4-сынып қазақ тілі ашық сабағы: Етістіктің жіктелуі

Ашық сабақ. Қазақ тілі 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің жіктелуі

Сабақтың білімділік мақсаты : Сөз таптары тақырыбынан алған білімдерін тиянақтау. Етістіктің жекеше және көпше жіктелуі туралы түсінік беру . Жаттығу жұмыстарын орындату арқылы білімдерін бекіту. Сөздік қорын молайту.

Дамытушылығы : Білім алуға қызығушылығын ояту. Шығармашылық тапсырмалар арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, есте сақтау, жаттай білу қабілетін жетілдіру. Оқушылардың бір-бірін бағалауын ұйымдастыру.

Тәрбиелік мақсаты : Туыстық қарым- қатынасты ажырата білуге,, адамгершілік қасиеттерді сақтауға тәрбиелеу. Қоршаған ортаны, тірі табиғатты сүюге ынталандыру.

Сабақтың әдісі: Дамыта отырып оқыту. (сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы )

Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, өзін-өзінтану пәні

Сабақтың көрнекілігі:

а) « Сыйқырлы текше » тапсырмалары ( слайдта көрсетілген. )

ә) «Құндыз- бағалы аң» тақырыбындағы ғаламтор материалы

б) Әр оқушыға арналған үлестірмелі қағаздар

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру ( өзін таныстыру, сабақтың мақсатын айту)

2. Қызығушылығын ояту ( текше туралы білетіндерін естеріне түсіру)

(Математика пәнімен байланыстыру)

- Мынау қандай фигура ?

- Текше (куб)

- Оның неше жағы бар?

3. Өткен тақырыптардан алған білімдерін тексеру

«Сыйқырлы текше» бойынша (ба ладағы бар ақпаратты алу)

Слайд №1 ( текшенің І жағының тапсырмасы)

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

-Етістіктің жіктелуі дегеніміз не?

- Етістікке жіктік жалғауы жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі деп атаймыз.

- Етістік неше жақта жіктеледі?

- Етістік үш жақта жіктеледі.

-Жіктік жалғаулы етістіктер қандай сөйлем мүшесі болады?

- Баяндауыш

Қорытындылау

ІІІ Жаңа сабақ. ( күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазу )

Слайд № 2 (текшенгің ІІ жағы)

13-жаттығудың (ауызша)

Мақсаты:

а) етістікті табу

ә) қай жақта тұрғанын айту

б) 1-ші және екінші бағандағы сөйлемдерді салыстыру ( жекеше, көпше түрде жіктелетіндігін айту)

д) III жақта жіктік жалғауы болмайтындығы түсіндіріледі

Айтылуына қарай қандай сөйлемдер?

а) сөйлем мүшелеріне талдату арқылы жай сөйлем, жалаң сөйлем екеніне көз жеткізу

ә ) жіктік жалғауы басқа қосымшалар сияқты сөз бен сөзді байланыстыратын дығын ескерту

б) III жақта жіктік жалғауы болмайтындығы түсіндіріледі

Слайд № 3 ( Текшенің үшінші жағы )

14-жаттығу Дәптермен жұмыс Жаңылтпашты жатқа жазу

( жазу каллиграфиясына көңіл бөлу, есте сақтау қабілетін жетілдіру)

Үш егізбіз, үш егізбіз,

Асты бірге ішеміз біз.

Тапсырмасы : жіктелген етістікті табу, астын сызу, етістікті сөз құрамына талдау, ішеміз -көпше түрде 3-жақта жіктелген, егізбіз - 3 -ші жақта жіктелген зат есімдер

Егіз дегеніміз не? Үш егізді тағы қалай атауға болады?

( туыстық қарым- қатынас туралы, адамгершілік туралы мағұлматтар беру)

Сергіту сәті: Отбасы мүшелері бір- бірінің қимыл-қозғалысынан, бет әлпетіндегі ым- жымынан еркін түсініседі. Олай болса,

« Пантамимикалық » ойын ( оқушының зеректігін жетілдіру)

Ойынның шарты: (әр қатардан 1 оқушы шығып бетшеге жазылған тапсырманы іштей оқып, оны қимымен көрсетеді, қалған оқушылар қимылды мұқият қайталап, кімнің?ненің? қимылы екенін тауып айтады. )

Құс аспандап ұшты. Бала доп ойнады. Жүргізуші көлікті жүргізді.

Слайд № 4 ( Текшенің ІҮ жағы)

15-жаттығу (ауызша)

Мақсаты: Берілген сөздерге сөйлем құрау, жіктік жалғаулы сөздердің баяндауыш қызметін атқаратындығына көз жеткізу.

Тазалаймын, үйренесің, біледі.

Слайд № 5 ( Текшенің Ү жағы )

16-жаттығу Әр бағандарды салыстыру ( ВЕНН диаграммасы )

1-ші жақта жіктелген етістіктер: 2-жақта жіктелген етістіктер:

(оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту)

17- жаттығу Мәтінді түсініп оқу. Ат қою. Мәтін туралы білімдерін толықтыру. Етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын табу.

Дүниетану пәнімен байланыстыру

Грамматикалық талдау (Мәтіндегі 1-ші сөйлемді сөз құрамына талдау)

Құндыз-ақылды жануар.

Теориялық білінің маңыздылығы ( Ғаламтор материалдары)

«Құндыз - бағалы аң» (қоршаған орта мен табиғатты сүюге тәрбиелеу)

Слайд № 6 (Текшенің ҮІ жағы) Жинақтау әдісі.

Семантикалық карта

Тапсырманың түрі
Даладан
Жүрдің
Оқушымын
Тапсырманың түрі: Зат есімнің септелуі
Даладан:
Жүрдің:
Оқушымын:
Тапсырманың түрі: Зат есімнің жіктелуі
Даладан:
Жүрдің:
Оқушымын:
Тапсырманың түрі: Етістіктің жіктелуі
Даладан:
Жүрдің:
Оқушымын:

( Бірін-бірін бағалау әдісі арқылы жауаптарды тексеру)

4. Қорыту

5. Бағалау («Жүректен жүрекке» тәсілі бойынша оқушыларды тілек жазылған текшелер беру арқылы бағалап, оқушылардың болашақтарына жақсы ғұмыр тілеу)

Өзін- өзі тану пәнімен байланыстыру

6. Үйге тапсырма беру


Ұқсас жұмыстар
4-сынып қазақ тілі сабағы: Қоршаған ортаны қорғау және етістіктің жіктелуі
4-сынып қазақ тілі ашық сабағы: Кім болғың келеді? (Мамандықтар)
Бастауыш сыныптарға арналған қазақ тілі сабағы: Етістік және етістіктің шақтары
8-сынып қазақ тілі: тұйық етістіктің мағынасы, тұлғасы және оқыту әдістемесі
4-сынып қазақ тілі: Келер шақ - ашық сабақ жоспары
7-сынып қазақ тілі: Етістіктің шақтары - сабақ жоспары, жаттығулар және бағалау
7-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Етістіктің шақтарын қайталау - қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ жоспары: Қазақ тілі - етістіктің келер шағы
Ашық сабақ: 4-сынып, Қазақ тілі - Қос сөздер
4-сынып қазақ тілі сабағы: Біріккен сөз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz