Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні
Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні
Шаршы топта сөз бастау қиын:
Тауып айтсаң, мереке қылады,
Таппай айтсаң, келеке қылады.
Досбол шешен
Шешені судай төгілген халықпыз. Түгел сөздің түбін түсірген, аталы да,
баталы да сөз қалдырған түп атамыз Майқы бидің ұрпағымыз. «Сылдырап өңкей
келісім» деп Абай айтпақшы, өлең сөзге дес бермеген, ауылдың алты ауызын
аңыратып, ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен бітіретін данышпан халықтың
перзентіміз. Небір дүлдүлдер домбыраны дәсерлетіп, қиыннан қиыстырып сөз
тауып айта білетін аталар мен әжелер, ару аналар мен абзал әкелер
тәрбиелеген ұланбыз. Тізбекті тарата берсем, таусылмасына көзім жеткендей-
ақ.
Ата-бабамыз жаудан қаймықпаған, сөзден тосылмаған. Ерттеулі атына міне
сала жауға шапқан, шынайы шешендік өнерге машықтанғандар.
Біз – шешендік өнерді сүйетін де, оны бағалай білетін де халықпыз.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демей ме дана халқымыз?!
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешіп бере алатын қайран қазағым
демеске лажым жоқ!
Шешендік өнерді ең асыл өнер деп бағалаймын мен өзім. «Жүзден жүйрік,
мыңнан тұлпар» шығарған халқымның өресі биік, өрісі кең, шығар асуы жоғары
десем, нағыз бағасын бергенім ғой.
Иә, көпті көрген, көп жасаған қазақ қариялары оқымаса да көкейге
тоқығандарын, одан жасаған қорытындыларын құймақұлақ жастарға үйретуден
жалықпаған. Талапты жастар үлкендерден, қариялардан өнер-білім үйренуді
өздеріне міндет, мұрат тұтқан, жақсының атын ерттеп, қасына ерген. Олардан
үлгі-өнеге алуды ар-намыс санамаған.
Үлгілі, аталы сөз кемеңгер ой мен шебер тілден ғана тумаса керек-ті.
Қазақтың оқу жасына толмаған баласынан бастап, қол бастаған батырларына
дейін бақылап, шешен-билерін тыңдаған поляк саяхатшысы Янушкевич
халқымыздың ақыл-ой қабілетін ерекше бағалайды.
Бір көргенін үйреніп, лезде жаттап ала қоятын, өзінің білгенін біреуге
жеңіл де тез түсіндіре қоятын қабілетіне, зеректігіне шет жерлік жолаушы да
қайран қалады. Шешендік - тек жақсы мен жайсаңның ғана еншісі емес, бүкіл
халықтың қасиеті екендігіне көзі жетеді. Міне, осындай зор қасиет-қабілетке
ие, менің халқым!
Шешендік өнер қай жерде сөзге бостандық, еркіндік болса, сол жерде
ғана дамиды деп ойлаймын. Өйткені, ақыл-ойға, сөзге, тілге қысым жасалса,
шек қойылса, ақындар мен шешендер сөйлей алмайды, сөз өнері де тоқырауы
әбден мүмкін.
Мына мәліметке көңіл аударыңызшы.
«... Майқы Мәнұлы өз заманында бүкіл қазақ атаулыны билеген, билеу
үстінде әділдік орнатқан, қара қылды қақ жарған адам болыпты. Майқыны
заманында «Қарқуардай Майқы» дейді екен. Өйткені ол да шешендігіне
байланысты болса керек. Қарқуар деген құс ертеден сайрағаннан талмай,
түннің бір шамасында ғана сайрауын қояды екен. Содан екі бие сауым ғана дем
алып, таң құлан иектене қайта сайрайды екен» деседі. Міне, Майқы атамыз
сондай шешен болыпты.
Аузы дуалы Төле, Әйтеке, Қазыбек сияқты үш бидің төрелігіне кім
тайталаса алсын?! Олардың орны бір төбе. Астарлап сөйлегенде айласын
асырған қайран шешендерім-ай!
Келген бір елшінің ұсынысын естігенде, үш би өзара астарлап
сөцлесіпті. Бірінші би: «Мына көлдің алар ма еді қазын атып?»- десе, екінші
би: «Оғың босқа кетпесін жазым атып»,- депті. Сонда үшіншісі тұрып:
«Құтылмастай бәлеге қап жүрмейік, суға келген перінің қызын атып»,-деген
екен. Үш би мәмілеге келіп, елшіні өлтіріп, жағдайды ушықтырмай, өзара
түсінісіп, елшіні жолға салған екен.
Осындай шешендерді тілдің терең сырына, тіл байлығына қанып, оны
сілкілескенде сілтей білетін, аса дарынды кісілер деп құрметтеген. Бөлтірік
шешеннің баласына айтқан сөздерін де оқығанда өзіме үлгі тұтуды мақсат
еттім. Ол бай баласына ренжіген баласын сөзбен тоқтатып былай дегенінде
қаншама көрегендік бар?
Жаман сөзден жақсы сөз дұрыс,
Жаманға айтқан сөзден,
Жақсыға айтқан сөз дұрыс.
Ойсыз сөзден ойлы сөз дұрыс,
Айтылмай қалған сөзден,
Айтылып қалған сөз дұрыс.
Міне, осы сөздердің тәрбиелілігі, көрегендігіне қалайша бас имессің?!
Халық сөзі – қуатты құрал.
Аса сөйлегенді қайтарып, екі жүздіні әшкерелеген де халық сөзі.
Кейінгі ұрпаққа ақыл айтып, тұнық көл секілді тәтті сөздің былғанбауын
тілеген. Адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеуде осы шешендік өнер – жол
бастаушы болған. «Сөйлесең сөйле, қызыл тіл» демекші, ұрпағының адал, әділ
болуына ықпал етуі де – жақсылық нышаны. «Көп білемін деме, көпшіліктен
артық білмейсің» дейді халық.
Кісімсіну, өркөкіректік, менмен, кекшілдік – адамның жанасымсыз,
жағымсыз қылықтары екендігіне де дәлелді шешендік сөздер баршылық.
Ұсақ-түйек көңіл-кірбіңдерін кек тұтпау керектігін халық сөзінен
үйрендім десем болады.
Ас тасыса, қатығың төгіледі,
Ашу тасыса, ақылың төгіледі,- деген
сөздерде қаншама ұлағат бар!
Нағыз шешен қандай да сый-құрметке лайық. Ұрпақ алдындағы
жауапкершілігін сезінетін парасатты қариялар болашақта елге басшы, үлгі
болғысы келетін жастың өзіне қатал талап, қарсы сұрақ қойған. Ащы әзілмен
тиісіп, айтысқа шақырған, ар-намысын барлаған. Кішігірім дауға қатыстырып,
адалдық-адамгершілігін сынаған. Қандай тәрбие мектебі десеңізші! Кәдімгі
өзімізге білім беріп, оқытып, үйретіп, әлденеше сынақ алып, шәкірттерге
аттестат беретін қатал да әділ ұстаздарымыз тәрізді.
Әбден сыннан өткен, шыңдалған шәкірт қана ұстаз алғысына бөленбей ме?
Сол сияқты шешен шешеннен бата алып, жолын ашқан, ақ жол, даңғыл болашақ
сілтеген.
Ақындар секілді шешендерді баулып, ұядан ұшыратын ұстаздары – көне
көз, кәрі құлақты қариялар азайып бара ма деген қорқынышым да жоқ емес.
Өнер үйренгісі келетін жасқа үйретуден танбай, өміріне мұрагер, өзіне
шәкірт дайындаған ата-дәстүріміз жоғалып, жойылмаса екен деймін. Көшпелі
елдегі халықтық шешендік мектеп көшелі елдің тұғырынан түспегей деген балаң
ойым бар.
Асыл маржан ару мойнына, алмас қылыш ер қолына жарасатыны сияқты сөз
асылы да өз орнында құнды. Теңіз тербеп, тереңінде шайқаған інжу-маржандай
ғасырлар бойы халық жадында сақталып, көптің көкейіне орнаған, халық
талғамын өтеген шешендік сөзднрдің тәрбиелік мәні зор. Оны керекті жерінде
жаңартып, жасартып, кәдеге жарату, әлденеше ұрпаққа жаттап жеткізуді
армандаймын.
Қара қылды қақ жарған әділдік күшті!
Қызыл тілден бал тамған шешендік күшті!
Қылыштан қорықпаған адалдық күшті!
Ардан аттамаған адамдық күшті!
Шалқыған шабыт, толқыған сезім, өткір қиял осылай дейді. Сөз махаббат
отын да тұтатады. Сөз адамдарды алдаусыратады да, арбастырады да,
жауластырады да
Ал менің көңілім – ақ, сезімім – пәк. Шын балалық ойым шырайлы шығып
жатса, мен – ең бақытты жанмын. Менің байлығым – тілім, ұлтым. Төгіп-төгіп
төпелеп жіберер халқымның бойындағы шешендік қасиет дарыса, ол ата-баба
қанымен жеткені деп бағалар едім. Ұлттық қазынаның қазаны ортаймағай, ел
еңсесі биік, ұрпағы – ұлдары көсем де шешен, қыздары әсем де абыройлы
болғай!
Ағатаева Балдырған
Жалау Мыңбаев орта мектебінің 10-
сынып оқушысы
Түпқараған ауданы
Маңғыстау облысы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz