Сабақ жоспары :: Психология

Файл қосу

Ұлттық біріңғай тестілеуге психологиялық тұрғысынан дайындаудың жолдары мен шешімі

Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге‭ (‬ҰБТ‭)‬ психологиялық тұрғысынан‭ ‬дайындаудың жолдары мен шешімі

Қазақстан Республикасында‭ ‬1994‭ ‬жылы ретификацияланған‭ «‬Бала құқығы конвенциясы‭» ‬бойынша мемлекет және барлық заңды қатысушылар бала құқығын қорғауға барынша атсалысуда.‭ ‬Бала құқығы барлық заңсыз әрекеттерден,‭ ‬күштерден,‭ ‬физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтан,‭ ‬үлкендер,‭ ‬ата-анасы немесе оның орнындағы заңды жауапты тұлғалар тарапынан көрсетілген жағымсыз күштерден және бала өміріне келтірілген зауалдардан қорғауды қамтамасыз етеді1.
Алайда,‭ ‬алдымыздағы берілген мәліметтер бала өмірін,‭ ‬құқығын қорғау шараларының әлі де болса жеткіліксіздігін көрсетеді.‭ ‬Балалар мен олардың отбасына деген арнайы‭ (‬психологиялық кеңес беру,‭ ‬көмек көрсету,‭ ‬материалдық қамтамасыз ету,‭ ‬тіпті кейбір жағдайларда тек қана көңіл бөлуді қамтитын‭) ‬іс-шаралардың ұйымдастырылуын қажет етеді.
‎ ‏Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесі оқыту мен тәрбиелеудің құрылымы,‭ ‬мақсаты мен мазмұны,‭ ‬технологияның түбегейлі өзгерісімен ерекшеленеді.‭ ‬Мұндағы мақсат тұлғаның білім,‭ ‬білік дағдысын механикалық тұрғыда дамыту емес,‭ ‬танымдық қабілетті дамыған және өзін-өзі көрсете алатын тұлғаның‭ ‬ақыл-ойын,‭ ‬тұлғалық психикалық қасиеттерін дамыту.‭ ‬2004‭ ‬жылдың ақпан айында үкіметтің қаулысымен‭ ‬2015‭ ‬жылға дейінгі‭ «‬Білім тұжырымдамасы‭» ‬қабылданып,‭ ‬соның негізінде елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі құрылды.‭ ‬Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді өткізу елімізде өте үлкен жауапты шараға айналғаны мәлім.‭ ‬Бұл науқанды өткізуге жер-жердегі ұстаздар мен құқық қорғау саласының қызметкерлерінен бастап,‭ ‬мемлекеттің басқа да жауапты лауазым қызметкерлері сонымен қатар мектеп психологтары да атсалысуда.‭ ‬2
Мемлекеттік ҰБТ жүйесі жылма-жыл жетілдіріліп,‭ ‬бітіруші түлектердің білім деңгейін шынайы айқындау тәжірибесі жинақталып қалды.‭ ‬Түлектің әрі қарай жоғарғы оқу орнына түсіп білімін жалғастыру,‭ ‬жалғастырылмауы осы ұлттық бірыңғай тесттің қорытындысына тікелей байланысты.‭ ‬ҰБТ-ке қатысу оқушыдан терең білім мен білікті қажет етеді.‭ ‬Осы сәтте талапкерлердің өз тағдыры‭ –‬өз қолында десек,‭ ‬онда әрбір талапкерлердің жауапкершілігі арта бастайды.‭ ‬Себебі,‭ ‬баланың алдындағы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден жоғарғы балл жинап,‭ ‬грантпен оқуға түсу мақсаты тұрады,‭ «‬мақсаттың орындалуы үшін не істеу керек‭?» ‬деген сұрақ туындайды.‭ ‬Міне,‭ ‬бұл үшін сынақ тапсыру барысында кездесетін‭ ‬әр түрлі‭ ‬кедергілерді жою қажет,‭ ‬сол кедергілердің ішіндегі‭ ‬ең маңыздысы‭ ‬психологиялық кедергі.‭ ‬Алайда,‭ ‬белгілі бір сынақтан,‭ ‬тексеруден шошыну немесе қорқу,‭ ‬қобалжу және үрей жалпы адам баласына тән қасиет.‭ ‬Сондақтан да оқушылар сынақ барысында көбінесе біліп тұрғанын есіне түсіре алмай қиналады.‭ ‬Ол оның‭ ‬жоғарғы ұпай жинауға міндетті түрде кедергі келтіреді3.‭
ҰБТ‎ ‏-‎ ‏оқушылар үшін ең маңызды кезең.‭ ‬Сондай‭ ‬-‭ ‬ақ‭ ‬ҰБТ-оқушылардың орта білімін жалпы бағалау көрсеткіші болып саналады.‭ ‬Бір ұпайдың жетпей қалуынан оқушылар мемлекеттік оқу грантынан,‭ ‬көп жағдайда жоғары оқу орының‭ ‬ақылы түрде оқуға түсу мүмкіндігінен айырылады.‭ ‬Оқушылар үшін келесі жылы оқуға қайта тапсыру ұғымы мүлде мойындалмайды,‭ ‬өздеріне қажетті ұпай санын жинай алмау‭ –‬үлкен психологиялық дағдарысқа әкеліп соғады.‭ ‬Жалпы жыл аяғындағы ҰБТ-ға дайындық‭ –‬көп жағдайда‭ ‬оқушы балаларды‭ ‬жағымсыз психологиялық соққыға әкелуде.‭ ‬Оқушылардың ҰБТ жағдайындағы‭ ‬жеке басының психологиялық күйі‭ ‬оларды нашар күйзеліске,‭ ‬стресске әкеліп соқтыруы мүмкін.‭ ‬Мәселен,‭ ‬тесті жақсы,‭ ‬ойдағыдай орындап,‭ ‬қажетті ұпайын жинаған жағдайдың өзінде,‭ ‬жоғарғы көрсеткіш иегерлері біраз уақытқа дейін психологиялық жағымсыз күйді бастан өткізеді.‭ ‬Мұның себебін балалардың қарқынды дайындалуымен байланысты болатын уақыт кестесінің қысымдығымен,‭ ‬жеке бастарындағы уайымдауларымен,‭ ‬жыл бойы бастан кешірген ҰБТ-ға деген қорқыныш,‭ ‬үрей сезімдерімен,‭ ‬алынған тестің нәтижесіне ұзақ уақытқа дейін сенбеуінен туындайтын‭ «‬түсініксіз‭» ‬сенімдерімен және т.б.‭ ‬психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіруімізге болады.‭ ‬Ал нәтижелері теріске шыққан оқушылардың психологиялық күй-жағдайы‭ ‬мүлдем нашарлайды деуге болады4.
Стресс‭ (‬ағыл.‭ ‬stress‭) ‬қатты куйзелу,‭ ‬абыржу,‭ ‬мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше куйі.‭ ‬Ғылымға ең алғаш ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье.‭ ‬Оның анықтамасы бойынша,‭ ‬стресс‭ ‬-‭ ‬өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы.‭ ‬Адамның жеке ерекшеліктеріне,‭ ‬мінезіне,‭ ‬жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.
Стресс үш кезеңнен тұрады:
‎) ‏үрейлену‭ ‬-‭ ‬жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі.‭ ‬Таңырқау іспетті сезім пайда болады‭;
) төзімділік‎ –‏жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей,‭ ‬оған төзу реакциясы туады.‭ ‬Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жуйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді.‭ ‬Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады,‭ ‬тыныс алу ырғағы да жиілене түседі.‭ ‬Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді‭;
3‎) ‏әлсіреу‭ –‬бейімделу қорының мүикіндігі азайып,‭ ‬таусылады,‭ ‬сондықтан психологияда дезадаптация‭ (‬бейімделудің нашарлап жойылуы‭) ‬пайда болады.‭ ‬Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп,‭ ‬қайғыға батырады.‭ ‬5.
Суицид дегеніміз‭ –‬сезініп тұрып өзіне-өзі қол жұмсау,‭ ‬яғни осы көзқарас бойынша өзін-өзі өлтіру таза адамдық,‭ ‬ойланып жасалған‭ ‬әрекет болып табылады.‭ ‬9
Мамандар арасындағы соңғы мәліметтерге қарағанда,‭ ‬оқушы балалар арасында суицидтік мінез-құлық пайда болуда.‭ ‬Яғни балалардың әлеуметтік-психологиялық қолайсыз жағдайларда өз-өздеріне қол жұмсаулары,‭ ‬сол арқылы өз өмірлеріне нұсқан келтірулері.‭ ‬Суицидтік мінез-әрекеттің көптеген себептері болады.‭ ‬Көптеген келеңсіз жағдайларда өз-өздерінің‭ ‬психологиялық-эмоциялық‭ ‬күйлерін басқара алмай немесе шиеленістен шығудың‭ ‬жолдарын‭ ‬таба алмай,‭ ‬ауыр эмоциялық жағдайларды көтере алмай,‭ ‬аяқ жағы қайғылы оқиғаларға ұшырап жатады.‭ ‬Оның ішінде ең өзекті және жиі кездесетін себеп-салдарды мысал ретінде келтіре кетейік.

Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдағы себептері:‭ ‬басындағы қатыгездік,‭ ‬қарым-қатынастың бұзылуы,‭ ‬психологиялық‭ ‬климаттың балаға жағымсыз әсер етуі,‭ ‬отбасындағы басқару стилі,‭ ‬үлкендер тарапынан күш көрсетуі,‭ ‬әке-шешесі тарапынан балаға тиісті көңіл бөлінбеуі,‭ ‬құрбы-құрдастары,‭ ‬көше‭ ‬мен‭ ‬ауланың жағымсыз әсерлері‭ ‬мен‭ ‬қысымдары және т.б.‭

Педагогикалық-психологиялық тұрғыдағы себептері:‭ ‬оқушылармен жүргізілетін педагогикалық-психологиялық дайындық‭ ‬жұмыстарының‭ ‬жоқтығы немесе нашарлығы‭ (‬балалардың проблемалы жағдаяттарда өз-өздерін басқара алмауы,‭ ‬жағымсыз жағдаяттарда өз-өздерін дұрыс бағыттай алмауы,‭ ‬өз-өзінің ішкі мәселесі‭ ‬мен‭ ‬жағдайын реттей алмауы,‭ ‬кері әсерлерге қарсы тұра алмауы,‭ ‬өзіндік ішкі қорғаныс бағытының жоқтығы,‭ ‬алға жетелейтін мақсат қоя алмауы,‭ ‬сол мақсатқа жетудегі өзіндік стратегияларының жоқтығы немесе оны құра алмауы,‭ ‬қиын жағдайлардан шыға алмауы,‭ ‬ішкі эмоциялық күйлерінің тұрақсыздығы,‭ ‬фрустрацияға,‭ ‬стресске бейім мінез-құлық,‭ ‬емтихан,‭ ‬ҰБТ жағдайларында,‭ ‬әсіресе,‭ ‬теріс немесе төмен нәтижеге ие болғанда өздерін ұстай алмауы және т.б.‭); ‬мамандар педагогикалық-психологиялық біліктілігін төмендігі,‭ ‬яғни нақты балалар суицидіне байланысты зерттеу,‭ ‬түзету,‭ ‬алдын алу‭ ‬жұмыстарының‭ ‬педагогикалық және‭ ‬психологиялық‭ ‬әдіснамасының жоқтығы,‭ ‬сондай-ақ арнайы‭ ‬жұмыс‭ ‬бағдарламасының жасалмағандығы‭ (‬арнайы тәрбие‭ ‬жұмысының‭ ‬ұйымдастырылмағаны‭) ‬және т.б.

Экономикалық-психологиялық тұрғыдағы себептері:‭ ‬балалардың құрбы-құрдастары қатарынан қаржы-қаражат‭ ‬,‭ ‬киім киісі,‭ ‬ақша жарату,‭ ‬материалдық-тұрмыстық жағдай жағынан жетіспеушілік көруі және т.б.

Биологиялық-генетикалық тұрғыдағы себептері:‭ ‬кейбір жағдайларда балалардың себептен-себепсіз өз-өздеріне қол жұмсауын мамандар тұқым қуалаушылықпен байланыстыра түсіндіреді,‭ ‬бірақ бұл басқа себептерге қарағанда төменгі көрсеткішті көрсетеді.‭ ‬Сондықтан да мамандар көбінесе жоғарыдағы негізгі,‭ ‬әсіресе,‭ ‬педагогикалық себептерге бағытталады.‭

Осы орайда,‭ ‬білім беру мекемелері алдында көптеген міндеттер тұр әрі олардың бірқатары іске асырылуда.‭ ‬Педагог-психолог мамандар арасында оқушылар суицидінің алдын-алуға және болдырмауға бағытталған арнай іс-шаралар‭ ‬мен‭ ‬бағдарламалар жасап шығарылып,‭ ‬тәжірибеге енуде.‭ ‬Соның бірі-оқушыларды‭ ‬ҰБТ-ға‭ ‬психологиялық‭ ‬даярлау арқылы жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың‭ ‬алдын алу шарасы болып табылады.‭ ‬4.

‎ ‏Жалпы ҰБТ жағдайына дайындық оқушылар арасында ғана емес,‭ ‬олардың отбасы,‭ ‬ата-анасы,‭ ‬мектепте,‭ ‬психолог мамандар арасында,‭ ‬мектеп пен‭ ‬отбасылық өзара қарым-қатынаста жүреді.‭ ‬Мұның өзі оқушылардың ішкі жағдайына теріс әсерін береді,‭ ‬себебі‭ ‬оқушы‭ ‬балалар өздерін үнемі бақылау астында сезінеді,‭ ‬кейде өзіне бағытталған үлкендер тарапынан көптеп бөлініп жатқан көңіл аударушылықты қатты сезінеді,‭ ‬содан‭ «‬егер осыны ақтай алмасам‭»‬,‭ «‬ойдағы үмітті ақтай алмасам‭» ‬деген ойдан туындайтын қорқыныш сезімдері де болады.‭ ‬Оқушы балалар көбінесе,‭ ‬бұрын-соңды өздеріне деген үлкен жауапкершілікті сезініп көрмеген,‭ ‬сондықтан өздеріне отбасы тарапынан айтылатын‭ «‬балам,‭ ‬жақсылап дайындал‭» ‬деген сияқты сөздерді жауапкершілік тұрғыдан қабылдап,‭ ‬алдын ала үрейлене бастайды.‭ ‬Тек отбасы жағдайында ғана емес,‭ ‬кейде мектепте‭ ‬оқушылар‭ ‬үшін педагог мамандары тарапынан болатын‭ «‬жақсылап дайындалайық‭!» ‬деген сөздер де жеткілікті.‭ ‬Көптеген мұғалімдер өз пәні бойынша жыл бойы бос уақытын‭ ‬оқушыларды тестілеуге дайындау үшін жаратады,‭ ‬мектеп‭ ‬оқушылардың‭ ‬ бос уақыттарын ҰБТ-ға әр пән бойынша дайындайтын факультативтік,‭ ‬яғни қосымша сабақтармен қамтып қояды,‭ ‬ата-аналар‭ ‬оқушылапдың‭ ‬үйдегі бос уақытының дайындықпен өтуін қадағалап отырады,‭ ‬құрбы-құрдастарының барлығы дайындық пен уайым үстінде.‭ ‬Жеке басының психологиялық қысымға түсуінің себебі осында.‭ ‬Мұндай жағдайды ата-аналар мен педагог мамандардың назарына‭ ‬алғаны жөн.7.
Баланы психологиялық тұрғыда дайындаудың жолдары:‭
мұндай шаралар арнайы мақсатқа бағытталған оқу‭ ‬-‭ ‬бағдарламасы ретінде жасалып шығарылуы тиіс‭;
жасалған бағдарламаларды мектепішілік әкімшілікпен келісе отырып,‭ ‬қосымша сабақ ретінде факультативтік кесте бойынша немесе оқушылардың сабақтан бос уақытында олармен өзара келісіле отырып‭ (‬қалауы бойынша‭) ‬жүргізу керек‭;
ҰБТ-ға‭ ‬психологиялық‭ ‬дайындық‭ ‬жұмысын‭ ‬мамандандырылған немесе арнайы даярлықтан өткен психолог маман өткізуі тиіс‭;
Ұйымдастырылған жұмыс тек оқушылармен ғана емес,‭ ‬олардың отбасымен,‭ ‬педұжыммен т.б.‭ ‬жан-жақты бағытта жүргізілуі керек‭;
Жұмыс бағдарламасының мазмұны әрбір мектептің,‭ ‬оқушылардың,олардың проблемалары,‭ ‬сұраныстары ерекшелігіне сәйкес жасалу керек‭;
Жасалған жұмыс бағдарламасы оқушылармен жұмыс жасау барысында‭ (‬жағдайға байланысты‭) ‬өзгеруі мүмкін,‭ ‬сондықтан бағдарламаны‭ «‬жобалау принципі‭» ‬бойынша жасау қажет‭;
Ұстаздардың кәсіби құзіреттілігін артыру керек.
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов:‭ «‬Аудиторияға кірген ұстаздың барлығы ұстаз емес.‭ ‬Ұстаз деп оқушы жүрегіне білім дәнін еге білген адам ғана ұстаз болып табылады‭» ‬деген екен.‭ ‬Ендеше ұстаз болғанға не жетсін.‭
Қазір ғылым мен техниканың дамыған кезі.‭ ‬Демек,‭ ‬бізде заман талабынан артта қалмай,‭ ‬оқушы алдында барлық жақтан хабары бар,‭ ‬өз білімімізді олардың бойына бере алатындай ұстаздар қажет.‭ ‬Ұстаздар білімі шәкірттер арқылы ғана көрінеді.‭ ‬Қазіргі мынау ұлттық бірыңғай тест те әр‭ ‬ұстаздың‭ ‬білім деңгейін айна-қатесіз көрсетіп беретін айна және ол білім сапасын анықтаудың тиімді тәсілі.‭ ‬Сондықтан оқушыларды ұлттық бірыңғай тестке даярлау‭ ‬ұстаздардың‭ ‬көп іздену еңбегін талап етеді.‭ ‬8.
Демек,‭ ‬мектеп бітірушілердің‭ ‬ бойындағы уайымды,‭ ‬жан‭ –‬күйзелісін,‭ ‬қорқынышты,‭ ‬үрейді және де қобалжуды төмендету негізінде:‭ ‬тренингтер,‭ ‬жаттығулар,‭ ‬кіші топтағы пікір сайыстар,‭ ‬түлектердің ата‭ –‬аналары үшін жеке консультациялар,‭ ‬топтық‭ ‬психологиялық сабақтардың өткізу,‭ ‬алдын‭ ‬-‭ ‬алу жолдарын қарастырылуы керек.‭ ‬Мәселен:‭ ‬ «Стрессті қалай жеңуге болады‭?»‬,‭ «‬Қорқынышты реттеу‭»‬,‭ «‬Өз жұлдызынды тап‭?»‬,‭ «‬Мен өзімді...‭ ‬мақтаймын‭»‬,‭ «‬Менің өмірімнің құндылықтары‭» ‬және т.б.
Алайда,‭ ‬тәжірибе көрсеткендей,‭ ‬қандай жағдайда да өзін-өзі байсалды ұстауға,‭ ‬өз туысына,‭ ‬бауырына қажет екендігін,‭ ‬өмір тек осы тестпен бітпейтіндігін,‭ ‬алда қандай жарқын күндер күтіп тұр дегендей,‭ ‬өз‭ –‬өзіне қол жұмсау,‭ ‬суицид деген ойлардан арылту сияқты шамадан тыс белсенділік көрсетуге жол бермеуіміз керек.
‎ ‏ҰБТ‭ –‬ға оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау кезеңдері төмендегідей деп көрсетсек,‭ ‬онда:
Оқу‭ –‬танымдық қабілеттерін түзете дамыту‭;
Шығармашылық‭ –‬танымдық қабілеттерін дамыту‭;
Сенімділікті бойларына қондыру‭;
Психикалық күштерден‭ (‬стресс пен қорқыныштан арылту‭)‬.
Осы кезеңдерді ескере отырып жыл басынан бастап‭ «‬Мектеп бітіруші түлектерге арнап‭ «‬ҰБТ‭ –‬ға психологиялық‭ ‬тұрғысынан дайындау жолдары мен шешімі‭» ‬атты тақырыпта бағдарлама құрылуы тиіс.‭
ҰБТ‭ –‬ға психологиялық дайындық кезінде әр‭ ‬оқушының‭ ‬оқу іс‭ –‬әрекетінің өзгешелігі оның өзіне тән жеке ерекшеліктірімен байланысты:‭ ‬ойлау,‭ ‬есте сақтау,‭ ‬зейін,‭ ‬ҰБТ тапсыру кезіндегі қиыншылық көруі ықтимал балаларды мынадай топқа бөлуге болады:
‎* ‏Мидың оң жақ жарты шары дамыған бала‭;
* Синтетиктер‎;
* Мазасыз балалар‎;
* Өз‎ –‏өзіне сенімі жоқ балалар‭;
* Озат оқушылар‎;
* Астеникалық‎ (‏енжар‭) ‬балалар‭;
* Гипертимді‎ (‏жылдам‭) ‬балалар‭;
* Баяу‎ (‏ақырын‭) ‬қабылдайтын балалар‭;
* Аудиалдар және кинестиктер.
Әрбір психолог өз оқушысын аталған топқа бөле отырып,‭ ‬жеке жұмыстар істеуіне оңтайлы екендігін бүгінгі тәжірибелер көрсетуде.‭
Ең бірінші оқушыда өзіне деген сенім пайда болады және өзін‭ –‬өзі қөрсетпей біледі.‭ ‬Кездескен тосын сұрақтарға қобалжымай,‭ ‬байсалды жауап беруі мүмкін.‭ ‬Сондықтан мектептерде мектеп психолог мамандары оқушылармен ҰБТ‭ –‬ге психологиялық дайындық жұмыстарын орта буыннан бастап жүргізсе оң нәтиже береді.‭
Бұл қызметте‭ ‬оқушылардың психологиялық‭ ‬салауатылығына‭ ‬байланысты келесі міндеттері анықталған:
тұлғаның психикалық‭ ‬саулығы‭ ‬үшін қызмет көрсету,‭ ‬олардың психикасын дамытуға қолайлы жағдай құру‭;
тұлғаның психикалық‭ ‬саулығы‭ ‬үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру‭;
психологиялық қиын және қауіпті жағдайдағы оқушыларды дер кезінде анықтап,‭ ‬олармен жүргізуге арнайы шаралар құру‭;
тұлғаның психикалық денсаулығына байланысты кеңес беру‭ (‬керек жағдайда бағыттап отыру‭);
Жеке тұлғаның психикалық салауатылығын‭ ‬сақтау,‭ ‬қорғау үшін ата-аналармен,‭ ‬педұжыммен,‭ ‬басқа да қажетті орталықтармен байланысу,‭ ‬бірлескен әрекетте жұмыс жасау және т.б.
Жоғарыдағыларды‭ ‬қорыта келе,‭ ‬оқушылардың әлеуметтік-психологиялық қиын және қауіпті жағдайларын ескере отырып,‭ ‬оларға мамандар тарапына арнайы іс-шаралар және мектептерде‭ «‬Оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық дайындау‭» ‬жұмысы міндетті түрде ұйымдастырылуы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:
2002‎ ‏жылғы‭ ‬8‭ ‬тамыздағы‭ № ‬345-ІІ Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңы,‭ ‬18‭ ‬бап.
Белова М.‭ ‬Мнение успешного учителя.‭ ‬Еще раз о плюсах и минусах‭ ‬ ЕНТ.‭ ‬//Учитель Казахстана‭ ‬ №27-29,‭ ‬11‭ ‬апреля‭ ‬2005г.,‭ ‬стр.5
Все о ЕНТ.//‭ ‬Звезда Прииртышья‭ №‬42,‭ ‬13‭ ‬апреля‭ ‬2006г.,‭ ‬стр.5
‎«‏Мектепкегі психология‭» ‬журналы‭ ‬2010‭ ‬жыл‭ №‬5.
О.Д.Дайырбеков,‭ ‬Б.Е.Алтынбеков,‭ ‬Б.К.Торғауытов,‭ ‬У.И.Кенесариев,‭ ‬Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік.‭ ‬Шымкент.‭ “‬Ғасыр-Ш‭”‬,‭ ‬2005‭ ‬жыл.‭ ‬ISBN‭ ‬9965-752-06-0.
Орысша‭ ‬-‭ ‬қазақша‭ ‬-‭ ‬ағылшынша педагогикалық‭ ‬-‭ ‬психологиялық сөздік‭ ‬Амантурлин Ш.‭ ‬Б.,‭ ‬Амантурлина Г.‭ ‬А.‭ ‬-‭ ‬Алматы‭ ‬:‭ [‬б.‭ ‬ж.‭]‬,‭ ‬2008.‭ ‬-‭ ‬272‭ ‬б.‭
Психология салаларының бағдарламалары‎ [‏Мәтін‭] ‬/‭ ‬Алдамұрат Ә.‭ ‬-‭ ‬А.‭ ‬:‭ ‬Респ.баспа кабинеті,‭ ‬2000.‭ ‬-‭ ‬86‭ ‬б.
Жоғары мектепте психологиялық білім беруді жетілдірудің ғылыми-теориялық негіздері‭ ‬:‭ ‬/‭ ‬Бапаева М.Қ.‭ ‬-‭ ‬Алматы‭ ‬:‭ ‬Б.ж.,‭ ‬2001.‭ ‬-‭ ‬31‭ ‬б.‭ ‬-‭ ‬Б.ж.
Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі:‭ ‬Студенттер мен оқытушыларға,‭ ‬мектеп мұғалімдеріне арналған‭ ‬/‭ ‬Жарықбаев Қ,‭ ‬Әбдірахманов А.‭ ‬-‭ ‬Алматы‭ ‬:‭ ‬Мектеп,‭ ‬1976.‭ ‬-‭ ‬84‭ ‬б.
Стресстің адам өміріндегі рөлі:‭ ‬/‭ ‬Кумарова А.‭ ‬//‭ ‬Студент и лидерство:‭ ‬программа профессионального роста и карьеры‭ (‬18-19‭ ‬мая‭ ‬2007г.‭)‬.‭ ‬-‭ ‬2007.‭ ‬-‭ ‬184


Ұқсас жұмыстар
Технологиялық дайындауда - оқушылардың тестпен жұмыс жасау жүйесін дайындау
Ұбт-ға оқушыларды дайындаудың әдістемелік ұйымдастыру мәселелері
Оқушылар жалпы
Сауалнама нәтижесі бойынша оқушыларды ортақ мақсаттары бойынша топтау
Баламалы тест
Оқушыларды математика пәнінен ұбт-ға дайындаудың тиімді жолдары
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдары
Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық бойынша ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Блум жүйесі
Сөздердің байланысу түрлері жайлы
Пәндер