Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану

Файл қосу

Білім аралына саяхат!

15240635 Ақтөбе қаласы.
№16 <<Аққайың>> МДҰ
Тәрбиешісі: Нағыметова Г.Ә

Тақырыбы: <<Білім аралына саяхат!>> Мақсаты: Бес сала бойынша жыл бойына үйренгенімізді қортындылау. Бала танымының дамыуын пысықтау,ойлау,қиялдау,есте сақтау қабілеттерін толық жетілдіру.Ойындар арқылы ойлау қабілетін арттыру. Білім саласы:Денсаулық,Таным, Қатынас,Шығармашылық,Әлеуметтік орта. Көрнекілігі: Дамытушы ойындар,суреттер,сандар,әріптер,қимылдық ойындар. Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап,саяхатқа шығу,дәлелдеу ойыны, жеке жұмыс. Іс-әрекет барысы:Балалар бүгінгі күн қандай тамаша,біз қуанып тұрмыз, қане жүрегімізді ұстап көрейік.
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Барлық істі басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау меің сол қолым
Барлық істі атқарған. Тәрбиеші: Ендеше балалар бүгін біз білім аралына саяхатқа барамыз. Сендер өздеріңді білімді,ақылды,тәртіпті,мейрімді сондай-ақ ін шапшаңдықтарыңды көрсетулерің керек. Олай болса балалар білім аралына жету үшін көліктердің қандай тұрлерін білесіңдер. Балалар:Көліктердің үш түрі бар.Олар ауада ұшады,суда жүзеді.жерде жүреді. Тәрбиеші:Ал ауада қандай көліктер жүзеді ? Балалар:Кеме,Параход, қайық. Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар, бізге білім аралынан кеме жіберіпті.Осы кемеге кәнекей бәріміз кемеге отырайық. Кемемізді жүргізетін жүргізушіні тағайындап алайық. Тәрбиеші:Балалар білім аралына дейін жету үшін санамақтар айтайық.
Аружан: Санамақ <<Бір дегенім бесік>> Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар білім аралынада жетіп қалыппыз.Ой балалар қарандаршы табиғаты қандай көркем мөлдір су .Канекей мөлдір сумен бетімізді жуып терең таза ауамен тыныс алайық. Балалар бүл жердегі ағаштар ,гүлдер,тастар жай заттар емес сыйқырлы заттар.Бұл өйткені білім аралы әр қайсысында бізге дайындалған тапсырмалар бар.
Мөлдір судың тапсырмасы:
1-Тапсырма: Жұмбақ
Күн жылынып ,қар еріп,
Құстар сайрап келетін,
Жер көгеріп түрленіп
Үш ай бізге қонатын
Қай жыл мезгілі келетін.
-Көктем мезгілі келетін.
-Көктем мезгілі туралы қандай ақынның өлеңін білеміз?
-А. Құнанбаев атамыздың <<Жазғытұрым>>
Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырып жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат жанталаса,
Ата- анадай елжірер жердің жүзі .
* Дұрыс балалар, Абай Құнанбаевтың тағы қандай жыл мезгілдеріне байланысты өлеңдері бар?
* Күз, қыс, жаз мезгілдеріне арналған.
* Бір аптада неше күн бар?
* Жеті күн.
Тапсырма - 2: Балалар қараңдаршы көктемннің алғашқы күндері пайда болатын қандай гүл? Балалар: Қызғалдақ гүлі. Тәрбиеші:а) Қызғалдақ гүлінің тапсырмасы бірден онға дейн тура және кері санау.
ә) суретке байланысты сандарды ретімен орналастыр.
б) <<Тапқыр болсаң тауып көр>> сөз жұмбақ.
Далада тұр екі ешкі,
Қорада тұр екі ешкі,
Екі ешкімен екі ешкі болады.
Барлығы неше ешкі?
-Балалар: төрт ешкі.
Бес алмұрттың үшеуін досың сұрап алады ,
Сонда өзінде нешеуі қалды?
-Балалар: екеуі қалады.
Апамда бар төрт білезік,
Әжем қосты бір білезік.
-Балалар: бес.
Қимылдық ойын <<Аралар>>
Аққайың ағашының тапсырмасы:
<<Қатынас>> саласы бойынша.
<<Дыбыстарды табу, әріп>>
Аққайыңның екінші тапсырмасы:
<<Сөзді буынға бөлу, қай әріптен басталатынын табу.>>
Құстардың тапсырмасы:
<<Шығармашылық>> саласы бойынша.
<<Геометриялық пішіндерден қайық құрастыру, қандай пішіндер қолданғандарын айту>>
Сергіту сәті: Кәне,кәне тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды соғайық.
Бишілерше бұралып,
Би билейік айналып.
(Үстел қасына барып, әр - түрлі пішіндерден қайық құрастырады.
Дайындаған қайықтарын Аққайың ағашына іледі.)
Қорытынды:
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз қайда бардық?
* Білім аралына.
* Аралда нелерді көрдік?
* Ағаштар, құстар, гүлдер т.б.
Енді, кемемізге мініп, туған жерімізге, балабақшамызға қайтайық.


Ұқсас жұмыстар
Білімді тиянақтау. 2-сынып
Тест тапсырмалары
1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «балдәурен» кемесімен саяхат» сазды бағдарламасының сценарийі
Шешендік сөздің тәрбиелік мәні бар
Сөздер аралы
Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу тақырыбына есептер шығару
78+22, 100-22 түріндегі жазбаша қосу мен азайту. 2-сынып
Қоян сүйек
Бір айнымалысы бар сызықтың теңдеу тақырыбына есептер шығару
Шаршы жайлы ақпарат
Пәндер