Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіру

Ы. Алтынсарин атындағы
№ 65 мектеп-гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі
Спанова Гульжамиланың
«Бүгінгі оқушының білім
сапасын критериалды бағалау
жүйесі арқылы жетілдіру»
тақырыбына жазылған
Пікір
«Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіру» тақырыбында жазылған баяндаманың қазіргі таңдағы білім сапасын критериалды бағалау тәсілдерін көрсете білген. Критериалды бағалау әдісі арқылы бастауыш сыныпоқушыларының білімге қызығушылығын оятып, белсенділігін арттырудағы мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып оны жүзеге асыру жолдары қарастырылған.
Баяндамада жаңаша бағалау жүйесі арқылы оқушының білім сапасының жетілдіру әдіс - тәсілдері ашып көрсетілген.
Критериалды бағалау бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай оқу танымдық құзыреттілігін қалыптастыруды нақты анықтап көрсеткен және оқушылардың білім жетістіктерін бағалауға негізделген үдеріске нақты мысалдар келтірілген.
Мұғалім аталған мақаладағы зерттеу жұмыстарының барлығын нақты беріп, жоғарғы деңгейде жазған.
Бастауыш сынып мұғалімі: Н. Алимтаева
Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ахмет Байтұрсынов
Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр . Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысы Н. Ә. Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде. Білім сапасын көтеру мақсатында түрлі жаңалықтарды мектеп өміріне енгізіп жүрміз. Жаңа заманның білімді ұрпақтарын тәрбиелеп оқытуда түрлі қиындықтар кездеседі. Соның жолдарын іздеуде көптеген іс- тәжірибелер жасаудамыз.
Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі.
Білім сапасы дегеніміз - мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік.
Сапалы білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Балалардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы т. б. қадағалап, балалармен жеке - дара жұмыстар жүргізеді. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет - ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі - оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сын тұрғысынан ойлау - өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балалармен пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Жас балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі - критериалды бағалау жолдары. Біз бұл бағалау жолын сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы жүзеге асыра аламыз.
Бастауыш сынып оқушылары үшін ең жоғарғы бедел иесі мұғалім. Оқушылар әр пәннен алатын білімдерін мұғалім арқылы қабылдайды. Оқу мен оқытушы ол үшін бөліп - жарғысыз нәрсе. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тұрақтанған қалпы бар сала- бастауыш мектеп. Әйтсе де соңғы уақыттарға дейін бастауыш мектеп балаларды оқу, жазуға, есептеуге ғана үйрететін, қоршаған орта, қарапайым дүниетанымға жалпы түсініктер беретін білім ошағы болып саналады. Қазіргі кезде бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылды.
Бастауыш сыныптардағы оқытудың мазмұнында оқытылатын пәндер ерекше орын алады. Мұнда пәннің алдына қоятын ең негізгі мақсат, міндеттерінің бірі:
Оқушының оқу-танымдық әрекетін қалыптастыруды оқытудың жаңа технологияларын оқу үдерісіне еңгізудің маңызы ерекше.
Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды.
Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келген. Ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Биылғы оқу жылынан бастап педагогика ғылымында мектеп оқушыларының білім жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесі қолданысқа енгізілуде.
Кез-келген мұғалім критериалдық бағалауды қолданбас бұрын оның өзіне тән терминологиясын толық меңгерген жөн. Сондықтан біз критерий деген сөздің мағынасын өзіміз түсінуіміз қажет.
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалды бағалау - бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын ала оқушылардың барлығына белгілі, білім жетістіктерін бағалауға негізделген үрдіс.
Оқушылардың білімдерін жүйелеу, бекіту, тереңдету.
Есте сақтауды бекіте түсу, оқушыларды шыдамды болуға және өзін ұстай білуге үйрету.
Оқу жылының басында ата-аналар мен оқушылар әрбір пәннің бағалау критерилерімен танысып, хабардар болады. Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді:
- Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;
- Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы;
- Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы. Бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы;
- Оқушы білімінің жүйеленуі, тереңдеуі, есте сақтауы. Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі;
- Білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы;
- Оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы;
- Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бақылау, тренинг, үй жұмысы, шығармашылық т. б)
- Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау;
- Баға сапасын арттыру.
Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.
- жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;
- оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;
- бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады.
- өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі.
- оқушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.
Критериалды бағалау
1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;
3. Білім беру сапасын арттыруға;
4. Оқытудың сапасын жақсартуға;
5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;
6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді
1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;
2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;
3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;
2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;
3. Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;
4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.
Бастауыш сыныптардың негізгі міндеті - жеке тұлғаны дамытып, білімге және оқуға деген сенімін нығайту, іскерлік пен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Критериалды бағалау әдісі арқылы бізде оқушының ең алдымен қызығушылығын оята аламыз, белсенділігін арттырамыз, өз ойын ашық айтуға үйретеміз, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырамыз, соңғысы жинаған түрлі бағалау балдары арқылы өзін-өзі бағалайды. Мұндағы жетістіктің артықшылығы сынып оқушыларын түгел бағалай аламыз . Мұнда біздің оқушыларды бағалау үшін критерийлердің жеңіл түрлерін ала аламыз. Оларға өздері түсінетіндей, өзін - өзі бағалай алатындай етіп, істеген жұмыстарын оңай талдай алатындай дескрипторларды құрамыз.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Оқу формалары заманауи талаптарға лайық болуы, жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру үшін, ұстаз ақпараттық технологияны өз іс-әрекетінде тиімді, сауатты ұйымдастыруы қажет.
Критериалды бағалау - бұл оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделіп, нақты белгіленген, ұжымдық жасалған, процесстің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі білім мазмұны мен мақсатына сәйкес критерийлері бар процесс. Критериалды бағалау жүйесін құру үшін қалыптастырып, белгілейтін бағалау жүйесін дайындау қажет. Мұғалімдерге критериалды бағалауды қолдануға әр пәннен нұсқаулық дайындап, бағалау А, В, С, Д критерийлері арқылы жүргізіледі. Әрбір критерий тапсырмаларды жүйелі бағалауға арналған. Бұл критерийлер арқылы бағалау үшін әрбір оқушыны жеке және топтық жұмыстарын бағалауға арналған тиімді дескрипторлер құрылады. Әрбір дескрипторлер арқылы бала өз жұмысын бағалай алады. Бастауыш сыныптарды бұлардың ішінде айтылған А, В, С критерилерімен бағалауға болады. Мұндай бағалау бастауыш сынып оқушыларының өз деңгейлеріне сай келеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz