Сілтеу, сұрау есімдігі

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржау қазақ орта
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Рыскалиева Майя Нұржанқызы
Сабақтың тақырыбы : Сілтеу және сұрау есімдігі
Мақсаты:
Білімділік - Сілтеу, сұрау есімдіктерді түсіндіре отырып, бір - бірінен
ажырата білуге үйрету, есімдіктің мағыналық түрлері
жөніндегі білімдерін тиянақтау;
Дамытушылық - Оқушының ойлау қабілетін, тіл байлығын жетілдіру,
танымдық қызығушылығын дамыту, шығармашылық
белсенділігін арттыру;
Тәрбиелік - Әр түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы ұқыптылыққа,
сауатты жазуға, ауызша, жазбаша сөйлеуде қолдана білу
арқылы көркем, бейнелі сөз ретінде пайдалануға,
ұшқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Топтастыру, сұрақ - жауап, жаттығу жұмыстары
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, мультимедиа.
Пәнаралық байланыс: әдебиет сабағы
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
«Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылар білгендерін жазады
Жұмбақтар кезеңі
1. Жеп көріп ем өзін мен
Жас шығарды көзімнен
(пияз)
2. Мен әдемі моншақпын,
Ірі емеспін, ұсақпын
Мойнына ешкім таға алмас,
Мендей мөлдір таба алмас
(шық)
3. Ол күнді күзетеді,
Күн оны күзетеді.
(күнбағыс)
4. Ол келсе, орман шулайды,
Толқып теңіз тулайды.
Қуса өзін қуады,
Ешкім оны қумайды.
(Жел)
5. Өзін көзің көрмейді,
Барлық тілде сөйлейді.
Сен мен десең, мен дейді,
Сен кел десең, келмейді
(Жаңғырық)
Жаңа сабақты кесте арқылы түсіндіру
Осы маңайда мал жайылымы бар.
Бұл жарыста біз жеңеміз.
Мына көк қақпа - Құрмаш үйінің қақпасы.
Кезекті қай оқушыға береміз?
Сендерге бұл кітапты кім берді?
Бұл ұстаздық еткен отыз жылдың ішінде алдымнан кімдер өтпеді дейсің?
Жаңа сабақты бекіту мақсатында оқушылармен жұмыстар жүргізу.
Мәтінмен жұмыс.
Бұғы ана туралы ғажайып ертегі
Бала осы кеште Бұғы ана туралы ғажайып ертегіні тыңдағысы келіп еді. Бұл ертегіні айтуды Момын атаның өзі де жақсы көретін. Бірақ бала атасын мазалағысы келмеді. Атасынан жаттап алған сыбырлап айта бастады. Бұл баяғыда болған хикая. Сол ерте заманда суы мұздай үлкен өзен жағасын қырғыздың бір тайпа елі жайлапты. Ол өзеннің атын Енесай дейді екен. Ол өзі бұдан алыста Сібір дейтін жрде ағатын көрінеді. Осы жерден атты адамның өзі үш жыл, үш айда зорға жетеді. Қазір ол өзенді Енесай деп атайды, жағасын әр алуан ел жайлапты.
Мәтін бойынша тапсырмалар:
1. Берілген мәтіннен есімдіктерді тапқызу. Есімдіктің қай түріне жатады?
2. Есімдіктерге талдау жасаңыз.
І топ. ІІ топ. ІІІ топ.
Осы - Сол - Бұл -
3. Морфологиялық талдау.
Бұл ертегіні айтуды Момын атаның өзі де жақсы көретін.
4. Дыбыстық талдау.
І топ. ІІ топ. ІІІ топ.
Осы - Сол - Бұл -
О - С - Б -
с - о - ұ -
ы - л - л -
Жаңылтпаштарды оқып, құрамындағы есімдіктерді тауып, түріне ажыратыңыз.
1. Үш кіші ішік піштім
Бес кіші ішік піштім
Неше кеше ішік піштім?!
2. Шеше, кеше, неше есе кесе көп алдыңыз.
Шеше, кеше неше есе кем алдыңыз?!
3. Менің нем кем деп ең,
Бер үйді ең кең деген.
Бер үйді ең кең деген
Менің нем кем деп ең?!
Берілген сұрау, сілтеу есімдіктерін құрастырып сөйлем құраңыз.
Міне, мынау, қанша, бұл, кім, осы, қайда, әне
Үлгі: Міне, біздің үйіміздің төбесі көріне бастады
Жұмбақтардың шешімін тауып, есімдіктерді тауып,
түрлеріне қарай ажыратыңыз.
1. Жарық қылып қос тоғайдың етегін
Айтшы, ол не екенін .
(көз)
2. Бұл не деген шебер еді,
Ормандағы ағаштарды
Тұмсығымен шегеледі
(тоқылдақ)
3. Өркеші бар, түйе емес,
Не ақ отау үй емес.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz