Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

Қанның құрамы мен қасиеттері. 8-сынып

Сынып: 8 Күні:

Сабақтың тақырыбы:§28. Қанның құрамы мен қасиеттері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Организмнің ішкі сұйық ортасы қан және қан жасушалары, олардың қызметі туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушыларды организмнің ішкі сұйық орталарымен таныстырып, алған білімдерін тиянақтап, одан әрі лабораторияларда өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға қан ауруларының алдын - алуға, тазалық сақтауға, адамгершілігі мол азамат болуға, алғырлыққа үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру
Сабақтың көрнекілігі:
І Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі: - оқушылармен амандасу
- сыныптың тазалығын тексеру
- сыныптың кезекшілігін анықтау
- оқушыларды түгендеу
- сабаққа дайындықтарын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Зардап шеккен адамға басқа адамның қан беруі оны өлімнен аман алып қалады. Ойланып, түсіндіріп беріңдер:
а) неліктен көп қан жоғалтқан адам қайтыс болады?
ә) адам өміріңдегі қанның қандай маңызы бар?
Сұхбаттасу барысында қанның организмдегі ең маңызды сұйықтық екені туралы қорытынды жасаймыз. Себебі ол түрлі қызмет атқарады: оттек пен коректік заттарды тасымалдайды, ыдырау өнімдерін шығарады, организм әрекетінің гуморальдық реттелуін жүзеге асыруға қатысады.



Қан неден тұрады? Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшеді.


ІІ Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі
Оқушылар жаңа тақырып бойынша өздері мақсат қояды.
-83185120015
Жұппен жұмыс. Әр топқа мәтін беріледі.
Қан - қан плазмасынан және формалы элементтерден тұрады. Формалы элементтерге - эритроцит, лейкоцит, тромбоцит (қан пластинкасы ) жатады.
Қан плазмасы - қанның барлық 55 - 60 % құрайтын түссіз сұйықтық, 90-92 % судан, 7 - 8 % нәруыздан, 2 % глюкоза, май, минералды тұздардан тұрады.Қан плазмасының нәруыздары глобулин (организмдерді бактериялардан қорғайды. Альбумин (плазмадағы су мөлшерін реттейді). Фиброноген (қанның ұюына қатысады.)
Плазма - су - 90-92%
- глюкоза - 0,12%
- май - 0,7-0,8%
- тұз - 0,9%
- сүт қышқылы
- ферменттер, гармондар
- нәруыз - 7-8% - альбуминдер (4,5% )
- глобулиндер (1,7-3,5%)
- фибриногендер (0,4%)
Фибриногендер - қанның ұюына қатысады.
- құрамынды фибриноген нәруызы болмайтын қан плазмасын - қанның сарысуы
(сыворотка) дейді.

Глюкоза - жасушалар үшін негізгі қуат көзі. Плазмада глюкоза мөлшері 0,04% -дан аз
болса, ми жасушалары қатты қозып, бұлшықеттер жиырылып, тырысып (судороги)
қалады. Қан жасушалары - эритроциттер (қанның қызыл түйіршікттері)
- лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары)
- тромбоциттер (қан пластинкалары)


76200-125095Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты
4,5 - 5 л. Қанның құрамы - плазмадан (55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады Қан плазмасы - қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі.
Ыдыста тұндырылған қанның екінші және үшінші қоңыр-қызыл
қабаты қан жасушалары.


Қанның құрамы - қан плазмасы және
қан жасушалары





3712845-443865
* Қанның құрамы плазмадан,
* қызыл және ақ жасушалардан тұрады.
* Қан жасушаларына - эритроциттер (қанның қызыл түсті жасушалары), лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады



Эритроцит - қанның қызыл түйіршіктері.Диаметрі 7 - 10 мкм - ге дейінгі екі беті ойыс диск тәрізді.Жетілгендерінде ядро болмайды.1 мм ³ қанда 4,5 - 5 млн эритроцит болады. Эритроцитте қанға қызыл түс беретін гемоглабин болады. Гемоглабиннің негізгі қызметі оттекпен көмірқышқыл газын тасымалдау.Эритроциттің тіршілік ұзақтығы 120 күн. Гемоглабин оттегімен қосылып оксигемоглабин түзеді. Гемоглобин оттектен басқа иіс газымен қосылып, карбоксигемоглабин түзеді.


