Бастауыш сынып математикасы: Бір және екі амалмен есептерді шығару мен теңдеулерді шешуге арналған сабақ жоспары

Тақырыбы: Есептер шығару.

Мақсаты: 1. Есептерді шығаруды пысықтау, екі және бір амалмен шығарылатын есептерді салыстыра отырып, ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратуды меңгерту, теңдеуді шешуге, амалдарды орындауға машықтандыру.

2. Оқушыларды өздеріне жұмыс істету, ой-өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру.

3. Тәуелсіз ел ұландарын Отансүйгіштікке, жігерлілікке баулу, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу.

Көрнектілігі: «Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ» ұраны. Карточкалар, оқулық.

Сабақ әдісі: Математикадан білім байқауы.

Сабақ түрі: Өткен сабақты қорыту сабағы.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық. Өлең шумағын айтқызу.

Кел, балалар, келіңдер,

Математиканы көріңдер.

Кәне, қарап шығыңдар,

Білім барда оқу бар.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Оқу секторы жауабы.
  2. Мұғалімнің қорытындысы.

ІІІ Жаңа сабақ.

  1. Кіріспе.
  2. Сұрақ - жауап.
  • Қандай мейрам жақындап келеді?
  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 жылы 16 желтоқсан)

Олай болса, бүгінгі сабағымыз «Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ» ұранымен жүргізіледі. Әркім білімділігін көрсете білу қажет екен.

  1. Оқулықпен жұмыс.

а) №1 Есеп.

Арыс - түркістан каналы - 200 км

Ертіс - Қарағанды каналы - ? 3 есе ұзын

Шешуі: 200*3=600

Жауабы: 600 км.

Батыс Қазақстан - 420 км

Маңғыстау - ? 217 км ұзын

Шешуі: 420+217=637

Жауабы: 637 км.

Есептерді салыстыру. Ұқсастығын, айырмашылығын ажырату.

ә) Ауызша. Өрнектің мәнін табу. 5*в, в:4

4. Карточкамен жұмыс.

а) №3 Теңдеулерді шешу.

ә) №5 Амалдарды орындау.

5. Сергіту сәті.

Біздер тату баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Жастар бұрын көрмеген,

Салт-дәстүрі өлмеген.

Үйренеміз жақсыны,

Заманымда өрлеген.

Біздер бүгін баламыз,

Өсіп алға барамыз.

2030-шы жылдары,

Біз де азамат боламыз.

6. Өздік жұмыс .

№6. Белгісіз санды теңдеу құру арқылы тап:

ІV Логикалық есеп.

1. Үйдің 6-қабатына дейінгі баспалдақ 2-қабатқа дейінгі баспалдақтан неше есе ұзын? (3 есе)

2. Үстел үстінде 5 май шам жанып тұр еді. Еркін оның 4-еуін өшіріп тастады. Үстел үстінденеше май шам қалды? (5)

3. Теңдік тура болатындай етіп, таңбаларды қой:

4 4 4 4 = 1 (4 4 4) 4 = 3

4*4 : 4 : 4 = 1 (4+4+4) : 4 = 3

V. Қорытындылау.

- Балалар, біз бүгін өткен сабақты пысықтадық. Тағы да білімді болу үшін мынадай тапсырмаларды орындайық:

1. Тақтамен жұмыс. 2-оқушы.

І оқушы . ІІ оқушы

Бөлінгіштері әр түрлі, бөлгіштері Санның үлесін тап:

Бірдей төрт бөлінді жаз: Ұзындығы 20 см

Жартысы - ?

Ширегі - ?

Бестен бірі - ?

Оннан бері - ?

2. Көбейту кестесін қайталау.

3. Математикалық өлең, жұмбақтар айтқызу.

Математика - толған тәртіп, мағына мен мән,

Математика - толған тамаша заңдылық сән.

Математика - толып жатқан терең сыр,

Шетсіз, шексіз дариядай бейне бар.

1. Жоқ сөзінде бас та, 2. Айқасқан екі таяқ,

Қас та, мойын да. Тұрады жоқты сұрап. (х)

Ұзындығы жазулы

Тұр бойында. (сызғыш)

Яғни, балалар «Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ» ұранын басшылыққа ала отырып, өздеріңнің математика пәнінен жүйрік, алғыр екендіктеріңді көрсеттіңдер. Келешекте білімді ғалым, үлкен азамат болыңдар!

VI Үйге тапсырма №4, №5 (3 - бағаны) 75 бет

VII Бағалау .

Қарағанды облысы,

Шет ауданы,

Успен селосы,

Сәкен орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Рысбекова Айтбала

Шишмаганбетовна


Ұқсас жұмыстар
8-сынып математикасы: Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару - интерактивті сабақ жоспары
Бастауыш сынып математикасы: есептерді әртүрлі әдістермен шығару - ашық сабақ
5-сынып математика: Теңдеулерді шешуге арналған сабақ жоспары
11-сынып алгебра: логарифмдік теңдеулерді шешуге арналған сабақ жоспары
Бастауыш сынып математикасы: екі таңбалы сандарды қосу және азайту арқылы есептер шығару
Квадрат теңдеулерді шешуге арналған ойын негізіндегі сабақ жоспары
8-сынып: Теңдеулерді графиктік тәсілмен шешуге арналған ашық сабақ жоспары
2-сынып математикасы: екі таңбалы сандарды ауызша қосу мен азайту, есептерді талдау және логикалық ойлауды дамытуға арналған сабақ жоспары
3-сынып математикасы: Өтілген материалды бекіту және бір-екі амалдық есептер (Астанаға саяхат)
8-сынып алгебра: мәтінді есептерді квадрат теңдеу арқылы шешуге арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz