Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Ұлттық ойындар жайлы ақпарат

Сабақтың тақырыбы
Ұлттық ойындар
Сабақтың мақсаты
Білімділік мақсаты: <<Ұлттық ойындар>> тақырыбы бойынша шағын мәлімет беру; <<Сөйлем мүшелері>> тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындап,білімдерін пысықтау, тиянақтау; грамматикалық ұғымдарды сауатты қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Ұлттық ойын түрлеріне қызығушылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың қолданыстағы сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдана білу, сөйлемді дұрыс құрастыруға, сөйлем мүшелерін дұрыс анықтау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі
Мәтін бойынша жұмыс, грамматикалық дағдыны дамыту
Қолданылатын әдіс - тәсілдер
Баяндау, сұрақ - жауап, сурет бойынша жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, тілдесім, түзету...
Сабақтың көрнекілігі
Интерактивті тақта,суреттер, сызбалар, оқулықтар
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа назарын аудару.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
II.Үй жұмысын тексеру
1. <<Қонаққа шақыру>> тақырыбы бойынша тілдесімді тексеру.Жазып келген шақыру билетін тексеріп бағалау.
2. Сөздік диктант арқылы сөздерді тексеріп бағалау.
III.Сабақты талдау.
( алған білімдерін пысықтау, тиянақтау)

1.Қайталау сұрақтары:
- Сөйлем дегеніміз не?
-Сөйлем мүшелері неше топқа бөлінеді?
-Тұрлаулы мүшелер туралы не білесің?
- Тұрлаусыз мүшелер туралы не білесің?
2.Ережені бекіту мақсатында сөйлем мұшелеріне талдау жасау.
Тақтаға бір оқушы шығып,синтаксистік талдау жасайды.Сөйлемдегі сөздерге сұрақты дұрыс қояды.
Қыз бен жігіт атқа мініп,бірін-бірі қуады.
Оқушыны бағалау.
3.Сөйлем мүшелерінің сұрақтары бойынша сұрақтарға жауап беру.
Бастауыш---- А.с.(кім? не?)
Баяндауыш---Не істеп тұр? Не істейді? Не істеді?
Толықтауыш---Б.с.,Т.с.,Ж.с.,Ш.с.,К.с..
Анықтауыш---І.с.,қандай?қай?нешінші?
Пысықтауыш---қай жақта?қай уақытта? қалай?...
Өзара сұрақ-жауап және мұғалімнің сұрағы арқылы жалпы грамматикалық тақырыпты қайталап сұрап, сын-ескертпе жасай отырып, бағалау.
IV.Жаңа сабақты түсіндіру.
Қыз бен жігіт атқа мініп,бірін-бірі қуады.

-Балалар,бұл сөйлемде не туралы айтылған?
-Ұлттық ойын - қыз қуу туралы.
-Дұрыс.Бүгінгі біздің сабақтың лексикалық тақырыбымыз: Ұлттық ойындар.
1.Сөздікпен жұмыс.
Сөздерді дұрыс оқу,сөз тіркестерін құру.
Ұлттық ойындар-национальные игры
Қызық- интересно,
қуады- догоняют,
жету керек- должен догнать,
сүйеді- целует,
соғады-будет бить.
Бағалау.
-Балалар, қандай қазақтың ұлттық ойындарын білесіңдер?
- алтыбақан, асық ойнау, күміс теңге алу, ақсүйек ,сақина жасыру ,т.б.
<<Ұлттық ойындар>> тақырыбы бойынша шағын мәлімет беру.
Оқушылар интерактивті тақта арқылы ұлттық ойындар тақырыбы бойынша слайд-суреттерді көріп,ойынның аттарын тауып айтады.Мысалы:бұл суретте-асық ойны...

2.Мәтінмен жұмыс:
1. Мәтінді түсініп оқу. Үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.
3-деңгей.
- Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, жалғауларын ажыратыңдар.
-Бір сөйлемді жазып,тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар.
2- деңгей.
-Мәтін бойынша диалог құрастыру.
-Етістіктерді теріп жазып талдау.
1-деңгей.
-Қазақтың ұлттық ойындар туралы шағын әңгіме жазу.
V.Бекіту жаттығулары.
-Балалар, сақина жасыру деген ойынды ойнайық.
Сақина жасыру.
Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен: <<сақинам кімде?>> - деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетеді де, өз қызметін қайтадан атқарады.
Өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсеткен балаларды бағалау.
VI.Сабақты қорыту
Сабақта алған білімдерін тиянақтап қорыту.
VII. Үйге тапсырма беру.
-5-тапсырма.Жұмбақтарды жаттау,тапсырманы орындау,
-ұлттық ойындар туралы мәліметтер жинап,кітапша жасау,
-ережені қайталау,
-сөздікті жаттау.


Ұқсас жұмыстар
Информатикада ұлттық салт-дәстүр элементтерін қолдану
Бағдарлама
Оқытудың формалары
Сабақтың басы
Жанды математика
Бүкіләлемдік өрмек-интернет. 7-8 сыныптар
Ойындағы қозғалыс белсенділігі
«жылқышы» әңгімесі
Қазақ тілі сабақтарында тиімді әдіс - тәсілдерді қолдану
Бала тәрбиесінде ұлттық ойындарды пайдалану
Пәндер