Қан жасушалары:
1 - қанның эритроцит жасушалары

Адамның эритроциттерінің диаметрі 7,5 мкм, қалыңдығы 1-2 мкм. Қанның 1 мм3-де шамамен 4,5 - 5 млн, жаңа туған нәрестенің 1 мм3 қанында 6-7 млн эритроцит бар. 3 айдан соң оның мөлшері азайып, қалыпты мөлшерге (5 млн) келеді. Эритроциттердің қызыл түсі гемоглобинге (латынша <> - гемоглобиннің құрамында темір бар нәруызы жоқ бөлігі, <> - нәруызды бөлігі) байланысты. Гемоглобин - қанның қызыл түсті пигменті.
Гемоглобин құрамында темір (гем) және нәруыздық бөліктер (глобин) кіреді.
- қанның 1мм көлемінде 4,5-5млн эритроцит бар.
- олардың ортасы қысыңқы тегершік пішінді . Бұл эритроциттердің бетін 1,5 есе үлкейтеді
және газдардың мол көлемде алмасуына бейімірек келеді.
- орташа тіршілік ұзақтығы 120 күн.
- сүйектің қызыл кемігінде түзіледі.
- бауыр мен көкбауырда жойылып отырады.
- қызметі: өкпеден ұлпаларға оттегіні, ал ұлпалардан өкпеге көміртегіні тасымалдайды.
Нв + О2 = НвО2 (оксигемоглобин)
* Қандағы эритроциттер санының кемуінен, гемоглобин мөлшерінің азаюынан.
2. Адамнан көп қан кеткен жағдайда.
3. Интоксикацияда.
4. В12 витаминінің жетіспеуінен де болады.
Мәтінді жұппен талқыланады. Сынып екі топқа бөлініп, бір - біріне өз мәтіндері бойынша түсіндіреді. Түсіндіріп болған соң, тапсырмаларды орындайды.


№1 тапсырма. Дұрыс жауапты таңда
□ плазма - қанның мөлдір, түссіз сұйықтығы;
□ плазма құрамында
58 - 70 % су бар;
□ плазма құрамында
90 - 92 cу бар;
□ плазма құрамында 0,2 - 1,8 % cу бар;
□ фибриногені жоқ қан плазмасы сарысу деп аталады.
□ плазма құрамында
7 - 8% нәруыз бар;
□ плазма барлық қанның
55% - ын құрайды;
□ плазма барлық қанның
65% ын құрайды;

№2 тапсырма. Эритроциттерге тән қасиеттерді таңда.

1) Қызыл қан жасушалары;
2) 1 мм[2] қанда олардың 6 - 8 мыңы бар;
3) 1 мм[2] қанда олар 4,5 - 5 млн болады;
4) Сүйек кемігінде түзіледі;
6) Қызметі - қанды ұйыту;
7) Тіршілік ұзақтығы - 120 тәулік;
8) Ядролық жасушалар;

№3 тапсырма. Мәтіндегі бес қатені тап, олардың астын сызып, дұрыс жауаптарын сәйкес рамкаларға жаз.

Эритроциттер - қызыл қан жасушалары. Олар өте кішкентай. 1мм2 қанда олардың 10 млн болады. Бұл - өз беттерінше қозғала алмайтын, шар пішіндес жасушалар. Жасушалардың ішінде нәруыз бен мыстың қосындысы - гемоглобин бар. Эритроциттер көкбауырда түзіліп, сүйек кемігінде бұзылады. Олардың негізгі қызметі - нәрлі заттарды тасымалдау.

Проблемалық сұрақ
Тұрмыстық газ бен пештегі отын толық жанбаған кезде түзілген иіс газы гемоглобинмен берік химиялық қосылыс түзеді. Осы газбен ұзақ уақыт тыныс алғанда, адам неліктен өліп кетеді?
3670300270510Қорытынды: Тест жұмысы
1.Қан жасушаларын ең алғаш көрген және <<қан шарлары>> деген атауды берген ғалым? (А.Левенгук)2.Плазма деген не? (қанның сұйық бөлігі)3.Гемоглабин деген не? (қанның қызыл пигменті)4.Қан айналым мен қан жүйесін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? (Гемотология)5.Организнің ішкі ортасына не жатады? (қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа )6.Қанның 1 мм³қанша эритроцит болады? ( 4,5 - 5 млн)
IV Үй тапсырмасын беру кезеңі: §28.оқу, 105 беттегі кесте толтыру
V Бағалау. Оқушылар оқу парақтарының ұпай санымен бағаланады.

Бағалау парағы
Сынып ________________________________________________________
Оқушының аты - жөні: ___________________________________________

Үй жұмысы
Жұппен жұмыс
Топпен жұмыс
Тапсырма
Тест
Жалпы ұпай
Жинаған ұпай
Жалпы ұпай
Жинаған ұпай
Жалпы ұпай
Жинаған ұпай
Жалпы ұпай
Жинаған ұпай
Жалпы ұпай
Жинаған ұпай

1




5


10


5


1

Барлығы:

Бағалау критерийі:
20 - 22 ұпай <<5>>
17 - 19 ұпай <<4>>
12 - 16 ұпай <<3>>


Ұқсас жұмыстар
Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері туралы ақпарат
Қан құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер
Жүректің құрылысы
Қан топтары
Лейкоциттер.Тромбоциттер.Қанның ұюы
«адам физиологиясы» тақырыбындағы қолданбалы курстың бағдарламасы
Қан топтары қан құю тақырыбы
Ағзаның ішкі ортасы.Қанның құрамы. Плазма және формалы элементтер
Металдар жəне бейметалдар
Иммунитет, иммунитет түрлері . ЖИТС
Пәндер