Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Сатылай кешенді талдау – тілдік материалды оқушыларға ғылыми негізде менгертудің бір жолы


Ақашева Қант Ақатқызы
Шет ауданы, Жарық орта
мектебі.
Сатылай кешенді талдау – тілдік материалды оқушыларға ғылыми негізде
менгертудің бір жолы.

Аннотация
В статье рассмотрена пути обучения новой технологии на уроках казахского
языка на научной основе

Annotation
In the article are considerate the ways of teaching new technology at the
lessons of Kazakh languages on the scientific foundation.

Адами ойлау, ізденімпаздық - табиғаттың адамзатқа берген тамаша
сыйы.Бұл қабілет барлық адам бойынан табылатыны сөзсіз. Дегенмен,
табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, ал
үшіншілеріне мүлдем жарытпай таратқаны да анық.
Қазір отандық педагог ғалымдар «Жаңа білім мазмұнының макромоделі
Мәдениет – Білім - Тарих үштағанына негізделуі тиіс» деген тұжырымды
ұсынып отыр. Ендеше әдістемелік жүйенің барлық бөлігін сабақтастыратын
ортақ тіл де осы болуы керек.
Мектептің негізі сатысындағы қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты -
оқушыға тілдің ғылыми негіздері жөнінде толық, аяқталған сипаттағы
тұтас білім беру, әдеби тіл нормасын меңгерту , ең бастысы, теориялық
білімнің практикалық дағдыларға база ретінде қолдануына басымдылық
беріледі.
Орта мектептерде оқу материалының әдістемелік жағына жеткілікті
дәрежеде көңіл бөлінбеуі танымдық қызмет тәсілдерін үйретуде кері әсерін
тигізеді. Оқу бағдарламаларында оқушылар меңгеретін білімімен дағдылар
ғана емес, сонымен қатар оқу пәнінің әдістемелік міндеттері де, яғни
меңгерілген білімді дағдыға іс-әрекет тәсілдеріне айналдыратын әдістер де
қамтылғаны дұрыс.
Тілдік талдау - оқушылардың тілдік материалды теориялық жолмен
жете меңгеріп, оны саралауға, білімді тиянақтауға, білімгерлердің танымдық
ынтасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін қолайлы тәсіл.
Қазіргі қазақ тілінде тілдік талдаудың фонетикалық , лексикалық,
сөзжасамдық , морфологиялық және синтаксистік түрлері жүргізіледі.Талдау
тапсырмаларын бере отырып, оқушылардың білімінде тиянақсыздық байқалып
жүрген күрделі, меңгеруде қиындық келтіретін тақырыптарға қоса көңіл бөлуге
мүмкіндік мол.
Осы тұрғыдан алғанда соңғы жылдары мектептер мен жоғарғы оқу
орындарының бағдарламаларына кеңінен енгізіле бастаған оқытудың жаңа
технологиясы бойынша тілдік материалдарды сатылай кешенді талдаудың маңызы
ерекше.Тілдің әр саласы оқулықта болсын, ғылыми еңбекте болсын белгілі бір
жүйемен беріледі.Тілдік талдау осы жүйені игере ала отырып сатылы түрде
жүргізіледі.
Сатылай кешенді талдау – тілдік материалды оқушыға ғылыми негізде
меңгертудің бір жолы. Бұл талдауда тілдік материалды белгілі бір жүйемен
орналастырған сызба басшылыққа алынады. Талдау кезінде дыбыстардың
ұқсастықтары , өзара жақындықтары айқындалады және талдау белгілі бір
тәртіппен жүргізіледі. Талдауды жақсы меңгерген оқушылар қазақ тілінен
грамматикалық ұғымдарды анық ажырата білуге дағдыланады . Мұндай талдаумен
жұмыс істеген оқушыға шығармашылық дағдыны қалыптастыру оңайға түседі.
Мысалы, өзім сабақ беретін 5 «Б» сыныбында дыбыс түрлерін өту барысында
оқушылар «Әріп жұмбақ» құрастыру ойынына белсене қатысып , шығарған
жұмбақтары баспа бетінде жарияланды. Ертегі құрастыру , жаңылтпаш құрастыру
секілді тапсырмаларды балалар белсене , ерекше ынтамен орындайды.
Мысалы: Қасқатай Аяжан деген оқушы «І» әрпіне былайша құрады:
Ешкіде бар ,
Қойда жоқ.
Есікте бар ,
Тойда жоқ. Шешуі: ( І әрпі )
Ал Жолшаринова Айдана былай деп жаңылтпаш құрайды:
Қара қарға қарда ,
Қарда жүр қарға.
Қар аппақ , қарға қара,
Қара қарғаға қара.

Немесе : Қалада бар аққала ,
Ауылда бар аққала.
Аққала мен ақ дала
Қосылса болар ақ қана.
Тіл дыбыстарының жасалуын , дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың
бір – бірінен айырмашылығы мен өзіне тән ерекшеліктерін математикалық
тәсілмен өрнектеудің ерекшелігі зор. Талдау кезінде дыбыстардың
ұқсастықтары өзара жақындықтары айқындалады және талдау белгілі бір
тәртіппен жүргізіледі.
Мысалы: «Ұстаздар» сөзінде қанша дыбыс бар , нешеуі дауысты, нешеуі
дауыссыз дыбыс? Анықтау керек: «Ұстаздар» = 0 ?
Шешуі: «Ұстаздар» сөзінде сегіз дыбыс бар , оның үшеуі дауысты , олар :
ұ , 2 а себебі, бұл дыбыстарды айтқанда ауа өкпеден ешқандай кедергіге
ұшырамай шығады . 5 дауыссыз дыбыс бар. Олар: с , т , з , д , р :
Математикалық тәсілмен төмендегідей өрнектеледі:
ұстаздар: = 8 0 = 3 ( ұ , 2 а )
5 ( с , т , д , з , р )

Тілдің қатысына қарай: 3 = 3 ( ұ , 2 а тіл арты немесе жуан
);

Жақтың қатысына қарай : 3 = 2 (2а) ашық ;
1 (ұ)
қысаң

Ерін мен езудің қатысына қарай: 3 = 2 (2а) езулік ;

1 (ұ) еріндік

Үн мен салдырдың қатысына қарай: 5 дауыссыз дыбыс (с , т , з , д , р ,)
;
5 = 2 ( с, т) қатаң + 2 ( з , д
) ұяң ;
1 ( р ) үнді

Айтылу , жасалу тәсіліне қарай :
5 = 2 ( т , д ) шырыл + 2 ( с ,
з ) ызың ;
1 ( р ) діріл

Жасалу орны мен дыбысталу мүшелерінің қатысына қарай:
5 = 2 ( с , з ) тіл , тіс дауыссыздары , Р тіл алды
;
5 сынып оқушыларына дыбыс түрлері, олардың толық сипатын
математикалық үлгіге салып талдау жүргізу оқушылардың дәл әрі тез ойлау
жүйесін дамытуға септігін тигізері сөзсіз, ал сатылай кешенді талдау буын
түрлерін, тасымал, екпін және үндестік заңдарын жеңіл меңгертуге
көмектеседі.
Мысалы: «Жаз» сөзіне талдау жасату былайша жүргізілді:
1. Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай жуан буынды сөз
себебі, сөздің құрамындағы дауысты дыбыс жуан дауысты.
2. Бұл сөз «жаз» болып бір буыннан тұрады. Себебі, сөздің құрамында
бір дауысты дыбыс бар. «Жаз» бітеу буын, себебі, буын дауыссыздан
басталып дауыссызға аяқталып тұр.
3. Бұл сөз тасымалданбайды. Себебі , бір буынды сөз
4. Бұл сөзде екпін (а) дыбысына түсіп тұр
5. Сөзде буын үндестігі жоқ . Себебі , түбір сөз
6. Сөзде дыбыс үндестігі жоқ.. Себебі, түбір сөз
Сатылы кешенді талдау оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыра
отырып , тілдік талдауды жасауға көп көмегін тигізеді, оқушылардың жылдам
әрі жүйелі талдау дағдыларын қалыптастыруда, дыбыстарды математикалық
тәсілмен мінездеме беру кезінде оқушылар өз ойын жинақтап айтуға,
математикалық бөлшек тәсілін дұрыс пайдалануға, дәл, нақты жауап беруге,
қандай орта болсын өзін еркін сезінуге мүмкіндік береді.
Бұл технология дидактиканың табиғилық, түсініктілік, ғылымилық,
жүйелілік, бірізділік, көрнекілік, саналылық пен белсенділік, жас
ерекшеліктерін есепке алу, теорияның практикамен байланысы ұстанымдарын
басшылыққа алады.
Қазақ тілін ғылыми негізде терең меңгермейінше, тілдің күрделі де
қиын пән екендігін жете сезіну қиын. Өз ұрпақтарымыздың оған жүрдім –
бардым, ат үсті қарауға болмайтындығын сезініп, тілімізді қоғамымыздың
барлық салаларында батыл енгізуге атсалысқанда ғана бүгінгі тіл мәселесі
жайлы дау – дамайларға нүкте қойылатындығына нақты көздерін жеткізу. Ол
үшін көп жылғы нәтиже көрсетіп отырғанындай, қазақ тілін бүгінгі таңда жаңа
технологиялармен оқыту он нәтиже бермек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н. Оразахынова «Сатылай комплексті талдау», Алматы 1992 жыл.
2. «Сатылай комплексті талдау» ( Оқушылардың лабораториялық жұмыстары) 3
кітап І бөлім –
Алматы 2003 жыл.
3. Н.А.Оразахынова , Ж.Т. Исаева , Г.С. Сүлеева. Қазақ тілі ( сөзжасам ,
морфология). Алматы 2004
«Арыс» баспасы.


Ұқсас жұмыстар
«тіл дамыту» қазақ тілі пәні бойынша вариативтік курстың бағдарламасы
Қазақ тілін оқыту технологиясы
Қазақ әдебиетінің тарихы
Кәсіби сала терминдерін білу
Компьютерлік талдау
Шоқан Уәлиханов – тұңғыш ғалым
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу стратегияларын қолдану арқылы мәтінге негіздеу принципін іске асыру
Қазақ тіл білімі лингвистика
«қазақ тілі мен әдебиетінен білім сапасын диагностикалау мен мониторингілеудің білім беру сапасын арттырудағы рөлі»
Күнтізбелік жоспар. Жаратылыстану- математикалық бағыт жайлы ақпарат. 10 сынып
Пәндер