Файл қосу

Тарих хақназар хан


Маңғыстау облысы,Бейнеу селосы,Үстірт орта мектебі.

Тарих пәнінің мүғалімі. Альжанова Алия

Сабақтың тақырыбы: Хақназар хан

Сабақтың мақсаты: Қазақ мемлекетінің Хақназар хан тұсындағы саяси
әлеуметтік

жағдайы, мемлекеттің қалыптасу
кезеңі туралы баяндай келіп,

оқушыларды өз халқының тарихын толық
меңгеруіне ықпал ету.

Дамытушылық мақсаты: Оқушының ойлау қабілетін дамыту, ұлтымыздың

алғашқы мемлекеттік
дәрежеге жетуі туралы тарихи

көзқарас қалыптастыр.

Тәрбиелік мақсаты: Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына
деген

құрмет сезімін
қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ-жауап, датамен жұмыс, тірек
сызба, топтастыру әдісі, тестпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Карта, есеп жазылған парақ, суреттер,жылжымалы
тақта.

Пәнаралық байланыс: География, математика.

Сабақтың барысы: І-ұйымдастыру бөлімі

ІІ-үй жұмысы

Оқушылар ынтасын сабаққа аударуға арналған сұрақтар қою

1.Қазақ хандығының іргесін қалаған кім?

(Керей мен Жәнібек)

1.Жәнібек пен Керей қай хандықтан бөлініп кетті?

(Әбілхайыр хандығы)

2.Қасым хан кімнің баласы?

(Жәнібектің)

3.Жәнібек пен Керейдің алғаш орда тіккен жері?

(Қозыбас, Батыс
Жетісу)

4. Жәнібек пен Керейге жер беруші хан?

(Есенбұға)

5.Қасым ханның заңы қалай аталады?

(«Қасым ханның
қасқа жолы»)

6. « Қасым хан тұсында қазақ хандығының астанасы қай қала болды?»

(Түркістан)

Дата мен жұмыс

|1 |1465-1466 |Қазақ хандығының құрылуы |
|2 |1511ж |Қасым хан билікті өз қолына алды. |
|3 |1541ж |Саид хан Шайбанилерге қарсы күресу үшін Қасым ханнан көмек |
| | |сұрады. |
|4 |1518ж |Қысам хан қайтыс болды. |

Үй тапсырмасын бекіту.

Қуатты ел болды
Әскерінің саны 300мың болды

Халықтың саны 1млн-ға

Түркістан Қазақ хандығының

астанасы болды
Дипломат

Орта Азияға

Қасымхан қасқа белгілі болды

жол заңын шығарды

Жаңа сабақ:

А) Хақназар ханның шығу тегіне сипаттама беру

Б) Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі саясаты

В) Хандықтың сыртқы саясаты

С) Қазақ-өзбек қарым-қатынасы

1) Хақназар ханның шығу тегіне сипаттама беру.

Ұрыс

Қасым хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандындағы дағдарыс ұзақ жылға
созылды. Себебі хандықтың ішіндегі талас тартыстар мен сыртқы феодалдық
соғыстардың ауыртпалылығы Қазақ хандығының бір шама әлсіретеді, құлдырай
бастайды. Қасым хан қайтыс болғаннан кейін болған хандар:

1. Мамаш 1518-1523ж

2. Тақыр 1523-1533ж

3. Бұйдаш 1533-1534ж

4. Қожа Махмұт 1534-1535ж

5. Тоғым 1535-1537ж. Бұл хандар тұсында қазақ хандығы ішкі-сыртқы
талас тартыс нәтижесінде хандықтың жағдайы төмендеп кетті.
Осындай саяси жағынан ыдырай бастаған қазақ хандықтарын
біріктіріп, оларды аймақтық жағынан ұлғайтуға,

Қазақ хандығының халықаралық жағдайы жақсартуға Қасым ханның баласы
Хақназар хан зор үлес қосты.

2) Хақназар хан Қазақ хандығы жерлерін қайта қалпына келтіру мен айналысты.
Хақназар батыста Ноғай Ордасымен, Оңтүстігінде Орта Азия халықтарымен
Солтүстігінде Сібір хандығымен іргелес жатқан Шайбани әулетімен сенімге
негізделген қарым-қатынас орнатты. Хақназар әкесі Қасым ханның жақсы
қасиеттерін алған. Ол өз алдына билік еткен Тақыр, Бұйдаш хандардың
қатесін қайталамауға тырысқан. Ел басқаруда сабырлылық танытып,
мемлекеттің пайдасы үшін дұрыс шешімдер қабылдап отырған. Хақназар хан
елін-жерін сыртқы жаудың шабуылынана сақтауға, халқының бірлігін
нығайтуға бар өмірін арнаған. Хақназар билік еткен кезде Қазақ
хандығының қуаты өсіп, саяси өрлеуі арта түсті.

3) Сыртқы саясатта.

Хақназар хан сыртқы саясатта Моғол хандығымен, Ноғай ордасымен, Орыс
мемлекетімен бейбіт қарым-қатынас жасауды өзінің басты міндеті санады.
Моғол хандығымен Жетісу-Ыстықкөл аумағындағы жерлер үшін күрес XVI
ғасырдың 50-60 жылдарында болды.

Бұл хандыққа қарсы күресте Хақназар қазақ-қырғыз одағынан пайдаланды. Бұл
соғыста қазақтар үшін сәтсіз аяқталды. Қазақтар мен моғолдар арасында
шайқастар мұнымен бітпенді. Абдар-Рашид мұрагерлері тұсында да соғыс
қимылдары саябырламады.

XVI ғасырдың 60-70 жылдарында Хақназар хан моғол ханына қарсы соғыстардағы
сәтсіздік және екінші жағынан жоңғарлардың шапқыншылық жорықтары салдарынан
Хақназар хан Жетісудың біршама жерін уысынан шығарып алды. Дегенмен 1570
жылдардың аяғында Жетісудың батыс бөлігі Шу, Талас өңірі оның билігінде
болды. Батыстағы Ноғай Ордасындағы маңғыт мырзаларының билік үшін таласқан
фиодалдық қырқысы үдей түсті. Бұл жағдай осы Ордадағы халықтың жағдайын
қатты күйзелтіп жіберді. Нәтижесінде Ноғай Ордасында наразылықтар күшейіп
орда құлдырап дағдарысқа тап болды. Ноғай Ордасы құрамындағы қаңлы,
қыпшақтар тағы да басқа көшпелі тайпалар Қазақ хандығына келіп қосылды.
Ноғай Ордасының ыдырауы орыс мемлекетінің шекарасын Қазақ хандығына
жақындата түсті.

4) XVI ғасырдың орта шенінде Қазақ хандығымен көршілес отырған Сібір
хандығы мен Моғолстан билеушілерінің қазақтарға қарсы шапқыншылық
жорықтары жиілеп кетті. Бұл тарихы жағдайды дұрыс түсінген Хақназар хан
Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті.

Ертеден жауласып келе жатқан Шайбани әулетімен қарым-қатынас жасауға
ұмтылды. Ташкент қаласын басып алуға бағытталған соғыс қимылдарын тоқтатты.
Сөйтіп, Бұхар ханы II Абдаллахпен қазақ ханы хақназар «Дос болып, өзара
көмектесу жөнінде ант беріскен шарт жасасты». Осы келісім шарттан кейін
соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады. Қазақтар мен өзбектер арасында
шаруашылық байланыс одан әрі өрістей түсті. Бұл саясат Қазақ хандығының
ішкі-сыртқы саясатын жақсартуға, шаруашылықтың оңалуына, өсуіне тиімді әсер
етті. Қазақ хандығы нығая түсті.

1579 жылы өзбек ханы Абдаллах пен Ташкент билеушісі Баба сұлтан арасында
билік үшін талас басталды. Хақназар хан бұл таласты пайдаланып, оларды
әлсірету үшін жасырын түрде екеуінде қолдайды. Өзін қолдағаны үшін Абдаллах
оған Түркістан аймағынан бірнеше қаланы сыйға береді. Баба сұлтанда өзін
қолдағаны үшін Түркістан, Сауран қалаларын Қазақ хандығына тарту етті.

Алайда 1580 жылы қазақ сұлтандарының Абдаллах ханды жақтамақ болған
әрекеттерін Баба сұлтан сезіп қалып, жансыздарын жіберіп Хақназарды және
сұлтандарын тегіс өлтіреді.

Бекіту кезеңі. «Математикалық ойын»

1. 728*2+9=1465 ( Қазақ хандығының құрылуы )

2. (324+43)*4=1468 ( Әбілхайыр хан қайтыс болды )

3. 342*4+215=1511 ( Қасым ханның билікке отырған жылы )

4. 299*5+23=1518 ( Қасым хан қайтыс болды )

5. (844*2)-150=1538 ( Хақназар ханның таққа отырған жылы )

6. 6633:33+1379=1580 ( Хақназар хан қайтыс болды )

7. 779*2-11+32=1579 ( Ташкент маңы билеушісі Баба сұлтан мен
өзбек ханы

Абдаллахтың билікке таласының басталуы )

Таңдамалы тестпен жұмыс.

| | | | | |
|№ |Сұрақтар |А |В |С |
| |Хақназар қазақ хандығын неше жыл | | | |
|1 |басқарды? |42 |40 |38 |
| |Хақназар хан тұсында Қазақ |Сібір хандығы|Ноғай Ордасы|Қытай |
|2 |хандығымен байланыс жасамаған ел? | | |мемлекеті |
| |Хақназар хан тұсында Қазақ | | | |
|3 |хандығының шекарасына ең көп көшіп |Ноғайлар |Башқұрттар |Ойраттар |
| |келген халық? | | | |
| |Қай мемлекеттің ыдырауы мен орыс |Орыс | | |
|4 |мемлекетінің шегарасын Қазақ |мемлекеті |Моғолстан |Өзбек хандығы|
| |хандығына жақындады. | | | |
| | | | | |
|5 |Ноғай Ордасы ыдырай бастаған кезең?|XVғас |XVI ғас |XI Vғас |
| | | | | |
|6 |Хақназар хан кімнің баласы? |Жәнібектің |Қасымның |Керейдің |

Қорытынды:

Қасым ханнан кейін әлсіреген Қазақ хандығының билігін қолына алған
Хақназар хан қазақ елінің еңсесін көтерді. Сыртқы жағдайларды ел мүддесіне
пайдалана білді. Хақназар хан қазақ халқын біріктіріп мемлекеттің нығайуына
ереше еңбек сіңірді. Хақназар ханның өз алдына билік құрған хандардан
ерекшелігі көп қырғын соғысқа бармай мемлекеттер аралық
дипломатиялықәдістерді жиі пайдаланыпе отырды. Ол ең алдымен өз төңірегіне
өте сенімді тату одақты ұйымдастыра білді. Қасым хан кезінде айбынын
асырған Қазақ хандығы іштей әлсіреген кезеңде билікті қолына алған Хақназар
хан елінің еңсесін көтерді. Сыртқы жағдайларды ел мүддесіне пайдалана
білді. Хақназар хан қазақ халқын біріктіріп, мемлекеттігін нығайтуға
айрықша еңбек сіңірді.

Үйге тапсырма беру: & 39 тақырыпты оқып келу

Бағалау кезеңі.

-----------------------
Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы 1511-1518 ж.ж

ЖОШЫ ҰРПАҒЫ

Ұрыс хан

Құйыршық хан

Барақ хан

Жәнібек хан

Қасым хан

Хақназар хан

Түркістан аймағындағы бірнеше қалалар Түркістан,Сауран Қазақ хандығының
құрамында еді

Көрші елдермен жақсы қарым-қатынас орнатты

Қасым ханнан кейін құлдырай бастаған Қазақ хандығының күш куатын арттырып
хандықты нығайтты

Шебер саясаткер

Қолбасшысы

ХАҚНАЗАР ХАН (1538-1580)

Ресей патшалығымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты

Қазақ хандары тарихында ұзақ жыл ел биледі

Ноғай ордасының ыдырауымен халықтың саны көбейді, шекарасы кеңейді


Ұқсас жұмыстар
Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы
Хақназар хан(1538-1580)
Xv-xvii ғ. қазақ хандығы қайталау сабағы
Есім хан (1598 - 1628 ж)
Қазақ хандығының басқару жүйесі
Қайталау Қазақ хандығының 16-17ғ дамуы Қазақ хандығына саяхат
Есім ханның ескі жолы
Есім хан тұсындағы қазақ хандығы
Орта ғасырлардағы Қазақстан
Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы, тұтастану тарихы
Пәндер