Атадан қалған асыл сөз жайлы ақпарат

Менің жұлдызды сәтім!
Тақырыбы: «Атадан қалған асыл сөз».
Мақсаты: Оқушылардың рухани байлығын дамытыу, атадан қалған асыл сөздерді естерінде сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.
Жүру жоспары: 1. І-ші бөлім: «Тапқырлық» сайысы.
2. ІІ-ші бөлім: «Біліктілік» сайысы.
3. ІІІ-ші бөлім: «Танымдық өре» сайысы.
4. ІV-ші бөлім: «Үміткерлер» сайысы.
5. V-ші бөлім: «Зерде» сайысы.
Ойын шарты: Әр бөлім бойынша сайысқа түсушілер дұрыс жауап үшін жұлдызшалар алады. 2-ші және 3-ші бөлімнен кейін жұлдызшалары аз 5-ойыншы ойыннан шығады да, қалған 3- ойыншыдан біреуі 4-ші бөлімнен кейін шығып, екеуі соңғы бөлімде сайысып жеңгені «Менің жұлдызды сәтім» ойынының жеңімпаз болады.
Жүргізу барысы: 1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар!. Сіздерді «Жұлдызды сәт» ойынын тамашалауға шақырамыз.
2-жүргізуші: Біреуінің жүрегінде түгі бар,
Біреунің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.
Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: Мәңгі бақи есте қалар қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар сұрақтар қиын болсын.
2-жүргізуші: Ойынымыздың 1-ші бөлімі «Тапқырлық» деп аталады. Шарты : Сұрақ қойылғаннан кейін ойлануға 1-минут уақыт беріледі.
Тақтадағы 4-жауаптың біреуі қате, сол жауапты тауып «уақыттарыңыз бітті» деген кезде қате жауаптың номерін (көрсет) көтересіздер. Дұрыс жауап берген ойыншылар бір-бірден жұлдызшалар ұтып алады.
1-жүргізуші: 1-сұрақ. Қазақ әдебиетінің классиктерінен кімдерді «Үш бәйтерек» дейміз.
Дұрыс жауап: С. Сейфулин, Б. Майлин, І. Жансүгіров.
2-жүргізуші: 2-сұрақ. Шәкәрім «Үш анық» деп айтарлық үш нәрсе бар деген екен олар қайсылар.
Дұрыс жауап: Мінсіз сөз, Кірсіз ақыл, Адал еңбек
1-жүргізуші: 3-сұрақ. Діни аңыздарда Иса пайғамбардың неше шәкіртінің бірі сатқын болған.
Дұрыс жауап: 13-шәкірті сатқын болған.
2-жүргізуші: Жұмбақ: Құйрығы інге кірсе беті өртеген,
Илегіне ішегі тисе қатер төнген.
(элект пеші)
1-жүргізуші: Бұл жерге ешкім келмеді ермек үшін
Ойын-күлкі, өтірік термек үшін
Білмекке аталардың асыл сөзін
Келдім айтып оларды бермек үшін деп ойынымыздың 2-бөлімін бастаймыз.
2-жүргізуші: 2-бөлім «Біліктілік» деп аталады. Сұрақтарға кім жылдам белгісін көтерсе, сол жауап береді. »
- Үш байлық (ден саулық, ақ жаулық, он саулық) .
- Үш қуат (ақыл, жүрек, тіл) .
- Үш жаман (нақақ қан төгу, кісі малын нақақ алу, ата-бабадан қалған ж/ы б/у) .
- Үш тәтті (жан, жар, мал) .
- Жеті жұт (құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала)
6 . Жеті жоқ (жерде өлшеуіш, аспанда тіреу, таста тамыр, тасбақада талақ, аллада бауыр, аққуда сүт, жылқыда өт жоқ) .
7. Жеті ата (ата, әке, бала, немере, шөбере, немене, шөпшек) .
8. Жеті қазына(ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы) .
1-жүргізуші: Жұлдызшалары аз 3-ойыншы ойыннан шығады.
2-жүргізуші: Ойынымыздың 3-бөлімі «Танымдық өре» сайысы деп аталады.
1-жүргізуші: Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп кім табады кәнеки, жауабын мен білем деп, -келесі сайысымыздың шарты стол үстіндегі қима-кеспелерден қойылған сұраққа дұрысын іріктеп алу.
1-ойыншыға: «Үш көз» (су анасы-бұлақ, жол анасы-тұяқ, сөз анасы -құлақ) .
2-ойыншыға: «Үш тоқтам» (ақыл-арқан, ой-өріс, адам-қазық) .
3-ойыншыға: «Жеті амал» (күнің тоқырау, қарашаның қайтуы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, қыстың кіруі, адың толғаны) .
4-ойыншыға: «Жеті ғалам»(күншығыс, күнбойыншыатыс, түстік, терістік, аспан-жоғары ғалам, жер-орта ғалам, жер асты-төменгі ғалам ) .
5-ойыншыға: «Үш мұрат» (сауда мұраты-ұту, жол мақсаты-жету, дау мақсаты-біту) .
2-жүргізуші: Бұл ойынның соңынан жұлдызшалары аз тағы екі ойыншы ойыннан шығады.
1-жүргізуші: Келісейік айтыспай,
Бірігейік ренжіспей
Бөлінген мен жан-жаққа
Мақсатымыз бір жақта, -деп ойынымыздың келесі бөлімі «Үміткер» сайысын бастайық.
2-жүргізуші: Атаң қазақ болған соң
Жеті атаңды білген жөн
Жеті атасын білмейтін
Жетесіз ұлға күлген жөн, - дегендей жеті аталарыңды білесіңдерме? Кім айта алмаса ойыннан шығады.
1-жүргізуші: Ойынымыздың 5-бөлімін «Зерделілер» сайысын бастаймыз.
2-жүргізуші: Жүлде үшін жарыстың
Көрініп тұр әне мәресі
Сөйлемнен сөз тудырып
Байқайық кім Зерделі
«Менің жұлдызды сәтім» сөйлемінен сөз құрау кезек-кезек айтып, кімде сөз болмай қалса, сол жеңіледі.
1-жүргізуші: Бас қатырып бәріміз
Еңбектеніп терледік
Аяқтайық осымен
«Менің жұлдызды сәтім» ойынын
2-жүргізуші: Енді бізде айтарлықтай ешбір күмән қалмады.
Аталардың асыл сөзі сақталсын жадыңда
Осы айтқан біліміңді өз бойың да жйнақта
Дәріс берген ұстаздарды әрқашан да ардақта, - деп бүгінгі ойынымыздың, жеңімпаздарын құттықтаймыз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz