Бастауыш сынып тәрбие сағаты: Жігіт сұлтаны сайысының мақсаты, шарттары және сценарийі

Жезқазған қаласындағы

№21 білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Ахметова Баршагул Тажибаевна

Тәрбие сағатының тақырыбы:

Жігіттің сұлтаны кім?" саралаңыз

Мақсаты:

Оқушыларға халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан әдет- ғұрып, салт- дәстүрін, ата- баба дәстүрін құрметтеуді үйрету, Отанды сүюге, Ата мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Байқау шарты:

  • «Жеті атасын білген ұл, жеті рулы елді біледі». (Өзін таныстыру. )
  • «Жігітке жеті өнерде аз». (Өз өнерін көрсету, ән, күй, би, көрініс және т. б. )
  • Үй жұмысы. (Өзінің қолынан істеген бұйымын әкеліп, жасалу технологиясын түсіндіру. )
  • «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер». (Бата беру. )

Қойылатын талаптар:

  • Ұлттық киім.
  • Сахна мәдениеті.
  • Сөйлеу мәдениеті, өз ойын ұтымды жеткізе білу.

1-бастаушы: Құрметті қауым! Сіздерді “Жігіт сұлтаны” сайысын тамашалауға шақырамыз.

2-жүргізуші: Береке де осында,

Мереке де осында.

Болып жатыр той-думан

Қырандардың қосында.

1-жүргізуші: Асқақтаған ән дайын,

Күмбірлеген күй дайын.

Ал, кәнекей, қырандар!

Босқа қарап тұрмаңдар!

Бастап жігіт өнерін,

алыстарға самғаңдар

2-жүргізуші: Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық.

1-жүргізуші: Сайысқа қатысушы жігіттер көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін таныстырады. Жігіт сұлтанының бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың деген сұраққа жауап береді

2-жүргізуші: Ей жігіттер!

Сендерге артар міндет көп.

Көтер биік ата салтын құрметтеп

Ақтай білсең ата-баба үмітін

Әрбір сөзі - тәлімі мол бір мектеп.

Сұрақтар: Нөмірленген асықтардағы сұрақтарға жауап беру.

№1 асық. Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай?

1. Түйе - Ойсылқара

2. Жылқы - Қамбар ата

3. Қой - Шопан ата

4. Ешкі - Шек-Шек ата

5. Сиыр - Зеңгі баба

№2 асық. Қазақша ай аттарының аталуын айту керек.

1. Қаңтар 7. Шілде

2. Ақпан 8. Тамыз

3. Наурыз 9. Қыркүйек

4. Сәуір 10. Қазан

5. Мамыр 11. Қараша

6. Маусым 12. Желтоқсан

№3 асық. Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?

1. Жылқы - құлын

2. Сиыр - бұзау

3. Қой - қозы

4. Ешкі - лақ

№4 асық. Жыртқыш құстардың атын ата.

Бүркіт, лашын, қыран, қырғи.

№5 асық. Қазақ халқының салт-дәстүр, той-томалақтарын

атап шық, біреуін түсіндір.

Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар.

№6 асық. Аттың ер-тұмандарына нелер жатады?

Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.

1-жүргізуші: Әділ қазылар алқасы жігіттердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.

(Ән орындалады)

2-жүргізуші: Қыран-бүркіт көтерер ердің нарқын,

Қыран жігіт асырар елдің даңқын!-

демекші, енді жігіттерміздің өнерін тамашалайық.

(Әрқайсысы өз өнерін көрсетеді)

1-жүргізуші: Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян қолтық алыспай, - демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы өнерлерін көрейік.

1. Салмақ тасын көтеру.

2. Мойын арқан тартпақ.

3. Білек күшін сынау.

2-жүргізуші: Жігіттер, жаман істі кәсіп етпе,

Досыңды бірге жүрген басып өтпе,

Басыңа әлдеқандай іс түскенде.

Келесі кезекті тағы да әнге берейік.

(Ән орындалады)

1-жүргізуші: Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері,

Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.

Көңіліңді шат сезімге баурайды,

Халқымыздың бүгіні мен өткені.

(Тарихи тұлғалар, ескі ұғымдар туралы сұрақтарға жауапберу)

Сұрақтар: Асықтар арқылы жауап береді.

№1 асық. Үш ұғым туралы сұрақтар

1. Үш жүз: Ұлы, Орта, Кіші

2. Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі

3. Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал

№2 асық. Жеті атаны талдап беру.

Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене .

№3 асық. Ұлттық ойындардың түрлерін атап шық.

Ақсүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи, сақина салу т. б.

Жүргізуші: “Жеті атасын білмеген жетесіз” - деп халқымыз айтпақшы, кешіміздің соңында біздің қыран жігіттеріміз өздерінің жеті аталарын атап, дастарханымызға бата берсін!

(Сайыс соңы концерттік бағдарламаға ұласады)


Ұқсас жұмыстар
Жігіт сұлтаны сайысының әдістемелік және ұйымдастырулық сценарийі
1-сынып оқушыларына арналған Жігіт сұлтаны сайысының сценарийі
Жігіт Сұлтаны 2014 байқауының сахналық сценарийі және өткізу бағдарламасы
Жігіт сұлтаны: мектепішілік ұлттық тәрбиеге арналған сайыс сценарийі
Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №21 орта мектептің ашық тәрбие сағаты: Жігіт сұлтаны сайысы
Мектепалды даярлық сыныбының Сыныптағы жігіттің сұлтаны тәрбие-өнер сайысының мақсаты, бағдарламасы және бағалау жүйесі
Жігіт сұлтаны сайысы: ұлттық салт-дәстүрге сай жігіттік қасиеттер мен патриоттық тәрбие
2-сынып оқушыларының Жігіт сұлтаны: ұлттық дәстүрлер мен өнер сайысы
2-3 сынып оқушылары арасындағы Жігіт сұлтаны сайысы: ұлттық дәстүр, өнер және зияткерлік кезеңдер
2015 жылғы Жыл оқушысы мектепішілік сайысының мақсаты, шарттары және бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz