Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
О дыбысы
Шаяхмет А.К.
А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: О дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты:
* О әрпімен оқушыларды таныстыру. Құрамында О дыбысы бар сөздерді талдау; О дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын - әрпін таныту; О дыбысы бар сөз, сөйлем ойлату.
* Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
* Еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу;
Әдісі: Сұрақ-жауап, жұмбақ, қайталау.
Көрнекілік: мазмұнды сурет, қима әріптер, сызба - кесте.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың барысы:
I Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгін біз << Әріптер бағына >> саяхатқа шығамыз.
- << Әріптер бағына >> қандай көлікпен барсақ екен?
- Ал, балалар, ол баққа мен << Білім >> көлігімен барғым кеп отыр. Ал сендер осы көлікке отыруға дайынсындар ма?
- Онда қарап отырмайық.
* Ал, балалар, ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық .
* << Оюда>> бармын,
<<Допта бармын>>.
<<Түнде жоқпын.
Мен сонда қандай дыбыспын? ( О )
<<О>> дыбысын үш рет хормен қайталап айтқызу.
Осы дыбыспен сөздер ойлау ( Ою, орындық, доп)
- <<О>> қандай дыбыс? (дауысты)
- Ол сөздің қай буындарында кездеседі ?
- Кім осы дыбыспен мысал келтіреді ? ( Балалардың мысалдарын тыңдау).
Сергіту сәті.
Оң қолымда - бес саусақ,
Сол қолымда - бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Беске бесті қосамыз.
Кел, санайық ал мұны,
Нешеу болды барлығы?
Оң қолымда - бес саусақ,
Сол қолымда - бес саусақ.
Жасырып ем бесеуін,
Қалды мұнда нешеуі?
Бесеу екен қалдығы,
Нешеу еді барлығы. (он)
- О дыбысы кездесетін сөздер бар ма? (дыбыстық талдау жасау).
- Балалар, алдымыздан қасқыр шықты. Ол біздің қайда баратынымызды сұрады. Жауапты орындауға оқулықтағы үзік сызықтарды қосуымыз керек ( Балалар орындайды).
- Одан әрі жүріп келе жатқанда алдымен түлкі кездесті.
- Егер оқулықтың осы бетіндегі <<Ою>> сөзімен үлгі бойынша сөйлем құрасаңдар, бақты өзім көрсетіп беремін, - деді ол қулана
(Тапсырма орындалады).
- Баққа жақындағанда қарауылдың арпылдап иті шықты. Ол буындарды толықтырып оқып беруді бұйырды. ( Балалар жарыса оқиды).
Ойын. <<Күн мен түн>>, << Білім>> көлігімен баққа келеді. Олар:
- Балалар қалай оқи алады екен, көрейік, - деп мына сөздерді берді. ( ойна, ою, орындық т.б.).
- Балалар сөздерді оқып, олармен сойлем құрайды. Енді оларға балалар басқа да өнерлерін көрсетпек болды.
1) <<Қошақан>> әні.
2) <<Қамажай>> биі.
3) Тақпақ, жұмбақтар айтылып ішінен <<О>> дыбысы табылып, сөздер буынға бөлінді. <<О>> әрпін келтіре отырып <<Отан>> тақырыбы төңірегінде әңгімелесу. Балалар Отанын сүйетіндігін айтты. Оны мына өлең шумағымен пысықтай түсті.
Отанды әркім анасындай,
Қастерлейді, қолдайды,
Өйткені Отан баласындай,
Бізді асырап, қорғайды.
Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған ел,
- Сонымен, әріптер бағымен қош айтысып, саяхаттан аман-есен өз мекенімізге оралдық..
II. Қорыту.
Алдар көсе сыныпқа келді. Оның қоржынында бір тапсырмасы бар. Ол балаларды сабақты қаншалықты меңгергендерін білу үшін <<О>> әрпімен сөздер құрастырғызды. (Балалар сөздер, сөйлем құрастырды).
- Енді, балалар, Алдар көсе өз ауылына аттанады. Ол сендерге сабаққа жақсы қатысқандарын үшін мына сыйлықтарды тапсырады. (Оқушыларға ою беру).
III. Үйге тапсырма. <<Отан>> тақырыбына қатысты сурет салып келу.
Қостанай облысы
Арқалық қаласы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz