PowerPoint бағдарламасына графикалық файлдарды енгізу: 10-сыныпқа арналған сабақ жоспары

Қызылорда облысы, Арал ауданы,
Қаратерең ауылы
№82 орта мектебі.
Жақсылықова Жаңагүл Жасанқызы
Пәні: Информатика Бекітемін:
Өткізілетін күні:
Сынып: 10
Пән мұғалімі: Жақсылықова Жаңагүл
Сабақтың тақырыбы: Power Point - қа графикалық файлдарды енгізу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Power Point редакторына әртүрлі графикалық суреттерді, диаграммаларды, жазулар мен сызбаларды орнату жолдарын үйрету;
Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс кезінде ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және техника қауіпсіздік ережесін дұрыс сақтай білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан - жақты дамыту;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдері: түсіндірмелі, практикалық, деңгейлік тапсырмалар - СДО
Қолданылатын құрал -жабдықтар мен көрнекіліктер: компьютерлер, бейнепроектор, электрондық оқулықтар
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі: 1. «Информатика негіздері» журналы
2. « Практикум» оқулығы
3. С. Т. Мухамеджанова «Ms Office бағдарламасы»
Сабақтың барысы:
І . Ұйымдыстыру кезеңі:
- Ұжымдық әрекет;
- Санитарлық - гигиеналық ережелерді сақтау әрекеті;
- Техника қауіпсіздік ережелерді сақтау әрекеті;
- Оқушылардың назарларын сабаққа аудару;
ІІ . Үй тапсырмасын сұрау:
І - кезең :«Бағдаршам» ( Сабақты сұрай кезінде оқушы өзінің қандай дайындықта екенін білдіру мақсатында картоннан жасалған ұзын таяқшасын көрсетеді. Таяқшаның бір жағы қызыл, екінші жағы жасыл болады. )
- Презентация ұғымы не деген мағына береді?
- Power Point бағдарламасын қалай іске қосамыз?
- Қандай терезе элменттерден тұрады?
- Power Point - та неше бейнелеу режимі бар? Қандай?
- Слайда орындалатын объектілер қандай?
- Жаңа презентация жасаудың неше әдісі бар?
- Power Point - та үлгітүрдің неше түрі бар?
ІІІ . Жаңа тақырыпты түсіндіру:
А) 1-3 деңгей тапсырмаларына мұғалімнің қысқаша түсініктемесі.
ә) Компьютерде өз бетінше деңгейлік жұмыстарды орындау.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
І - деңгей:
- Power Point бағдарламасын ашыңыз.
- Формат - фон командасын орындаңыз.
- Исключить фон образца пунктінде жалаушаны алыңыз және оң жақтағы үшбұрышты тышқанмен шертіңіз.
ІІ - деңгей:
- Способы заливки ді таңдаңыз. Рисунок жапсырмасын таңдаңыз
- Бір суретті таңдап ОК батрмасын басыңыз.
- Екінші бос бет құрыңыз. Беті Другие цвета бөлімі арқылы фон құрыңыз.
ІІІ - деңгей:
- Заголовок слайда өрісін өшіріп, І - оқу тоқсанының қорытындысы деп жазыңыз.
- Заголовок и объект бөлімінен диаграмманы таңдаңыз.
- Диаграмма өрісін толтырыңыз. «10 - сынып» деп сақтаңыз»
Сабақты қорытындылау:
Сұрақтар мен тапсырмалар арқылы сабақты бекіту.
Бағалау:
Үйге тапсырма беру: Графикалық файлдарды ендіру.
Жақсылықова Жаңагүл
Арал ауданы, №82 орта мектептің
ІІ санатты информатика пәні мұғалімі.