Ms word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері. 8 сынып

\\1-ПК\Users\Public\cайтка сабак\Жумабекова Мадина Оразхановна.jpg

Павлодар облысы

Лебяжі ауданы

Малыбай жалпы орта білім беретін мектеп

Информатика пәнінің мұғалімі

Жумабекова Мадина Оразхановна

Сабақтың тақырыбы: MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері.

Сынып: 8

Мерзімі:

Сабақ мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларды Word мәтіндік редакторында графикалық объектілермен жұмыс жасау әдістерімен таныстыру

Дамытушылық: Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктерімен деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып, оқушылардың шығармашылық ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: топтық жұмыс арқылы сыныптағы өзара ынтымақтастық қарым-қатынасты қалыптастыру

Сабақтың түрі : түсіндіру элементтері бар практикалық сабақ

Құралдар : оқулық, компьютер, интербелсенді тақта, стикер, кластер, түрлі-түсті маркерлер

Әдіс-тәсілдер : диалогтік оқыту, жұптық, топтық жұмыс

Оқытудың нәтижесі :

  • оқушылар Word мәтіндік редакторында сурет кірістіру командаларын білулері керек
  • Автофигуралардың көмегімен суреттерді кескіндей алулары керек
  • Өз ойын еркін жеткізіп, дәлелдей алулары керек

Сілтеме : Е. В. Шевчук, Н. С. Кольева «Информатика» 2012 жыл, §24-25, 89-92 беттер

Сабақ кезеңдері, уақыт
Модуль, әдіс-тәсіл
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Сабақ кезеңдері, уақыт:

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Модуль, әдіс-тәсіл:

ОжОЖТ

ЖЕСО

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Сыныпты түгендеу

Амандасу, психологиялық ахуалды орнату

Шаттық шеңберіне тұру, жылы лебіз айту

Топтастыру

Сурет қиындыларын жинастыру арқылы екі топқа бөлу

Топ мүшелерінің міндеттерін айтып, өзара сайлау

Қолбасшы - жұмысты басқарады

Таймкипер - уақытты басқарады

Баяндаушы - атқарған жұмысты қорғайды

Бағалау парағын тарату Толтыру тәртібін түсіндіру

Оқушылардың іс-әрекеті:

Сынып старостасы сыныпты тізім бойынша түгендейді.

Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздер айтады

Топтастыру

Сурет қиындыларын таңдап, жинастырып екі топқа бөлінеді.

Әрбір топ мүшелерінің міндеттерін бөліп алады:

Қолбасшы - жұмысты басқарады

Таймкипер - уақытты басқарады

Баяндаушы - атқарған жұмысты қорғайды

Бағалау парағын алады

Сабақ кезеңдері, уақыт:

Үй тапсырмасын тексеру

5 мин

Модуль, әдіс-тәсіл:

ОүБжОБ

(жеке-дара жұмыс)

ОмОЖТ (жұптық жұмыс)

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Тест жұмысын орындау

Тест жұмысын орындап болған соң, екі-екіден жұпқа бөлініп, бір-бірінің тест жұмыстарын тексеру

Тест жауаптары

Оқушылардың іс-әрекеті:
  1. В
  2. D
  3. B
  4. A
  5. A
  1. D
  2. C
  3. B
  4. C
  5. A

Тест жұмысын орындайды

Тест жұмысын орындап болған соң, екі-екіден жұпқа бөлініп, бір-бірінің тест жұмыстарын тексереді

Сабақ кезеңдері, уақыт:
Модуль, әдіс-тәсіл:
Сабақ кезеңдері, уақыт:

Білу

2 мин

Модуль, әдіс-тәсіл:

ОмОЖТ

(диалог)

ТжДБО

СТО

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында оқушыларға шар, куб, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, түзу сияқты геометриялық фигуралар көрсетіледі беріледі.

Бұл қандай фигуралар?

Оларды қайда кездестіреміз?

Біздің сабағымызға қандай қатынасы бар деп ойлайсыздар?

Сонда біздің сабағымыздың мақсаты қандай?

Өте жақсы балалар, дұрыс айтасыздар.

Біз бүгін сабақта мәтіндік редактордың графикалық мүмкіндіктерімен танысамыз

Оқушылардың іс-әрекеті:

Геометриялық фигуралар

Тұрмыста (люстра, парта, қабырға, шатыр және т. б)

Геометрияда

Word-та осы фигуралардың көмегімен сурет саламыз

Wоrd-та геометриялық фигуралармен жұмыс жасауды үйрену

Сабақ кезеңдері, уақыт:

Түсіну

6 мин

Модуль, әдіс-тәсіл:

СТОҮ

ОмОЖТ

(топтық жұмыс)

Мұғалімнің іс-әрекеті: Екі топқа жаңа тақырып бойынша оқу материалдары беріледі, әр оқушы жеке оқып, топта талқылайды. Кластерге түсіріп, топтар алдында өз кластерлерін қорғайды, өз түсінгендерін айтады
Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушылар берілген оқу материалдын оқып, топта талқылайды. Кластерге түсіріп, топтар алдында өз кластерлерін қорғайды, өз түсінгендерін айтады
Сабақ кезеңдері, уақыт:

Қолдану

17 мин

Модуль, әдіс-тәсіл:

АКТ

Жеке-дара жұмыс

Жеке-дара жұмыс

(2 мин)

Жеке-дара жұмыс

(5 мин)

ТжДБО

(8 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті:

І - деңгей

Практикалық тапсырма №1

(2 мин)

1. Компьютерді іске қосып, MS Word 2007 бағдарламасын жүктеу. Ол үшін: Пуск- Все программы- Microsoft Office - MS Word 2007 комнадасын орындау немесе жұмыс үстеліндегі MS Word 2007 жарлыққа екі рет шерту

2. Жұмыс үстеліндегі 8-сынып қапшығынан Жайлау. jpeg суретін таңдап, тышқанның оң жақ батырмасын басу, шыққан Динамикалық менюденКопировать командасын орындау.

3. MS Word 2007 бағдарламасына өтіп, Главная - Алмасу буфері меню жолынан Вставить батырмасын басу.

4. MS Word 2007 құжатында жайлау суреті пайда болады.

5. Суретті ортасы бойынша турала. Ол үшін: суреті белгіле, Главная - Абзац менюінен батырмасын таңда.

6. Жұмысыңды сақта. Ол үшін: Файл - Сохранить как командасын орындау, ашылған Сохранение документа терезесінде жұмыс істеліндегі 8-сынып қапшығын таңдап, Тапсырма-1 деп жазып, Сохранить батырмасын шерту.

4. MS Word 2007 бағдарламасын жабу. Ол үшін: Файл - Закрыть командасын орындау немесе батырмасын шерту.

Практикалық тапсырма №2

1. MS Word 2007 бағдарламасын жүктеу. Ол үшін: Пуск- Все программы- Microsoft Office - MS Word 2007 комнадасын орындау немесе жұмыс үстеліндегі MS Word 2007 жарлыққа екі рет шерту

2. Вставка - Иллюстрации - Клип командасын орындау

3. Клип қосымша терезесі ашылады.

4. Искать бөліміне ПРИРОДА деп жазу, начать батырмасын басу.

5. Шыққан суреттер ішінен өзіне ұнағанын таңдап, тышқанның сол жақ батырмасымен бір рет шерт.

6. Жұмыс аймағына сурет кірістіріледі.

7. Жұмысыңды Тапсырма-2 деген атпен жұмыс үстеліндегі 8-сынып қапшығына сақта

ІІ - деңгей

Практикалық тапсырма №3

1. MS Word 2007 бағдарламасын жүктеу

2. Вставка - Иллюстрации - Фигуры командасын орындау

3. Фигуры бөлімшесі шығады, қажетті фигураны таңдап, "Киіз үй" суреттін салу

4. Вставка - Текст - Word Art командасын орындау

5. Word Art фигуралық мәтін коллекциясынан өз талғамына байланысты таңдау

6. Изменение текста Word Art терезесіне "Киіз үй" мәтінін теріп,

Ок батырмасын басу.

7. Жұмысыңды Тапсырма-3 деген атпен жұмыс үстеліндегі 8-сынып қапшығына сақта

ІІІ - деңгей

Практикалық тапсырма №4

1. WordArt фигуралық мәтін, Автофигура және сурет кірістірулер арқылы 8-наурыз мерекесі қарсаңында «Сүйікті анама» атты тақырыбында ашық хат (открытка) жасау.

2. Жұмысыңды Тапсырма-4 деген атпен жұмыс үстеліндегі 8-сынып қапшығына сақта

Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушылар компьютерге отырып, берілген практикалық тапсырманы орындайды
Сабақ кезеңдері, уақыт:

Сергіту сәті

3 мин

Модуль, әдіс-тәсіл: ОмОЖТ ЖЕСО
Мұғалімнің іс-әрекеті: «Эделвейс» жаттығуын орындау
Оқушылардың іс-әрекеті: «Эделвейс» жаттығуын орындайды
Сабақ кезеңдері, уақыт:

Талдау

3 мин

Модуль, әдіс-тәсіл:

СТО

(Венн диаграмма)

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Жасаған ашық хатты тағы қандай түрде жасауға болады?

Компьютермен және


Ұқсас жұмыстар
Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыс
Блоктарға мәтін енгіз
Мәтіндік редакторларды оқыту әдістемесі
Оқушыларға тапсырмалар беру
Microsoft word-та құжаттарды құру және форматтау
Microsoft Word редакторының негізгі элементтері
Мәтімді пішімдеу
Ms word мәтіндік редакторы
Фигуралық мәтін кірістіру
Жасаған жобаларына сәйкес бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz