Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Мұхтар шаханов. «отырар»поэмасы. «төрт ана». «желтоқсан тағылымы». 5-сынып


Мұхтар Шаханов. «Отырар»поэмасы. «Төрт ана». «Желтоқсан тағылымы» өлеңдері.
Сабақтың мақсаты:
• білімділік: Белгілі ақын, қоғам қайраткері М.Шахановтың өмірі туралы
шағын мәлімет беру, тарихы мол Отырар қаласы туралы түсінік, поэма
оқиғасына, мазмұнына талдау жасау.
• ә)тәрбиелік:Білімгерлерді отансүйгіштік рухқа, елінің, жерінің тарихы
мен әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу;
• б) дамытушылық: Өлеңді мәнерлеп және рөлге бөліп оқу қабілетін дамыту,
өз беттерімен ізденімпаздығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, көрнекілік әдіс, әңгіме
әдісі.
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих
Cабақтың көрнекілігі: М. Шаханов суреттері, интерактивті тақта, слайд

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі Білімгерлерді түгелдеу, назарларын сабаққа
аудару, сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

Сәлеметсіздер ме, білімгерлер?! Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше.
Себебі, бүгінгі тақырыбымыз Қазақстанның халық ақыны, жазушысы, «Түрік
халықтары арасынан шыққан ең үздік әлем ақыны» атағының иегері Мұхтар
Шахановтың шығармашылығына арналады. Биыл толымды талант, сөз шебері Мұхтар
Шаханов 71 жасқа толады. Жыр керуені алға жылжыған сайын Мұхтар Шаханов
шығармалары жарық жұлдыздардың қараңғы түн қойнауынан сәулесін шашқандай
жарқырай түседі. Иә, М.Шаханов ғажайып, бүгінгі әлемдік өркениет
тағылымдарын пайымдауға өзінің қайталанбас қолтаңбасын қалдырған сан қырлы
талантты философ ақын.

2. Ой қозғау Мұхтар Шаханов туралы не білеміз?

М. Шаханов – ақынның өлеңдері жатқа айтылады. (Білімгерлер ақынның
сүйіп оқитын өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып береді)

3.Жаңа сабақ

Даласындай дарқан халық ел,
Білгің келсе бізге досым, жақын кел,
Қазақ халқы – Мұхтарымен жазушы
Қазақ халқы – Мұхтарымен ақын ел.
Кім еліне Мұқанша сыр ағытты,
Кім Мұқанша бағындырар бағытты
Қазақ халқы - Мұхтарымен Алатау
Қазақ халқы – Мұхтарымен бақытты. –дей отыра М.Шахановтың өмірдерегіне
назар салайық. (Слайдпен жаңа сабақ түсіндіріледі).

«Отырарым, бабам сенсің бас иетін,

Анам сенсің терең бүккен қасиетін.

Сенің даңқың менің мәңгі мақтанышым

Сенің қайғың менің терең қасіретім» , - деп ақын туған жері Отырар жайлы
терең толғанады. Сонымен қатар Отырарда ежелде өте бай кітапхана
болғандығын, осы Отырардан Әбу Насыр Әл Фараби сияқты ғұлама
ғалымдар шыққандығын жырларына арқау еткен. Оған «Арман» өлеңі дәлел
болады. Сонымен қатар ақын туған жері Отырар жайлы поэма да жазған. Ол
«Отырар» деп аталады. Отырар қаласы Қазақстанның ежелгі қалаларының
бірі екендігі белгілі. Ендеше поэманың мазмұнымен таныспас бұрын тарихта
шын мәнде болған Отырар қаласы, оның билеушісі болған Қайыр хан, поэма
кейіпкері - монғол ханы Шыңғыс хан туралы тарихтан алған білімімізді
еске түсірейік:

(Слайд материалдары)

1219 жылы қыркүйек айында Шыңғыс хан жасағы Отырар қаласын 200 мың
әскермен қоршап алды. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын «Отырар опаты» деген
атпен берілген.
Бірақ қаншама шабуыл жасағанмен, моңғолдар қаланы ала алмады. Шыңғыс хан
қаһарланып: «Бүкіл қол қырылса да, Отырарды алу керек!»- деп бұйрық
береді. Күн санап Отырар тұрғындарының жағдайы нашарлайды. Азық-түлік, су
таусылады. Әскер басшысы опасыздық жасап, қараңғы түнде өздері қорғап
тұрған қаланың қақпасын ашып жібереді. Жау әскерлері кәрі-жас, бала-шаға
демей қала халқын қырып салады. Қалаға жаппай өрт қояды. Отырардың
аянышты зарлы өмірі басталады. Алты ай бойы берілмеген әлемге әйгілі
Отырар қаласының орнында төбе-төбе топырақ пен күл үйінділері қалады.
(Сурет: Шығысхан портрет, Отырар шайқасы, сол кездегі жер картасы).
Қайырхан шамамен 1165-1220 жылдары өмір сүрген Отырар қаласының
билеушісі болған. Осы тарихи шындықты ақын Мұхтар Шаханов негізге ала
отырып, сыртқы басқыншы жауға қарсы күрескен Отырар халқының ерлік ісін,
оның басшысы Қайырханды мақтап жырлайды. Сол арқылы Отанына, еліне
опасыздық жасаған сатқынның қай дәуірде де алар сазайын сездіреді. Ендеше
поэманы рөлге бөліп оқиық.

«Отырардың күйреуі» поэмасын рөлге бөліп оқу

Шыңғыс хан –1-білімгер
Қайыр хан –2- білімгер
Шағатай – 3-білімгер
Қария – 4-білімгер
Қарашақы – 5-білімгер
Ақын – 6-білімгер
Автор – 7-білімгер

4. Алған білімді бекіту
Шығарманың құрылысы туралы не білеміз?

1) Поэмаға сюжеттік –композициялық жоспар жаса:

1. Шығарманың басталуы – Шыңғыс хан мен Шағатай әңгімесі
2. Оқиғаның байланысы –Шыңғысханның Отырарды алуы
3. Оқиғаның шиеленісуі- Қайырханды азаптауы
4. Шарықтау шегі – Қайырханның арманы
5. Оқиғаның шешімі –Қарияның баланы құтқарып жіберуі
6. Эпилог немесе соңы – Ақынның сөзі

2) Кейіпкерлерге мінеземе – білімгерлерің сабақты қаншалықты игергенін
білу мақсатында

Венн диаграммасы

Қайыр хан ұқсастығы Қарашоқы

Семантикалық карта. Берілген сөздердің дұрыс жауабын көрсету. (слайд)

М.Шаханов 1926 жылы ислам дінінің қалдығы деген желеумен Кеңестер
Одағының тоталитарлық жүйесі тойлауға тыйым салған «Наурыз» мерекесінің 62
жылдан соң қайта салтанат құруына мұрындық болды (1988 ж.). Сонымен қатар
М. Шаханов бірден-бір тіл жанашыры. Оның осы қазақ тілі мәселесі жөнінде
жазған бірнеше өлеңдері мен кітаптары бар. Соның бірі «Космополит
қазақтар» деген өлеңі. Ол өз тілін білмейтін және білгісі келмейтін
қазақтарды «космополит қазақтар» деп атаған. «Космополит» - «әлем азаматы»
дегенді білдіреді.

-Желтоқсан көтерілісі дегенде ойларыңа не келеді? (Әңгімелесу).

Мен қазақпын мың өліп мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен

Жылағанда жүрегім күн тұтылып

Қуанғанда күлкімнен күн тірілген – деп Жұбан Молдағалиев жырлағандай

қазақ елінің жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған мұңға толы тарихи
парақтары қаншама?! Оған куә сар дала, заңғар- таулар, өзен-көлдер, құм-
шөлдер, тарихи ескерткіштер, мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны.
Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ иісі.

Қазақ халқы көп соғысты, көптеген соғыстарды бастан кешірсе де
қазақтың үш жүзі бірігіп жоңғарларға қарсы, Ресейдің шырайлы егістік
жерлерді күштеп басып алу саясатына қарсы күрескенін атап айту қажет. Бұл
оқиғаларда ерлік көрсеткен қаһарман халықтың ұлдары. Сырым мен Кенесары,
Исатай мен Махамбет, Сыпатай батырларды үлгі тұтып ұмытпауымыз керек.

Бұл аз болғандай 1986 жылы Алматы қаласының бас алаңында
Дінмұхаммед Қонаевтің орнына Колбинді сайламақ болған саясатқа қарсы
қазақ жастары көтеріліс ұйымдастырады.

Олардың жалғыз ғана мақсаты «Елді өз қазағымыз басқарса, тәуелсіз
ел болсақ» деген арман еді. Бейбіт жолмен шешілсе деген армандарын ушығып
қанды оқиғаға ұласты. Кеңес одағына алғаш рет қарсы шыққан Қайрат
Рысқұлбеков, Е.Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаммеджанова сынды
боздақтар тәуелсіздік үшін жанын қиды. Қазақтың намысшыл ұл-қыздары қуғынға
түсіп, тағдыр тауқыметін бастан өткерді. Осы орайда 1986 жылы
желтоқсанда алаңда бас көтерген жастарды қолдаған қайраткер Мұхтар Шаханов
Желтоқсан көтерілісінің ақиқатын зерттеп, «Желтоқсан эпопеясын» еңбегін
жазды.

«Желтоқсан алаңы» өлеңі оқылады.

Мұхтар Шаханов «Төрт ана» өлеңінде адамның адам болып, мемлекеттің
мемлекет болып қалуы үшін, әрқашан төрт анаға сүйену керек дегенді
айтады. Олар: туған жер, туған тіл, салт-дәстүр және туған тарих. «Төрт
ана» өлеңі оқылады.

5.Сабақты қорыту М. Шахановтың әнге арнап жазылған өлеңдері.

Мұхар Шахановтың әнге арнап жазылған әндері де жетерлік. Оның
бірнешеуін қазірде этрада әншілері сахна төрінде мақтанышпен орындап
жүр. Соның бір ғана мысалы: «Өмір-өзен» өлеңі. Бұл ән өткен ғасырдың 70-
80 жылдарында жазылғанменен ол халыққа кешігіп жеткен болатын. Ақын «Өмір-
өзен» өлеңін жалындаған жастық шағында жазған екен. Өлең ақынның өмірге
деген құлшынысы зор, болашаққа деген сенімі мол кезде үлкен шабытпен
дүниеге келсе керек. Кейін өлең жолдары Шәмші Қалдаяқовтың қолына тиіп, ол
ақын інісінің өлеңіне арнайы әуен жазып береді. Әуелі жаңа ән кішігірім
басылымдарда жарық көреді. Бірақ, ән орындалмай, шаң басып қалады. Ақын
Мұхтар Шаханов Қырғыз еліндегі Қазақстанның елшілігінде қызметте болған
кезде мұрағаттарды ақтарып, іздеп жүріп «Өмір-өзен» әнін тауып алады. Араға
отыз жыл салып ән халыққа жетеді. «Өмір-өзен» әнін Жұбаныш Жексенұлы,
Гауһар Әлімбекова, Гүлмира Ақүрпекова, Алтынай Жорабаева сияқты әншілер өз
репертуарларына қосқан. Ал ән халыққа кеңінен әнші Алтынай Жорабаеваның
орындауында жетеді. 2000 жылы әнші «Өмір-өзен» әнін репертуарына қосып,
бейнебаян түсіреді. Елге әнші осы әнмен танылады. Уақыт өте келе«Өмір-өзен»
әншінің бойтұмар әніне айналады.
Бірде Шәмші Қалдаяқовтың Қаражан Әбіләзимов есімді досы шаңырақ
көтеріп, тойына бір топ жолдастарын шақырады. Араларында сазгер Шәмші мен
ақын Мұхтар да бар. «Тойға берер сыйымыз кәне? Одан да ән арнайық» деп ән
жазуға кіріседі. Қаражан достарының жұбайы жаңадан мектеп бітірген балауса
қыз екен. Осыны арқау етіп, ақын мен сазгер «Ақ бантик» әнін дүниеге
әкеліп, жолдастарының үйлену тойында тарту етіп, шырқап береді. Әу баста,
әннің сөздері өзгеше болып, кейін өзгертілген екен. «Ақ бантик» әні талай
әншінің ән қоржынына енді. Бұл әнді қазақ саз өнерінің майталмандарымен
қатар, жас орындаушылар да сынын бұзбастан орындап келеді.

"Ақ бантик"

Сөзін жазған: Мұхтар Шаханов

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Балауса қыз едің бір кезде,
Шашыңа ақ бантик байлаған.
Өзгеріп кетіпсің бұл күнде,
Көркіңе көз тастап ойланам.

Жол жатыр шақырып алдыңда,
Өмір тұр ұсынып шаттығын.
Білмеймін ержетіп қалдың ба,
Шашыңда ақ бантик жоқ бүгін.

Қайырмасы:
Нұрлы бейнең қандай жарқын,
Арманысың қандай жанның,
Шынарым-ай!
Сен мөлдірсің, еркем,
Тау бұлағындай.

Жылдардың еркіне бағындың,
Жылдарға қол создың, жан құрбым.
Белгісін балалық шағыңның,
Айтшы сен қай жерде қалдырдың?

6.Үйге тапсырма. Шығарма «Есте қалсын Отырардың жанқиярлық ерлігі»

7.Білімгерлерді бағалау


Ұқсас жұмыстар
Шаһанов Танакөз поэмасы
Көкірегімде төрт сәуле бар төрт бақыттан тұратын...
М. шаханов «отырар»
Төрт ана, мұхтар шаханов
Сұраққа жауап
Досты бағалайтын Достықты бағалайтын
Балалар назарын сабаққа аудару
Жыр мұхитының жүрдек кемесі. поэзия кеші
Мұхтар шаханов "отырар"
Мұхтар шаханов "отырар дастаны"
Пәндер