Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Қосарлама қос сөздер. 6-сынып
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Ғ.Мұратбаев атындағы № 91 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Оразалы Айнұр Қоянбайқызы
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 6
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: І
5.Мұғалім: А. Оразалы
Сабақтың тақырыбы: Қосарлама қос сөздер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың күрделі сөз туралы лингвистикалық білімдерін
кеңейту, қос сөздерді жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, жаттығу,сұрақ-жауап, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелер
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын
тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін
сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Сөздің морфологиялық тұлғасына қарай бөлінуі
2. 89-жаттығу
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Кейде екі сөз қайталанып не қосарланып, бір лексикалық мағына береді.
Мұндай сөздерді қос сөздер деп атайды.
1. Қос сөздің сыңарлары мағыналық жағынан байланысы бар, бір тектес
заттардың аттарынан, синоним сөздерден, кейде антоним сөздерден жасалады.
Мысалы: сауыт-сайман, көрпе-жастық, ыдыс-аяқ, үлкен-кіші, жақсы-жаман, алыс-
жақын
2. Бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз болып келеді.
Мысалы: арық-тұрық, кедей-кепшік, көйлек-көншек
3. Екі сыңары да мағынасыз болып келеді.
Мысалы: ығы – жығы, анда-санда, қым-қуыт, алба-жұлба
4. Сыңарлары әр түрлі сөздер болып келеді
Мысалы: ғылыми-ағарту, этно-мәдени, ғылыми-көпшілік
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Ертегіге құрылған тапсырмалар
Құтқарушыға талап қою.
• Қос сөздің ережесі
• Қос сөздің түрлері
• Қайталама қос сөз деген не?
• Қосарлама қос сөз қалай жасалады?
1. Ж ы л д а м ә р і с а у а т т ы
Қос сөздерді құрастырып, желімдеу.
Топ мүшелерінің екіншісі ауызша сөйлем құрауы керек.
[pic]
2. Мен мұны білемін!
1. Сыңарлары әр түрлі сөздерден болған қос сөзді табыңыз.
А) жеңіл-желпі
В) ары-бері
С) аппақ-аппақ
Д) ғылыми-көпшілік
Е) көрші-қолаң
2. Сыңарлары антонимдес қос сөзді табыңыз
А) уақ-түйек
В) құрбы-құрдас
С) жасыл-сары
Д) алба-жұлба
Е) кәрі-жас
3. Екі сыңары да мағынасыз қос сөзді табыңыз
А) ағалы-інілі
В) басқа-басқа
С) жекпе-жек
Д) оқта-текте
Е) жап-жасыл
4. Сыңарлары синонимдес қос сөзді табыңыз
А) ірілі-уақты
В) қысы-жазы
С) үлкен-кіші
Д) ағайын-туыс
Е) алыс-жақын
5. Бір сыңары мағынасыз қос сөзді табыңыз
А) апақ-сапақ
В) ұсақ-ұсақ
С) көйлек-көншек
Д) қазан-ошақ
Е) қауіп-қатер
3. Есімде тез сақтаймын!
Арық-тұрақ
Мұндағы жеке мағынада қолданылмайтыны - «тұрақ». Ертедегі түркі тілдерінің
жазба ескерткіштері сөздігінде тур-арықтау, ал туруқ- арық мағынасын
білдірген. Сөз түбірі ─ «тур» екендігі көрініп тұр. Қазіргі түркі тілдері
ішінде хакастарда «түре» қазақ тіліндегі арықтау сөзімен мағыналас.
Тоқты-торым
«Торым» деген сөз қазіргі моңғол, бурят, қалмақ тілдерінде тайлақ ұғымында
кездеседі.
Төре-төлеңгіт
«Төре» де, «төлеңгіт» те қазіргі тілімізде қолданудан қалып бара жатқан,
көнерген сөздер. «Төре» - үстемдік етуші әкімдер, ал «төлеңгіт» - төренің
күтушісі. Түріктерде «түлінгі», тува тілінде «түреңгіш» қалпында
дыбысталатын сөздер қайыршы, жарлы ұғымдарын береді. Дәлірек айтсақ «төре-
төлеңгіт» - «бай-жарлы» деген сөз .
Телі-тентек
Ертедегі түркі жазба ескерткіштеріндегі сөздерге қос сөздердің бір сыңары
«телу» тұлғасында көрініп, осы кездегі ақымақ, ақылы аз сөзінің орнына
жұмсалған. Қырғыздарда «тели» есінен адасқан, хакас тілінде – топас
мағынасын береді.
V. Үй тапсырмасын беру:
1. Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздердің бірінің шығу тегін зерттеу
VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VII. Сабақтың аяқталуы.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz