Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Менің пәтерім. фонетикадан өткенді қайталау, пысықтау

Сабақтық тақырыбы: Менің пәтерім. Фонетикадан өткенді қайталау, пысықтау.

Сабақтың мақсаттары:
* Білімділік: өтілген материалдарды қайталау арқылы оқушылардың меңгерген білімдерін тексеру.
* Дамытушылық: нақты мысалдар келтіру арқылы оқушының сөйлеу дағдысы мен қазақ тілінде жазба сауаттылығын дамыта түсу,
* Тәрбиелік: оқушыларды отбасын, туған жерінің мәдинетін, тілін құрметтеуге оқып үйренуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндірме, сұрақ - жауап, қайталу, тіл жаттықтыру, топтастыру, эвристикалық (мәтінмен жұмыс), сергіту ойын түрлері, сөздік жұмысы, суретті, грамматикалық жаттығу жұмыстары мен тапсырмалары (тест).

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық суреттер, сергіту ойындары, мақал - мәтелдер, қосымша ( Шың оқулығы (қазақ тілі), грамматикалық сызба тіректер, ҚР рәміздері.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалармен сәлемдесу. Кезекшімен жұмыс. Оқушыларға сабақтың барысы мақсат мінтеттері туралы түсінік беруіп, таныстыру.
Әнұранды орындау. Оқушылардың сабаққа даярлығын (оқу құралдарын) тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өтілген тақырып бойынша қысқаша түсінік немесе сұрақ - жауап әдісі негізінде екеуара мәтін бойынша сөйлестіру. Грамматикадан өткенді қайталау (сұрақ - жауап)
Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
Қазақ тілінде неше септік бар, ата?
Зат есім дегеніміз не, сұрақтарын ата?
Күз айларын ата?
Апта тауларын ата?
Қазақстан қандай мемлекет?
Мәтін бойынша қысқаша мазмұнын айтып бер?
Өз отбасың туралы айтып беріңіз?
Сенде ата мен әже бар ма? Олар қандай адамдар (сипаттап беріңіз)
Фонетка дегеніміз не?
Қазақ тілінде неше әріп, дыбыс дауысты, дауыссыз, тән әріптер бар?
Сөздерге фонетикалық талдау жаса? ( нағашы, қарындас)

ІІІ. Жаңа сабақ. (жаңа сабақ туралы түсінік беру). 4 - 5 бет
Ой салу**** Балалар мен сіздерге Отан, туған жер, отбасы десем көз алдерыңа нелер елестейді, не туралы ойланып қаласыздар? Олай болса бүгінгі өтетін сабағымыз <<Менің пәтерім>> немесе <<Біздің үй>> тақырыбы.



Менің үйім


... қаласы


... көшесі


...үй


...пәтер


... қабат.. орналасқан


қазыналық... жеке меншік


бес бөлме ...


дәліз, ас бөлмесі, балалар бөлмесі, ұйықтайтын бөлме, қонақ бөлме, жуынатын бөлме.


ескі үй жаңа үй


биік, кең, таза, жарық


маған өте ұнайды

Фрозиологиялық сөздік:1. Іші тар - букв. тесное нутро - завистливый
2. Мұзға отырғызып кету - ? мағынасын түсіндіріңіз.
3. Тас жүрек - ? мағынасын түсіндіріңіз.

Мақал. 1. Ауылым - алтын бесігім. аударып,
2. Қайта кірер есікті қатты жаппа. мағынасын түсіндіріңіз.
3. Жаңа байыған жақынын да танымас.
4. Өлімнен ұят күшті.

Әрекет сөздер: сатып алу салу
соғу сүрту
қазу ілу
әкелу жуу
тазалау сату
жинау орналасу
ашу төсеу
жабу ұйықтау

Нәтиже тапсырма: 1.Суретпен жұмыс /сөз,сөз тіркесі, сөйлем, сұрақ - жауап жазу/
2. Өзіңіздің мекен - жайыңыз, үйіңіз турасында айтып беріңіз


ІҮ. Мәтінмен жұмыс (эвристикалық әдіс). 4 бет

1.Мәтінді мұғалім мәнермен нақтылап түсінікті етіп оқып шығады. Оқушылардан не түсінгендерін сұрайды.
2. Оқушылар мәтінді оқып, аударады. Қиындық келтірген жаңа сөздерді мұғаліммен бірге аударады, мұғалім мағынасын қолдану аясын түсіндіріп оқушыларға көмек - бағыт береді.
3. Мәтінді аударып болған соң, оқушылармен сұхбат құра отырып, мәтіндегі негізгі ой тұжырымдалып, тұлғаның мәтін бойынша қысқаша түсінік (мазмұнын) өзімен айтып беруге жаттықтыра түседі.
4. Мәтінді меңгерте түсу мақсатында грамматикалық тапсырмалар орындатамын.
А) Мәтіннен септік тұлғадағы сөздерді тауып, қай септікте тұрғанын көрсет.
Б) Атау тұлғадағы екі сөзді тауып, жікте және тәуелде ( жекеше, көпше)түрде.

Оқулықтағы жаттығы жұмыстарын орындату.
5 бет № 4, 5, 3 тапсырмаларды орындау.

Ү.Сөздікпен жұмыс.
1.Мәтінде кездескен жаңа сөздерді қайталап, оқушылар жазылуына назар аудара отырып, сөдік дәптерлеріне жазып алады.
2. Жаңа сөздермен бірнеше сөз тіркесткері мен сөйлемдер құрастырады.
Мысалы: төр - сыйлы төр ( орын), жапқыш - жаңа жапқыш.
Анам дүкенен әдемі,жаңа керует жапқыш сатып әкелді.
ҮІ. Оқулықпен жұмыс. 4 - 5 бет №1 тапсырма
Оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергендігін тексеру мақсатында оқулық бойынша төмендегі тапсырмалар орындалады.
* Сұраққа жауап беріңдер
* Сурет бойынша берілген сұрақтардың мазмұнын ашатын сөйлем құрастырыңдар
* Суретке тірек сұрақтарын құрастыра отырып, екеу ара сөйлестіру ( тіл дамыту)
ҮІІ. Сабақты бекіту. Өтілген тақырып бойыша сұрақ - жауап жүргізу.
Сенің қайда тұрасың, мекен жайың туралы айтп бер?
Үйің ( пәтерің) неше бөлмелі?
Қандай бөлмелер бар?
Балалар бөлмесінде нелер бар?
Ас бөлмеде нелер бар? Сендер қайда тамақьанасыңдар?
Тоңазытқышта нелер болады? (салады)
Демалатын бөлмеде нелер болады? т.б.
*** Сурет пен тірек сызбаны қолдана отырып сұқбаттастыру
Сергіту кезеңін өткізу. Берілген сөздердің әріптерінен сөздер құрастыр.

ҮІІІ. Бағалау. Қортындылау. 5 бет №2 тапсырманы орындау

Оқушылардың сабақтағы жауаптарын бағалау, күнделік, журналға баға қою.
ХІ. Үйге тапсырма:
№.3 тапсырма негізінде екеу ара өз сұрақтарыңмен толықтыра отырып сұхбаттасу, сөздік жаттау,
граматиканы қайталау




Ирбаева Нурсұлу Тураровна
А.С. Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясы
Қазақ тілі мұғалімі
Шымкент қаласы
Оңтүстік Қазақстан облысы




Ұқсас жұмыстар
Фонетика
Тақырып Фонетикадан өткенді қайталау
Балалар бөлмесінде
Сабақ жабдығы
Фонетикадан өткенді қайталау
Ережені жаттау
Электр шамы
Сабақтың мазмұны мен жүрісі
Математика 3 кл. кайталау. ашык сабак
Қазақ тілі 2 сынып "өткенді пысықтау"
Пәндер