4 саны оның құрамы және жазылуымен таныстыру

ШҚО Аягоз ауданы Аягоз қаласы
№2 «Д. Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ
Садвакасова Гульнур Турарбековна
5 жас даярлық тобының тәрбиешісі
4 саны оның құрамы және жазылуымен таныстыру .
Сабақтың түрі , Аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Балаларды 4 санымен, оның құрамы, жазылуымен таныстыру. Дұрыс санау тәсілдерін пайдаланып, 4-ке дейінгі заттарды санауды, есептер шығаруды үйрету.
Дамытушылық : Балалардың ойлау, есте сақтау, логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік : Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, еңбектене білуге және де әдемі, қатесіз жазуға үйрету.
Көрнекіліктері : сандар, суреттер, газет, буклеттер, текшелер, үлестірме материалдар, ойыншықтар, шарлар т. б
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.
Шаттық шеңбері:
Армысыз, қайрымды Аспан ата!
Армысыз, мейрімді Жер ана!
Армысыз, шұғылалы Алтын күн!
Қуан, шаттан, алақай,
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Амансыздар ма? Достарым!
Сәлеметсіз бе ? Ұстазым! (Балалар орындарына отырады)
Үй тапсырмасын сұрау
2 және 3 сандары, жазылуын тексеру, қайталап еске түсіру.
(Көрнекіліктермен жұмыс жүргізу)
Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.
Жаңа сабақ. 4 саны оның құрамы және жазылуымен таныстыру .
- Балалар, біз бүгін 4 саны оның құрамы және жазылуымен танысамыз.
(Көрнекіліктермен жұмыс жүргізу)
Есептер шығарып көрсету, түсіндіру.
+ = - =
1 + 1 = 2 2 - 1 = 1
Көптеген мысалдар келтіре отырып, балаларға есеп шығаруды үйрету. Дәптерлеріне 3және 4 цифрларын бастырып жаздыру.
Жазбас бұрын «Әдемі жазайық» өлеңін хормен айтқызу
Қолға қалам алайық.
Дәптерімізді ашайық.
Дәптерімізді ашқан соң,
Әдемі етіп жазайық.
Балалар дәптерлерін ашып, цифрларды бастырып жазады. (5-10 минут)
Сергіту сәті
Жаза, жаза, саусағым,
Әлсіредім шаршадым. э
Бір, екі, үш,
Қолға жинап күш!
Қане, қалам алайық,
Әдемілеп жазайық.
(Балалардың дәптерлерін жинап алу)
«Кім жылдам?» ойынын ойнату
Ойын шарты: Балаларға текшелер, яғни сандар салып есеп құрастырып көрсететінқалташалар беріледі. Балалар мұғалімнің көмегімен есептер шығарып үйренеді.
Мұғалім:
+
=
- + =
Балалар : 2+ 1= 3 2+2 = 4
Ойын жалғаса береді.
( Ойын соңында жақсы есеп құрастырған балаларды атап өту. )
Балаларға көптеген сұрақтар қою. Сабаққа қорытынды жасау мақсатында көрнекіліктерді пайдалана отырып, сабақты қысқаша қайталау.
Сандарға байланысты М. Әлімбаевтің «Он саусақ» өлеңін орындату.
Үйге тапсырма беру.
Үйге: 4 саны және цифрын жазу. Оқулықтан дөңгелектерді төрт- төрттен бояп келу.
Үй дептерлерін таратып беру.
Бағалау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz