отбасыларды
шақырайық.
Жарысқа қатысқандарды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Спортты ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Спортшы отбасыларды шақырамыз.
1. Көк түсті Таңжариковтар отбасынан құралған «Достық» тобы.
Топ басшысы: Таңжариков Алтынбек.
Мүшелері: Жұмабаева Сандуғаш- үй шаруасындағы ана.
Рустам-айналысатын спорт түрі, футбол, және сүйікті өнері сурет салу..
Данияр-айналысатын спорт түрі – футбол, жүгіру.
2. Қызыл түсті Төлениязовтар әулетінен құралған «Бірлік» тобы.
Топ басшысы: Төлениязов Жарас.
Мүшелері: Төлениязова Бибі-медбике.
Дәулет-айналысатын спорт түрі, дойбы
Дильназ-айналысатын спорт түрі, доппен исекіру.
3. Сары түсті Смайловтар отбасынан құралған «Жалын» тобы.
Топ басшысы: Смайлов Рашид.
Мүшелері: Қалмұратова Анар-тәрбиеші.
Рамир-сүйікті ісі сурет салу.
Назерке- сүйікті өнері ән салып, би билеу.
-Енді көңілді жарысымыздың әділқазыларымен таныс болыңыздар
(әділқазыларды таныстыру) Сайысымыздың нұсқаушысы дене тәрбиесі пәнінің
мұғалімі Смагулов Бүркіт ағай.
Командалар мынадай сайыс түріне сынға түседі:
1. «Кедергілерден өту.»
2. «Мәреге кім бұрын?»
3. «Кенгуру.»
4. «Шеңбер.»
5. «Кім иілгіш?»
6. «Кім мерген?»
-Осы сайысымыздың өтуіне көмек берген Еңбекші мектеп балабақшасының ата-
аналарына алғысымызды білдіреміз.
-Қазылар алқасы дайын болғанша ата-аналармен тілдесеміз.
1. Бүгінгі сайыс ұнады ма?
2. Сізге қай сайыс қиындық туғызды?
3. Сізге қай ойын ерекше ұнады?
Жүргізуші:
Спортқа берік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділқазы ел сенген
Сайысқа баға беріңіз,- дей келе келесі кезекті әділқазылар алқасына
беріледі.
-Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Оң болсын десең егер тіршілігің,
Сақта, халқым, саулығын аналардың,
Болсын десең денің сау ұрпақтарың.
Білім саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математькалық түсцініктерін
қалыптастыру.
Тақырыбы: Түстерді ажырата білесің бе?
Мақсаты: Балалардың математикадан алған білімдерін тиянақтау. Түр түсті
ажырата білу, геометриялық фигураларды ажырата білу, әр заттың өз орнын
таба білу, білімдерін қорыту.
Көрнекілігі: үй жануарлары, жабайы аңдар, орман, аула, үй, бау-бақша, құм,
ұшақ.,қоян.
|Іс-әрекет |Тәрбиешінің іс-әрекеті |Балалардың іс-әрекеті |
|кезеңдер | | |
|Дәлелдеу- |-Балаларды шақыру.Шаттық |-Балалар ұшақпен ұшып келіп, |
| |шеңбері. Жүрек жылуы. |өздерінің ұшақтарының түсіне |
| |Қуанамын мен де, |сай орындықтарға |
| |Қуанасың сен де. |отырады.Қонақтармен амандасады.|
| |Қуанайық достарым, |Шаттық шеңбердің ішінде |
| |Арайлап атқан күнге. |бір-біріне жылусыйлайды. |
| | | |
| |-Осы мезетте есік қағылады. |-Балалар ішінде не бар екен |
| |Жәшікте жасырын бір зат бар. |деген қызығушылықпен қорапқа |
| |Ішінде қоян, қолында хаты бар. |қарайды. |
| |«Саламатсыздар ма, балалар! Мен| |
| |жалмауыз кемпірдің құрығына | |
| |түсіп қалдым. Ол менің үй | |
| |жануарларымды орманға апарып, | |
| |сыйқырлап тастады, маған | |
| |көмектесесіңдер ме?» | |
| |-Қане балалар қоянға | |
| |көмектесеміз бе? |-Иә. |
|Ұйымдастыру|-Ендеше жалмауыз кемпірдің 1- |-Балалар үй жануарлары мен |
|-іздену |ші тапсырмасы мынадай. Үй |жабайы аңдарды бір-бірінен |
| |жануарлары мен жабайы аңдар |ажыратады. |
| |араласып кеткен ,үйжануарларын | |
| |аулаға, жабайы аңдарды орманға | |
| |кіргіземіз. | |
| |-Балалар жалмауыз кемпір |-Балалар геометриялық |
| |қоянның үйін сыйқырлап |фигураларды бір-біріне |
| |тастапты. Үйді қалпына |сәйкестендіреді, атын атайды, |
| |келтірейікші. |түсін ажыратады. |
| |2 - тапсырмасы «Сәйкестендіру.»| |
| |Мұнда фигураларды атап, түсін | |
| |ажырату. | |
| |Сергіту сәті: |Екі қолын қарама-қарсы доп |
| |Добым, добым домалақ, |секілді домалатады. |
| |Қайда кеттің домалап? |Қолдрын алға жаяды. |
| |Үстел үстін бүлдірдің , |Қолдарын сілкілейді. |
| |Тәрелкені сындырдың. |Сұқ саусағын шошайтады. |
| |Тнетек болып кеткен соң |Аяғымен доп секілді тебеді. |
| |Келеді сені тепкім кеп. |Балалар көкөністер мен |
| |3- тапсырмасы: «Өз орныңды |жемістерді өз орнына |
| |тап.» |орналастырады. |
| |Балалар, жалмауыз кемпір тағы | |
| |да қоянның бау-бақшасын | |
| |сыйқырлап кетіпті. Бау-бақшаны | |
| |орнына келтірейікші. |Балалар қылқаламның көмегімен |
| |4- тапсырмасы: Құммен жұмыс |құмның арасынан сәбіздерді |
| |Ойын «Тауып көр.» Құм арасындғы|табады. |
| |жасырынған сәбізді қылқаламмен | |
| |табу. | |
|Рефлексивті|Тосын сый: Қағаз сәбіздің |Балалар қуанады, қонқтармен |
|--түзету |артына кәмпит жасырынған. |қоштасады. |
| |Балаларға сыйлықты тарату, | |
| |оларды мадақтау. | |
Күтілетін нәтижелер:
Білу керек: Жануарларды түр – түсті пәшіндерді ажырата білу
керек
Игеру керек: Берілген тапсырмаларды орындай
алады.........................................
Меңгеру керек : Балаларға әрқашанде қамқоршы болуды
меңгерту.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz