Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Тәуелсіздік - ел тілегі
№ 9 орта мектеп
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: << Тәуелсіздік - ел тілегі>>
Сынып жетекшісі: Мангубаева Э.Н.
Ақтау-2011
Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіздік - ел тілегі
Мақсаты: Тәуелсіздік күні, желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру.
Оқушыларға патриоттық тірбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқынның тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Желтоқсан оқиғасы тақырыбына арналған буклеттер, нақыл сөздер, магнитофон, 20 - жылдыққа арналған плакаттар, видео-фильм.
Барысы:
1. Ұйымдастырушылық кезең.
Жоспар:
I. Тәуелсіздік Қазақстанға 20 жыл.
II. Әдеби монтаж
III. Видео-фильм
Мұғалімнің сөзі: Құрметті қонақтар, ұстаздармен оқушылар, халқымыз үшін ең қасиетті де қастерлі тәуелсіздікке 20 жыл толды. Бүгінгі <<Тәуелсіздік - ел тілегі>> деп аталатын тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші:
Әнұраным жанұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім - сағынарым
Мәңгі бақи шырқалады.
Мемлекеттік ән ұран орындалады.
Докладқа сөз беріледі (Қаражігітов Н. )
Әдеби монтаж
1-оқушы:
Мен қазақпын мың өліп мың тірілген
Жүрегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді айта бергім!
2-оқушы:
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәм-тұзын ақтай білген елміз.
Атадан ұл туса құл болам деп тумайды,
Анадан қыз тусы күң болам деп тумайды.
Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз
Асқақтаған хан болса, хан ордасын алмайтын елміз.
1-жүргізуші:
Басымызға ноқта киіп, аяғымызға арқан байлағалы 260 жыл болды. Бұдандықтың бұдасын о баста өзіміз тілеп алғанымызбен, өз еркімен қосылған елдің <<еңірегенде етегін жасқа толтырып, тілеп алған аурудың емі жоқ>>- дегендей, елімздін де, жеріміздін де айырылып қала жаздадық.
2-жүргізуші: << Еңку - еңку жер шалып, егеулі найза қолға алып>>, ұлан байтақ жерін көздің қарашағындай қорғап қалған ата бабаларымыздың ақ арманы ұрпақтарының әз елінде, өз жерінде жайраңдап күліп, көкірегін керіп, еркінсіп жүретін тәуелсіздік таңының атқанына, сол тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған <<Тәуелсіздік тұтқасы - бізге аманат>> атты тарихи шеруді бастаймыз!
1-жүргізуші:
Осындай боп, білмеймін, кімнен тудым?
Бәлки сақ, бәлки бір ғұннан тудым.
Деп шатыпты біреулер <<күннен тудым>>
Жоқ, сірә мен қара құл, күннен тудым...
Күй орындалады
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік Қазақстанға оңай келген жоқ. Қазақ халқы осы тәуелсіздік жолында небір қиын-қыстау кезеңді бастан кешірді десеңші, арыға бармай 1720 жылдан бергі тарихқы қысқаша шолық өтсек. 1723 жылғы <<Ақтабан шұбырындыда>> 1 млн. адамнан, яғни сол кездегі халықтың 40 % айырылды.
1-жүргізуші:
1916 жылы патша үкіметі қазақтарды тыл жұмыстарына мобилизациялаудың тәртібін жариялады. Ашу-ыза кернеген жұмысшылар мен шаруалар көтеріліске шықты. Өзінің сипаты жөнінен ол отаршылдыққа және феодализмге қарсы ұлт-азаттық көтеріліс еді.
2-жүргізуші:
1917 жылы ақпан жәнеқазан төңкерілісі салдарынан, Аамат соғысы жылдарында шаруашылық күйзіліске, адамдардың ашаршылыққа душар болуынан 950 мың қазақ, яғни ел халқының 19 % апат болды. 400 мың қазақ отбасы, елден кетуге мәжбүр болды.
1-жүргізуші:
1937 жылы қазақ халқының қаншама аяулы азаматтары, бетке ұстар шамшырақтары қуған-сүргінге ұшырап, халқым, елім деп жүріп, <<халық жауы>> атады. Сол кезде абақтыға жабылғандардың саны 105 мыңға жетті. Олардың 27 мыңнан астамы атылды. Халқымыз осылайша жапа шекті.
2-жүргізуші:
Қазақ халқының ең соңғы өліп - тірілуі біздің халқымыздың қайғылы қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты жалған жаламен 99 адам сотталып, 264 адам жоғарғы оқу орнынан қуылып, әртүрлі жазаға ұшырады. Қазіргі күнде 16-17 желтоқсан Президент жарлығымен Желтоқсан құрбандарын еске алу күні, Тәуелсіздік мерекесі болып жарияланды. Міне, 1991 жылы жарияланған тәуелсіздігімізге бүгінде 20 жыл толып отыр.
1-жүргізуші:
Желтоқсан оқиғасы ХХ ғасырдың ірі оқиғаларының бірі. Ол тек тоталитарлық жүйенің күйреуінің бастаушысы болып қана қоймай, сондай-ақ ол бұрын бағынышты болып келген көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік сыйлаған зор саяси әлеуметтік құбылыс болды. 1986 жылдың желтоқсанындағы қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылды.
3-оқушы:
Желтоқсан туып,
Шашырап жатыр ақ мамық,
Желтоқсан түні тұрғандай мұңын ақтарып.
Шыңғырған дауыс естіліп қалып құлаққа,
Теңселіп кеттім,
Үзіліп кетуге шақ қалып...
4-оқушы:
Желтоқсан - майдан, жанжалы деме көшенің,
Желтоқсан - зары боздаған көмген шешенің.
Сызылған қанмен желтоқсан ұлы шекара.
Бүгінгі мен кешегің.
2-жүргізуші:
Қалса да қайда жерің, қайда көлің,
Қасқайып хақ жолыңнан таймап едің.
Айырылып күніз күлкі, түнде ұйқыдан,
Күткенің осы еді ғой, қайран елім!
Өр едің өлсеңде беріспеген,
Зар-мұңның әні барма сен айтпаған?
Тағдырдың зәрі барма сен ішпеген?
Тербетіп тұрса болды жер бесігім,
Дәулеттің тілеймін көл-көсірін.
Көз тимей, кірбің түспей қабағыңа
Жалғыз-ақ құтты болғай енді осы күн!
1-жүргізуші:
Аз ғана уақытта әлем назарын өзіне аударған толқу күшпен басылғанмен, оның мәні мен маңызы еш уақытта өшпейді. Өйткені азаттық аңсаған теңдік талап еткен халқымыздың жүрегінде ол мәңгі қалады.
Ә. Тінәлиевтің <<Желтоқсан желі>> әні орындалады.
Видео-фильм көрсету.
5-оқушы:
Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын
Желтоқсанда шықты алаңға жастарым
Әр ұрпақтың құрбандары жеткілік
Дербестікке құн ұрамақ басқа кім?!
Намысымның шуағы да - Желтоқсан!
Сұрқай өмір сынағы да - Желтоқсан!
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан!
Жаңа күннің шуағы да - Желтоқсан!
Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.
6-оқушы:
Өсер алдың қай уақытта да бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоксанның мұзаға жанған алауы.
Өздеріңдей ар-намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиіс емес еңкеюге жалауы!
7-оқушы:
Тәуелсіздік бабалардың ұраны
Бейуақытта бойға таққан тұмары
Тәуелсіздік - жүректерде тұншығып
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы!
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге еркін өмір сыйлады.
Мектебіміз алға шығып өмірде
Жақсы атақпен нұр шапағын жинады!
2-жүргізуші:
Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейін аз уақытта бұрын өніміз түгілгі түсімізге енбеген оқиғалар болды. Сол жетістіктерімізді атап өтейікші (оқушылар кезекпен)
* 1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды;
* 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты;
* 1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды;
* 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді;
* 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады;
* 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі заңы Конституция қабылданды;
* 1993 жылдың 15 қарашасы жас мемлекетіміздің тарихында еркеше күн болды. Осы күннен бастап, ұлттық валютамыз - теңге айналымға енді. Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
1-жүргізуші:
Қазақ ешқашан басқаның жеріне сұқтанбаған, өз жерін жатқа сыйламаған және сатпаған халық.
Ұлан-ғайыр жерінің ұлтарақтай үшін жанын жалау еткен бабаларымыз тіркескеннің тізесін бүктіріп, белдескеннің белін үзген.
Сол марқасқа батыр бабаларымыздың өмір өткелдерін, ерлік жорықтарынан деректер білу - ұрпақтарға парыз міндет.
2-жүргізуші:
Тәуелсіз елдің ұлы өжет,
Қызы - қайратты,
Халқы - қаһарман.
Тәуелсіздікті анаңдай ардақта,
Баландай мәпеле,
Құдайдай құрметте!
Тәуелсіздік үшін тәніңді де,
Қаныңды да,
Жаныңды да аяма!
1-жүргізуші:
Елтаңбамыз ажарлы
Ән - ұранымыз әуенді
Асқақ бола түссін!
Елдігімзідң белгісі -
Көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін!!!
Қортынды сөз:
Құрметті қонақтар!
<<Тәуелсіздік - ел тілегі>> атты тәрбие сағаты өз мәресіне жетті.
ЕЛІМІЗДІҢ ЕГЕМЕНДІГІ ЖАСАЙ БЕРСІҢ!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz