Т. Кәкішевтің Мәңгі жасар өмір әңгімесіне арналған сабақ жоспары: Сәкен Сейфуллинді таныстыру және мәтінді талдау

Сабақтың тақырыбы : «Мәңгі жасар өмір. » Т. Кәкішев

Мақсаты : 1. С. Сейфуллин туралы оқушылардың білімін толықтыру. Әңгіменің негізгі

ойын, идеясын ашу.

  1. Оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау, көру, сезіну,

қабылдауын дамыту.

3. Халық жүрегінен мәңгі орын алған адамдарды құрметтеуге, елін сүюге

тәрбиелеу.

Типі: Жаңа білімді игеру.

Түрі: Интеграциялық сабақ.

Әдісі : Сұрақ - жауап, СТО, мәнерлеп оқу, мини - тест.

Көрнекілігі: оқулық, естелік кітаптар, суреттер, топтау, бейне таспа.

Пәнаралық байланыс: музыка, тарих.

Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Қызығушылығын ояту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру .

«Күлпаш» Б. Майлин

Экранда сұрақтар жазылған арқылы қайталап қортындылау.

1. Сөйлемді толықтыр.

Қазақтың аса ірі . . . Ол . . . облысы, . . . ауданында туған. Кейін . . . қаласындағы « . . . » медресесінде білім алған.

2. Әңгіме кейіпкерлерінің сыртқы бейнесін сипатта.

1 - қатар «Күлпаш бейнесі»

2-қатар «Қали бейнесі»

3 -қатар «Мақтым бейнесі»

III. Жаңа материал бойынша жұмыс .

  1. Ой қозғау.

«Мәңгі жасар өмір»-тақырыбын ашу барысында, осы сөйлемнің қандай мағына беретіні туралы сұрақтар беріліп, оқушы пікірі тыңдалады.

2. Мәтінмен жұмыс.

а) Сөздік жұмысы жүргізіледі. Оқушыларға мәтіннің әр бөлімін тізбектей оқыта отырып талданады.

Мәтіннің I бөлімі бойынша топтау стратегиясы құрылаады.

Қарағанды облысы Жаңақоған Әдебиет зерттеуші

қамқоршы Сәкен Сейфуллин ақын

Жазықсыз жала жабылған

жазушы «Туған ел» өлеңімен таныстық

Осы бөлімді оқи отырып, «ақталған», «халық жауы»т. б сөздерге мектептің тарих пәнінің мұғалімі Толқын әңгімесі тыңдалып, сол кездегі тарихи жағдайларға шолу жасалады.

Мәтіннің II бөлімін оқи отырып, талданғаннан кейін «Тау ішінде» әні музыка пәнінің оқытушысы Ә. Нұрғалиеваның орындалуында тыңдалып, мазмұны ашылады.

Мәтіннің III бөлімін оқи отырып, талданады. Қазақ халқының елім, жерім, тілім деп Отан үшін өз өмірлерін қиған тамаша адамдар жайлы айтылып, мәңгі жасайтын адамдар тізбегі құрылады.

Оқушылар кімдердің мәнгі жасайтынын туралы дәптерлеріне жазып, неліктен екенін ауызша айтып түсіндіріледі.

III Сабақты қорытындылау мини -тест экранда сұрақтар беріледі. оқушылар жауаптарын дәптерге жазады.

1.

2

.

3.

4

5.

Гүл күлтесін толтыру.

Қазақ халқының мақтанышына айналған есімдерді жаз.

IY. Б ағалау . Әр оқушы өзіне-өзі баға қойып, неге осындай баға қойғанын атап өтеді.

Y. Үйге тапсырма :

Әңгімені оқып, мазмұндау.

Абай ауданы, Қарауыл ауылында «Мәңгі жасар өмір» тақырыбында келетін кімдерді білесің?Неліктен екенін ізденіп жазып келу.

Бастауыш сынып мұғалімі:Әлімжанова С. Ғ.

Ш. Қ. О. Абай ауданы. Қарауыл ауылы

Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейі.


Ұқсас жұмыстар
3-сынып ана тілі сабағы: Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен Тұрсынбек Кәкішевтің Мәңгі жасар өмір шығармасы арқылы отансүйгіштік пен тіл мәдениетін дамыту
Т. Ахтановтың Күй аңызы әңгімесіне арналған сабақ: автор өмірі, күйдің шығу тарихы және әдеби-музыкалық талдау
Сәкен Сейфуллиннің Сыр сандық өлеңін талдау бойынша әдебиет сабақ жоспары
Сабақ жоспары: Сәкен Сейфуллиннің Наурыз өлеңі - әдеби талдау және ұлттық тәрбие
5-сыныпқа арналған кіріктірілген әдебиет сабағы: Сәкен Сейфуллиннің Ақсақ киік өлеңін талдау
Сәкен Жүнісовтың Кімнің мекені жақсы? әңгімесіне арналған 2-сынып интерактивті әдебиеттік сабағы
Көркем мәтінді оқу және талдау әдістемесі
Сәкен Сейфуллиннің Жер қазғандар повесіне арналған сабақ жоспары
Т. Айбергеновтің Аруана бауыр дүние өлеңіне арналған сабақ жоспары: мазмұндық талдау мен шығармашылық тапсырмалар
Интерактивті әдебиет сабағы: Сәкен Сейфуллиннің Сыр сандық өлеңін оқу және талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz