Сабақ жоспары :: Биология
Файл қосу
Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы
Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы.
Сатыбалдиева Сауле Ибрагимовна
Алматы облысы
Жамбыл ауданы
Үлкен орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясымен
таныстыру.
2.Өз бетінше ізденіспен
шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де
сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
3. Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу
мәдениетін арттыру.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Әдіс:түсіндірмелі-мысалды,сұрақ-
жауап,тест тапсырмалары,есептер шығару Көрнекілік:интербелсенді
тақта,электронды оқулық Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын қайталау .«Кім жүйрік?» (сұрақ – жауап)
(флипчарт 1)
1.Г. Мендельдің 1865 жылы шыққан еңбегі қалай аталады?
2.Генетика ғылымы нені зерттейді?
3. Генетика ғылымының негізін қалаған ғалым?
4.Моногибридті будандастыруға анықтама
5. Генетика ғылымының жарыққа шыққан жылы?
6. Дигибридті будандастыру дегеніміз не?
7. Гомозигота ұғымын қалай түсінеміз?
8. Толымсыз доминанттылық мәні неде?
9. Полигибридті будандастыру мәні.
10.Мендельдің бірінші заңы
11.Дигибридті будандастырудың тәуелсіз ажырау заңдылығын түсіндір.
ІІІ.Оқушыларды жаңа материалды қабылдауға даярлау.
IV.Жаңа материалды түсіндіру:
1. Морган жылдары өзінің шәкірттерімен бірге жеміс шыбыны-дрозофилаға
тәжірибе жүргізді.Олбір хромосомада орналасқан гендердің бір-бірінен ажырап
кетпей ,көбіне бірге тұқым қуалайтынын анықтады.
2. Жетілген қанатты сұр шыбын BBVV мен жетілмеген қанатты қара
шыбынды bbvv алып будандастырды. F ұрпақтағы будандық даралардың
барлығы біркелкілік заңына сәйкес генотипі BbVv дигетерозиготалы,фенотипі
бойынша жетілген қанатты сұр денелі шыбындар болып шықты.Екінші ұрпақта
төрт түрлі фенотиптері бардаралар алынған.41,5 %жетілген қанатты сұр денелі
, 41,5% жетілмеген қанатты қара денелі шыбындар , ал 8,5% жетілмеген
қанатты сұр денелі және 8,5% жетілген қанатты қара денелі шыбындар болған.
[pic]
Тіркес тұқым қуалау құбылысы.
[pic][pic]
Кроссинговер. Дрозофиладағы кроссинговер.
3.Жұп хромосомалардың айқасып,нәтижесінде Х тәрізді фигуралардың
–хиазмалардың пайда пайда болуы хромосомалардың айқасуы немесе кроссинговер
деп аталады.Кроссинговерге ұшыраған хромосомалары бар гаметалар
кроссоверлі,ал ұшырамаған хромосомаларды кроссоверленбеген деп атайды.
V.Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру:
1.Ядроның құрамындағы хромосомалардың тұқым қуалаудағы ролін зерттеуде
қандай ғалымдар еңбек сіңірді?
2.Т.Морган не себептен ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі объектісі ретінде
дрозофила шыбынын алды?
3.Кроссинговердің мәні неде?
VI.Жаңа сабақты бекіту:
Қызықты генетикалық есептер шығару
1.Қара көзділік гені доминантты,көк көзділік гені рецессивті.Әкесі де
шешесі де гетерозиготалы қара көзді жұбайлардан көк көзді баланың дүниеге
келуі мүмкін бе?
А -доминантты қой көзді
а– рецессивті көк көзді
Р Аа х Аа
Г А а А а
Ғ АА Аа Аа аа генотип :1 АА : 2 Аа :1аа
Фенотип : 3 қой көзді , 1 көк көзді
2.Адамда қой көзді белгі көк көздіге қарағанда басым , ал оңқайлық
солақайлыққа қарағанда доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды.Бұл аталған
жұп гендер әртүрлі генде орналасқан.Көк көзді оңқай қыз көк көзді солақай
жігітке тұрмысқа шықты .Олардың төрт баласы болған , екеуі көк көзді оңқай
,екеуі көк көзді солақай .Шешесінің генотипі қандай?
А-қой көз В-оңқай
а-көк көз в-солақай
Р ааВв х аавв
Г аВ ав ав ав
Ғ ааВв ааВв аавв аавв
Генотип: 2 ааВв : 2 аавв
Фенотип : көк көзді оңқай ,көк көзді солақай .
3. Мылқаулықтың тұқым қуалайтын бір формасын анықтайтын ген дұрыс есту
геніне қарағанда рецессивті. Ата-аналарының екеуі де сау отбасында мылқау
бала дүниеге келген.Осы аталған отбасы мүшелерінің генотиптерін анықтаңдар.
А –доминантты дені сау
а- рецессивті мылқау
Р Аа х Аа
Г А а А а
Ғ АА Аа Аа аа
Генотип : 1АА : 2Аа :1аа
Фенотип : 3 бала дені сау ,1 бала мылқау
4.Егер ұрпағында ажырау 1ААВВ:2АаВв:1аавв көрсетсе ,ата-енелерінің
генотипі қандай болғаны?
А.ААВВ х ааВВ Р АаВв х АаВв
Ә.АаВв х АаВв Г АВ ав АВ ав
Б.ААВв х АаВв Ғ ААВВ АаВв АаВв аавв
Генотип: 1 ААВВ :2 АаВв
: 1аавв
VII.Оқушылардың білімдерін бағалау.
VIII.Үйге тапсырма: 41, 182-183 беттердегі есептер
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz