Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жол және мен

Сабақтың тақырыбы: <<Жол және мен>>
Сабақтың мақсаты:
1)Оқушылардың жолда жүру ережесімен таныстыру,жол қауіпсіздігін сақтауға,
көшеде дұрыс жүруге үйрету
2)Оқушылардың ой-өрісі,сана-сезімін,өзін-өзі ұстауын,көшеде дұрыс жүріп
3)Оқушыларды әдептілікке,байқағыштыққа,жолда,көшеде өздерін дұрыс ұстай
білуге тәрбиелеу
Көрнекілігі:жол ережесіне байланысты суреттер,нақыл сөздер,шартты белгілер
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Негізгі бөлім.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
-Оқушыларға тәрбие сағатының тақырыбын оқыту.(Жол және мен)
-Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Біз бүгін сабағымызда қонақтарға көшеде жүру ережесінен не білетінімізді көрсетеміз
(Есік қағылады)
Жол полициясы басқармасының инспекторы:
-Сәлематсыздар ма, балалар?
-Бұл қай сынып екен?
-Балалар, бүгін 1 <<Б>> сыныбында тәрбие сағаты өтеді дегенді естіп келдім. Мен сіздерге көше тәртібін қалай білетіндеріңізді білуге келдім. Көше тәртібін білеміз бе?
Мұғалім:
Қош келдіңіз, жол инспекторы,жайғасыңыз. Біздің оқушыларымыздың көше тәртібі туралы білімін көріңіз.
1-оқушы:
Шуақты өміріңіз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жолда жүру ережесін білмей тұрып.



2-оқушы:
Біздің еліміздің қалаларына, ауылдарына- бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да,үлкендер де,көлік жүргізушілері де бұлжытпай орындауы керек.
3-оқушы:
Жол жүру ережесі - Заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға.
Мұғалім:
Жұмбақ
Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін.
(Жол)
- Жол сөзіне дыбыстық талдау жасату.
- Жол дегеніміз не ?
(Ойларын сұрау)
Жол - қозғалыс үшін қолданылатын аумақ , көше , бұрылыс.Оның жол элементтері деп аталатын бөліктері бар.
-Жолдың қандай түрлері бар?
(Көлік пен жүргіншілерге арналған)
-Адамдар (жүргінші) қандай жолмен жүреді?
-Жолдан өткенде қайда қараймыз?
(Бағдаршамға)
-Бағдаршам туралы не білетінімізді айтайық.
4-оқушы:
Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың 3 топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

5- оқушы :
Қызыл жарық жанғанда,
Қалт тоқтай қал табанда.
6- оқушы:
Сары шамы жағылса,
Сақ, бол барынша!
7-оқушы:
Жасыл жарық - жол ашық,
Зымырай бер бел асып.
* Ал ,балалар, жолдан өткенде үнемі бағдаршам болмайды,сонда не істейміз?
8-оқушы:
Көшеде бағдаршам болмаса,
Кіс жоқ жол сілтер өзіңе.
Кідірме абыржып онда аса
Сенгейсің өзіңнің көзіңе.
9-оқушы:
Көшеде ортаға жеткенше,
Әуелі көзің сал сол жаққа.
Көшеде ортадан өткен соң,
Мойныңды бұр сол жақтан оң жаққа.
10-оқушы:
Жолдың кез-келген жерін кесіп өтуге болмайды,ол қауіпті. Жолды кесіп өту үшін жаяулар өткелінің шартты белгілері бар жерден өту керек.
11-оқушы:
Жолдың бір шетінен екінші шетіне өткенде асықпай.саспай өту қажет.Бағдаршам болса, жасыл жарықтың жануын күтеміз.
12-оқушы:
Көшеде ,жолда жүргенде жол белгілеріне қарап жүреміз.
13-оқушы:
Жол белгілері 4 топтан тұрады.Осы топтар туралы білетінімізді еске түсірейік.
14-оқушы:
Қып - қызыл үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен болам,
<<Қауіптен сақ бол>> деп сәт - сапар жолдаған.
15-оқушы:
Қызылмен боялған шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін,қаталмын салмақты,
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар,бағдарла көз салып жан - жақты .
16-оқушы:
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол, шартымды, міндетті орында.
17-оқушы:
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын.
Үн - түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.
Мұғалім:
* Ал, енді балалар жол полиция басқармасынынң инспекторы сендердің жол ережесі туралы білімдеріңнің қандай екенін білгісі келеді.
Жол инспекторы:
* Қала көшесімен жүргенде қандай жолмен жүреміз?( тротуар,жол жиегі)
* Мектепке келерде қандай жолмен келесіңдер?(ең қауіпсіз жолды таңдаймын)
* Жаяу адам өтетін жерде асфальтты жолда қандай белгі болады?(ақ жолақтар)
* Қай жерде ойнауға болады?(аулада,спорт алаңдарында,парктерде ойнауға болады)
* Автобус,троллейбус,газель тоқтайтын жер.(аялдама)
Инспектор:
* Балалар,сендердің жауаптарыңа риза болдым.Енді ата - аналарыңызды да сынап көрейікші, жолда жүру ережесін білу әр адамның міндеті ғой.

Ата - аналарға сұрақ
Инспектор:
1 <<Б>> сыныбының оқушылары да , ата - аналары да көшеде жүру ережесін жақсы біледі екен.Сіздерге ризамын.
* Ал, балалар,ата - аналар ,қонақтар!Көшеде жүру ережесін сақтау әрбір адамның міндеті екенін ұмытпай,көше ережесін сақтайық.Сау болыңыздар!
* Ал балалар,бүгінгі тәрбие сағатын аяқтай келе сіздерді, ата - аналарыңды көшеде, жолда жүру ережелерді сақтауға шақырамын.Үлгілі,тәртіпті оқушы жолда жүру ережесін бұзбайды.Сондықтан үлгілі,тәртіпті болайық.
19-оқушы:
Көшеде тек жүрелік,
Өзінше бұл да ерлік.
Ата - ана қынжылмасын,
Түсіріп ұнжырғасын.
20-оқушы:
Тіршілікті бағалайық,
Тәртіпті құп алайық!
Өмірдің бар қызығын
Күлкімен аралайық.
21-оқушы:
Бүгінгі мерекеміз
Айналсын шежіреге
Әр сәби құлағың сал,
Жол бойы ережеге.
22-оқушы:
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін!
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман!


Ұқсас жұмыстар
Жол парағы есептілік құжаты ретінде
Жол жолағының аяқталуы
Жол қозғалысы белгілері және қолдану
№ 2 мектеп-гимназияда жолда жүру ережесінің оқытылуы мен балалар травматизмі туралы мәлімет
Балаларға жұмбақтар
Қызыл түсті белгілері бар Қызылдар , жасыл түсті белгісі бар топ Жасылдар және сары түстілер - Сарылар тобы
Жолда жүру ережесін білеміз бе
Жол және біз
Сен және көше
Автомобиль жолдарының санаттары
Пәндер