Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Кішкентай сәнқойлар – 2012
Тақырыбы: <<Кішкентай сәнқойлар - 2012>>
Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың бойына Наурыз мейрамын
құрметтеу, қастерлеу сезімін ояту. Өзін-өзі
таныстыра білуге үйрету.
2. Тәрбиелілік: Мейірімділікке,сабырлылыққа, жоғары
талғампаздыққа, адамгершілік жақсы қасиеттерге
тәрбиелеу. Үлгілі қыздарды мақтан ету.
3. Дамытушылық: Балалардың бойындағы өнері мен талабын
арттыру, есте сақтау қабілеттерін, қиялын, тілін
дамыту.
Көрнекілігі: Сайыс шарты, шарлар, гүлдер, нақыл сөздер, қоржын, асық,
ұлттық тағамдар т.б.
Өнерліге өріс кең
Онсаусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз
Тұла бойы тұнған бір өнер болар - ұрпақпыз
Біреу білмегенді, біреу білер.т.б.
Сайыстың шарты: 1. Таныстыру
2. Білгенге маржан
3. Ұлттық тағам
4. Шебер қолдар мен ептілер
5. Өнер
7. Сән үлгілерін көрсету
Жоспары: І. Кіріспе
ІІ. Арнау
ІІІ. Негізгі бөлім
1.Таныстыру
2. Білгенге маржан
3. Ұлттық тағам
4. Шебер қолдар мен ептілер
5. Өнер
6. Сән үлгілерін көрсету
ІV. Қорытынды
V. Үйге тапсырма
Барысы:
І. Кіріспе.
Қар астынын қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып Наурыз айы келеді. Наурыз айы - ұлы мерекелер айы. Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!
Еліміздің болашағы - білімді ұрпағында. Дамыған 50 елдің қатарында болу үшін бәсекеге қабілетті болу керек. Бүгінгі тәрбие жұмысы өздеріңнің өнерлерің мен білімдеріңді дамытуға, қабілеттеріңді арттыруға және жоғары талғампаз болуға септігі тиер деген үмітпен сөзімнің кіріспесін өлең шумақтарымен бастайын.
Әуезді ән, жаны раушан, күй жүрегі
Шел басқан сезімді де идіреді
Болғанда сәнқойлардың мерекесі
Гүл майысып, аспан да күлімдеді
Әркімнің де өмірден аласы бар
Аласы бар адамның данасы бар
Мерекесін құттықтап балалардың
Сәлем арнап жолдайтын өлеңі бар
ІІ. Арнау
Сәнқой қыздарға: Ойлы қызы халқымның
Отаным деп туады
Бос жібермей әр күнін
Ана жолын қуады
Сәнқой ұлдарға: Қанаттанса балапан
Қалайша ұшпайды
Әрбір бала, әр балақан
Мамасына ұқсайды
Барлығына: Уа, халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Сән қойларға арналған
Сайысты біз бастайық
Сайыс шартымен таныстыру
Оқушылардың рет номерін анықтау
(қоржыннан алынған асық номері бойынша төс белгілерін тағады)
№1. Каримтайқызы Аружан
№2. Дәулетханов Асқанбай
№3. Азатқызы Ләззат
№4. Төлегенов Жомарт
№5. Ерболатқызы Айғаным
№6. Кәрімтайұлы Ерасыл
№7. Кәрімтайұлы Нұрасыл
№8. Нұрғасым Айнаш
№9. Мұрат Айнұр (сәттілік тілеп, орындарына жайғастыру)
Қазылар алқасымен таныстыру
(іске кіріспес бұрын балалардың өнерін, еңбегін бағалайтын қазылар алқасымен таныс болыңдар)
Ырғызбаева Анар - тәрбие ісінің меңгерушісі
Мұхметова Раушан - мектеп алды даярлық тобының жетекшісі
Рахымберлина Назира - еңбек пәнінің мұғалімі
ІІІ. Негізгі бөлім.
1.Таныстыру
Гүл көңілің қуаныштан өрілді
Жанарыңнан жалын нұры төгілді
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен
Көпшілікке таныстыршы өзіңді
(кезекпен өздерін таныстырады)
№1. Каримтайқызы Аружан
Бақ сынап <<Айналайын>> байқауында
Аякөздей ауданыма барып келдім
Жұлдызым жанып талайлардың арасынан
Мектебіме І-орын алып келдім
Оқыймын сыныбында 4-нің
Көріп келем жетекшімнің тәрбиесін
Қатысқан <<Сәнқойлардың>> сайысына
Каримтайқызы Аружан мен боламын
№2. Дәулетханов Асқанбай
Жылан жылы туғанмын
Тұрсын апай мұғалім
Класта озат атанып
Белсенді болу арманым
Бәйге алып талай жарыстан
Жүзден жүйрік атанған
Бүгінде қалмай сайыстан
Кішкентай сәнқой мен болам
№3. Азатқызы Ләззат
Белсене қатысып сайысқа
Үлгісін көрсетіп, нұсқа
Оқушы <<Кішкентай сәнқой>>
Тәрбиелі екенін біліп қой
Жақсы оқу менің мақсатым
Жұлдыз жорамалым егіздер
Батыр қыз аттас - мені
Азатқызы Ләззат - деңіздер
№4. Төлегенов Жомарт
Мен Жомарт Жайықтың немересі
Ата мен апашымның мен еркесі
Сапалы білімменен тәрбиелеп
4-кластың біз серісі
Ұл - қызы класымның тату-тәтті
Білімі мен дарыны артып жатты
Оқу білім біздерге үйрететін
Ұстазым Тұрсын апай ұлағатты
№5. Ерболатқызы Айғаным
Оқушымын қатар туған өнермен
Қашанда сайыс десе елеңдеген
Иіліп ізетіммен сәлем берем
Бойымдағы жалындаған жігерммен
Ерболат пен Рыстыгүлдің баласымын
Көзінің ағыменен қарасымын
Қатысқан арулардың ішіндегі
Қызғалдақтай құлпырған Айғаныммын
№6. Кәрімтайұлы Ерасыл
Басымды иіп сәлем берем алдыменен
Жылдам ,жылдам қимылдайтын мен боламын
<<Кішкентай сәнқой>> сайысына қатысып
1-орынды алатын да мен болаын
Ең алдымен таныстырайын өзімді
Кәрімтайұлы Ерасыл деген жігітпін
Өлеңмен айтып әрбір сөзімді
Бұл сайыста жеңемін деп келіп тұрмын
№7. Кәрімтайұлы Нұрасыл
Бұл сайысқа келіп тұрған Нұрасылмын
Кластағы жақсы оқитын озат ұлмын
Әке ,шешем жақсы оқыған кезінде
Оларға да ұқсағым келеді ғой өзім де
Сайыста жолым болар деп үміттенемін
Толқымаймын өз-өзіме сенемін
Сіздердің алдарыңызда мен бүгін
<<Кішкентай сәнқой>> сайысында жеңемін
№8. Нұрғасым Айнаш
Үшқызылдың баурында туып өстім
Бұл менің Байқошқар деген туған жерім
Сайысқа түскелі тұр Айнаш қызың
Тәңірім қолда мені бүгінгі күн
Бикеш менің жұлдызым
Жылан жылы туғанмын
4- класта оқитын
Әдемі сәнқой мен боламын
№9. Мұрат Айнұр
Амандасам қазағымның салтымен
Мен мақтанам қазақ деген халқыммен
Алдарыңа келіп тұрмын мінекеи
Басымды иіп сәлем берем алдымен
Байқошқардай ұлы жерде туғанмын
Бүгін міне сәтті сайыс болған күн
Айнұр деген есімім бар әдемі
Құтты болсын әсем қыздар думан күн
(қазылардың бағасы сұралады)
2. Білгенге маржан
(салт-дәстүрге байланысты сұрақтарды қазылар алқасынан алып, оқып, ойланып жауап береді)
Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар
Жауаптарын таба ма екен балалар
Сол себептен қоятын сұрақтар бар - деп Білгенге маржан кезеңін бастаймыз.
Жүннен жасалған бұйым (киіз)
Ұлыс күні жасалатын тағам (наурыз көже)
Түйенің сүті (шұбат)
Қыста жейтін малдың етін не деп атайды? (соғым)
Қазақ қыздарының бас киімі (сәукеле)
Екі ақынның сөз өнерімен сайысы (айтыс)
Теріден тігілген киім (тон)
Төрт түліктің жайылымы (өріс)
Жылқы атасы (қамбар ата)
(қазылардың бағасы, пікірін тыңдалады)
3. Ұлттық тағам
(үй тапсырмасы уыз, ірімшік, қатық, айран, құрт, жент, қазы-қарта, шұжық, наурыз көже)
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған
Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын
Қазақ атты үлкен-кіші балдырған
(Үй тапсырмасы кезекпен қазылар алқасына ұсынылады. Әркім тағамның пайдасын, құрамын, қалай жасалатынын айтады. Қазылардың бағасы, пікірі тыңдалады)
4. Шебер қолдар мен ептілер
Түрлі түсті қағаздан қайшымен ою ояды
Түсті қағаздан бүктеп гүл жасап шеберліктерін көрсетеді
Жұмыртқа (піскен) тазалайды
Кортопты (шикі) тазалап өз аналарына қалай көмектесетіндіктерін көрсетіп, ептіліктерін байқатады
(қазылар алқасына бәрін сәндеп тапсырады) (қазылардың бағасы, пікірі
тыңдалады)
Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан
<<Шеше көрген тон пішер>> деген рас
Сәнқойларым шебер қолға араласқан
Шеберлерім өнер таып қолынан
Жаңылмаған ата-баба жолынан
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін
Біз айтайық төрелігін соңынан - дей келе шебер қолдар мен епттілер кезеңін бастаймыз.
5. Өнер
Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында - деп кезекті Өнер сайысына берейік.
№1. Каримтайқызы Аружан Ән: <<Аяулы анашым>>
№2. Дәулетханов Асқанбай Скетч: <<Әке мен бала>>
№3. Азатқызы Ләззат Ән: <<Көк тудың желбірегені>>
№4. Төлегенов Жомарт Күй: <<Би күйі>> К.Дүйсекеев
№5. Ерболатқызы Айғаным Би: <<Қара жорға>>
№6. Кәрімтайұлы Ерасыл Фокус: <<Сиқыр көрсету>>
№7. Кәрімтайұлы Нұрасыл Би: Брек биі
№8. Нұрғасым Айнаш спорттық өнер: Қарлығаш болып тұру
мостике түсу, көпірше жасау,шпагатқа
отыру
№9. Мұрат Айнұр Көркем сөз оқу
(қазылардың бағасы, пікірі тыңдалады)
6 Сән үлгілерін көрсету
Сымбатына сән киім жарасады
Ал көріктері аспанда аймен таласады
Өнеріне сәні сай келіп тұрған
Балаға ел қызығып таласады
Ал, халайық, ықыласпен демейік
Балалардың сән үлгісін көрейік
Сырыменен сымбатына қарап біз
Әділдікпен бағаларын берейік
(әркім өздері қалаған сән үлгісін жүріп көрсетеді, айтып қорғайды)
Мұғалім : Келді бүгін балалар сыналуға
Сыналып,үлкендерден үлгі алуға
Күтейік енді біздер нәтижесін
Берер деп қазыларымыз әділ баға - деп сөз кезегін қазылар алқ асына береміз.
(балаларды марапаттау, аталымдар беру)
Құрметті достар, балалар! Бәріміздің жиналып отырған себебіміз- дос құрбыларымызға қолдау көрсетіп, бірге қуану. Мұндай қолдауды әрқашанда тек достар ғана көрсете біледі. Ендеше қошемет көрсетіп отырайық!
Бас жүлде: << Кішкентай сәнқой бала>> №2. Дәулетханов Асқанбай
<< Кішкентай сәнқой ару>> №1. Каримтайқызы Аружан
<< Кішкентай әдемі сәнқой>> №8. Нұрғасым Айнаш
<< Кішкентай сүйкімді сәнқой>> №6. Кәрімтайұлы Ерасыл
<< Кішкентай шебер сәнқой>> №9. Мұрат Айнұр
<< Кішкентай күйші сәнқой>> №4. Төлегенов Жомарт
<< Кішкентай әнші сәнқой>> №3. Азатқызы Ләззат
<< Кішкентай өнерлі сәнқой>> №7. Кәрімтайқлы Нұрасыл
<< Кішкентай биші сәнқой>> №5. Ерболатқызы Айғаным
Сайыскерлерге көп рахмет. Жүлделерің қайырлы болсын!
ІV. Қорытынды.
Бойларыңда от бар екенін байқадым
Жүректерде шоқ бар екенін байқадым
Әрқашанда осы шоқты өшірмей
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым!
Ән қосылсын әніңе, сән қосылсын сәніңе
Ырысты боп жаңа жыл, бақ дарысын бәріңе
Ой қосылып ойыңа, бой қосылып бойыңа
Аман-есен жетейік, келер Наурыз тойына!- деген өлең жолдарымен аяқтағым келеді.
V. Үйге тапсырма:
<< Наурыз көже>> көрніске әзірлену.
Тілеубаева.Т.М.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz