"күз ханшайымы" сценарий

Күз мерекесіне арналған 5 жас даярлық тобында өткізілген «
Күз ханшайымы
» ертеңгілігінің бағдарламасы.
Тәрбиеші :Құрметті ата-аналар, қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер!
Сіздерге 5 жас даярлық тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен өтетін
«
Күз ханшайымы
» байқауын ұсынамыз.
Ата-ананың аялы алақанындағы балалық шақ, мектептегі бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі. Біз балабақшамыздағы тәрбиеленуші ұлдармен бірге бірге қыздарымыздың да ақылды да, парасатты, тәрбиелі де инабатты ару қыз болып өскенін қалаймыз. Сондықтан, бүгін балауса қыздарымыздың балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін көріп, бәріміз куә болайық.
Әділқазы береді,
Өздеріңе билікті.
Өнерде кім жеңеді,
Алады сол сыйлықты, - деп ең алдымен сіздерді әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1.
2.
3.
Тәрбиеші :
Уа, халайық, халайық,
Бәріміз назар салайық.
Мерекесі бақшаның,
Сайысты біз бастайық.
(Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы аруларды шақырамын. Музыка ойналып тұрады)
Тәрбиеші : Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келді міне, ортаға толқып-тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошаметпен қарсы алайық.
Сайысқа қатысушы аруларды реттік белгілері бойынша таныстыру, орындарына отырғызу.
Сайысты бастамас бұрын, сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін:
Сайыс шарттары:
1. Менің ата-тегім . (Өзін-өзі таныстыру. )
2. Кім ойға жүйрік (Жұмбақ шешу)
3. Дәрумендер денсаулық сақтаушысы. (Күзгі байлықтардан жарнама)
4 « Шебер қолдар»(Ата-аналармен бірлесіп жасаған қол өнержұмыстары)
5. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)
6. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету)
Тәрбиеші : «Күз ханшайымы» сайысына қатысушы аруларға арнап, тобымыздың әншісі Аружан әсем әнін арнайды.
Ән: «
Ертегілер
»
«
Менің ата-тегім
»
1. Өзін-өзі таныстыру (реттік санымен аруларды шақыру)
1.
Жанерке Бақытқызы
: Бүр жарған бүршігіндей лала гүлдің,
Жастайымнан жалындап жана білдім.
Өнерменен білімге жаны құштар,
Жанерке Бақытқызы мен боламын.
Құрбыммен бұл сайыста тең боламын,
Қызымын өсіп- өнген кең даланың.
Бүгінгі ханшайымдар сайысында,
Деп ойлаймын жеңімпаз мен боламын.
2.
Айдана Жасұланқызы
: Тең түсіп өзгелермен терезесі,
Дарыған ата-баба өнегесі.
Айдана атым Жасұланның қызымын мен,
Дүйсекен тегі, Мизам немересі.
3.
Алуа Серікқызы
: Руым Найман, мен қазақ,
Мақсоттың немересі .
Тақпақ-өлең айтамын
Апайлардың берген өнегесі.
Алғаш аштым балабақша есігін,
Алуа Серікқызы менің есімім,
Туып өстім Аягозде,
Алтын ұя - бесігімде .
Құлкеш маған нағашы,
Қызыл тонның жағасы.
Мен үшін өте қымбат қой,
Нағашының бағасы.
5.
Ырыс
: Қанатқызы Ырыс атым менің,
Мақтан етер жанұя еркесімін.
Әкем Қанат, анам бар Алтынгүл атты,
Үлгі тұтар ағам бар Астанәлі.
6.
Аружан
: Әке-шешем мақтаған,
Аружан қызың мен болам.
Осы күнге сақтаған,
Тақпағым бар жаттаған.
Сайыс десе жайнаймыз,
Намысымды қайраймын.
Тоты құстай құлпырып,
Сандуғаштай сайраймын
Сайыстың «
Өзін-өзі таныстыру
» бөлімі бойынша әділ-қазылардан берген бағаларын көтерулерін сұраймын.
Би: «Қара жорға»
2. «
Кім ойға жүйрік
»(жұмбақ шешу)
Ортаға реттік белгімен аруларды шақырып, ұнатқан жеміс-жидектерін алғызып соның жұмбақтарын шешкізу.
1. Жұдырықтай қызыл шар
Тілді үйірген шырын бал (Алма)
2. Түрі шар сияқты,
Түсі қан сияқты,
Дәмі бал сияқты. Ол не? (Шие)
3 Аласы бар, қарасы бар, ағы бар,
Пышақ тисе қып-қызыл болып жарылар (Қарбыз)
4 Жер астына түседі,
Сап-сарғыш боп піседі ( Сәбіз)
5 Күннен көзін алмайды.
Өзгемен ісі болмайды. (Күнбағыс)
6 Көктемде ерте гүлдеймін, кешігуді білмеймін,
Піспей тұрған кезімде, меннен аулақ жүр!-деймін (Өрік)
3
. «
Дәрумендер денсаулық сақтаушысы
»
( Жемістердің киімін киіп алып, тақпақтарымен таныстырып, мамаларымен бірлесіп дайындаған салаттарын әділ-қазыларға ұсынады)
1.
Жанерке
(Қызанақ)
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен-қызанақ,
Күнге қарап ұялып.
2.
Айдана:(
сәбіз)
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпын,
Мен жазықсыз сәбізбін.
3.
Алуа
: (картоп)
Мен картоппын, картоппын,
Жер жүзінде мен көппін.
Тамаққа көп қолдансаң,
Пайдамды сонда білерсің.
4.
Ырыс
:(пияз)
Асханадан шықпаймын,
Атым-пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
5.
Аружан
:(қияр)
Мен қиярмын, қиярмын,
Жесең есті жиярмын.
Кетіруге безеуді,
Шырыныммен жуарсың.
Ән: «Айгөлек» Топ.
Әділ-қазылардың берген бағасы.
4. «
Шебер қолдар
» (ата-аналармен бірлесіп жасаған жұмысы)
Арулар жасаған жұмыстарын әділ-қазыларға ұсынады.
Ән: «Біз балдырған баламыз.
Әділ-қазылардың берген бағасы.
5. «
Өнерлі өрге жүзер
» (өнерлерін көрсету)
Арулар дайындаған өз өнерлерін ортаға салады. Бірі би билнп, бірі ән айтады. (Жаңылтпаштар айтуға да болады)
Әділ-қазылардың берген бағасы.
6. «
Әсем біздің арулар
» (Сән үлгісін көрсету )
Әділ-қазылардың берген бағалары.
Тәрбиеші: Білім, ғылым, өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Еліміздің ертеңі,
Үміт етер өздерің.
-дей отырып, бүгінгі «
Күз ханшайымы
» сайысын аяқтаймыз.
Әділ-қазылар қорытынды шығарғанға дейін балаларға ән кезегін береміз.
Ән: «Айналайын» Мағжан, Нұртай.
«
Күз ханшайымы
» сайысы бойынша аруларға берілген атақтар беріліп граммота тапсырылады
1. «
Күз ханшайымы
» - Айдана.
2. «
Әнші ару
» - Жанерке.
3. «
Биші ару
» - Аружан.
4. «
Сүйкімді ару
» - Алуа.
5. «
Шебер ару
» - Ырыс.
Технологиялық карта.
Білім облысы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық».
Білім бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Тәуелсіздік ел - тілегі».
Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің болашағы - жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін, сүюге оны қорғай білуге тәрбиелеу. Мақал-мәтел, тақпақтар арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, Л. Асанова, Қ. Рысқұлбеков суреттері
Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі
Жетекші жөндеуші
Шеңберге тұрып «Жылулық шеңберін» ұйымдастыру.
- Біз аспаны ашық, сәулелі, кең, байтақ елде тұрамыз. Ол ел -
- Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетімізді Қазақстан Республикасының ән ұранынан бастайық.
- Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғанына 21 жыл болды. Өз бетімен ешкімге бағынбай өмір сүрген елді тәуелсіз ел деп атайды. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді. Осыдан 21 жыл бұрын Алматы қаласында жастар көтерілісі болды. Қайсар батырларымыз Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков ерлік көрсетті. Осындай жастарымыздың арқасында қазіргі кезде бейбіт тыныш өмір сүріп жатырмыз. Еліміз өркендеп жайнауда. Өз елімізге лайықты Конституция заңдары қабылданды. Конституция заңдарында Отанымызды қорғауға, балабақшаға, мектепке баруға, үлкен оқу орындарында білім алуға құқықтарың бар екені туралы жазылған. Осы мемлекетте тұрғандықтан өз елімізді, жерімізді қадірлеп, қастерлеуіміз керек. Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазастанның қандай дамып көркейгенін тамашалайық. (көркекіліктер көрсету) Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады ?
- Әнұранды орындадық, сөзін, музыкасын жазған кімдер?
- Тудың түсі қандай? Туда ненің белгісі бар?
- Ел таңбамызда ненің бейнесі бар ?
Бастауыш сыныбының оқушы қыз бала топқа кіреді.
Оқушы : - Балалар қаламызда Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығына арналған той болып жатыр. Мен сендерді сол тойға шақырып келіп отырмын.
Тәрбиеші: Қане бәріміз қатарға тұрып «Атамекен» әнімен мерекеге барайық.
- Мерекеге де келіп жеттік, біздің мектебіміз қандай тамаша безендірілген. Түрлі жалаушалар, шарлар ілінген.
Жұмбақ.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Ән «Отан».
- Балалар Отан туралы қандай тақпақ жаттадыңдар?
«Ақ көгершін» биі.
Оқушы қыз: - Бұл тойда ақындар айтысады, палуандар күреседі, ұлттық ойындар ойнатылады. Ал біз «Соқыр бүркіт» ойынын ойнап жіберейік.
«Атамекен» әнімен балабақшаға қайтады.
Тәрбиеші: - Оқушы қыз, саған арнап балалар сыйлық жасап береді.
Оқушы : - Сыйлықтарың маған ұнады, рахмет. ! Сау болыңдар балалар ?!
Қорытынды: - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алғанына қанша жыл болды?
- Бізге қонаққа кім келді?
Мерекеде қандай ойын ойнадық?
- Армысың, қайырымды Аспан ата!
- Армысың, мейірімді Жер - ана!
- Армысың, шұғылалы Алтын күнім!
- Армысың, тәуелсіз елім менің!
Қазақстан.
Ту, елтаңба, әнұран.
Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Тақпақ
Әнұраны елімнің,
Шақырады бірлікке
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.
Тудың түсі көк, шетінде ою-өрнек, ортасында күн және қыран құс.
Тақпақ
Аспан түстес көгілдір
Тік бұрышты матаның
Ортасында төгіп нұр
Күн жаяды шапағын
Астында оның қалқыған
Қыран құстың бейнесі
Азат елдің шалқыған
Көңілі деп білерсің.
Елтаңба алтын және көгілдір түсті. Әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді. Тұлпар биік арманның қайраттың нышаны. Жұлдыз - жұлдызымыз жарық болсын дегенді білдіреді.
Тақпақ
Алтын қанат көмкереген
Шаңырақ бар, уық бар
Әсем бейне сен көрген
Жай бейне емес ұғып ал
Сүйсіндірген өзіңді
Түсіне біл таңбаны
Ауызда ұшқыр төзімді
Пырақ халық арманы
(Отан)
Отан әнін орындайды.
1 бала:
Отан дейміз от жаққан жерімізді.
Отан дейміз өсірген елімізді,
Отан дейміз туған жер атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді.
2 бала:
Абай туған, Сәкен туған
Құрметте досым, қазақтың жерін
Қамбаға жылда миллиард құйған,
Қазақстан Республикам менің.
3 бала:
Қазақстан жеңісті дана күндер,
Қазақстан толқынды лала гүлдер.
Қазақстан әлемді елеңдетіп
Байқардан зулаған корабльдер.
4 бала:
Сұлу далам менің сүйген еркемсің
Жаны жайсаң жаратылған көркемсің
Қандай жақсы қазақ болып туғаным
О, Туған жер, тамашасың, көркемсің.
«Соқыр бүркіт» ойыны кезінде Отан туралы мақал-мәтелдер айтылады.
Балалар 3 топқа:
I топ: Қазақстан Республикасы табиғатын салып бояйды.
II топ: «Астана» қаласын жапсырады.
III топ: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 21 жыл» деп жазылған түрлі - түсті параққа «күнді» жапсырып оқушы мен қонақтарға тарту етеді.
Тәуелсіздігімізге 21 жыл болды.
Бізге қонаққа оқушы қыз бала келді.
«Соқыр бүркіт» ойынын ойнадық.
1-ЖҮРГІЗУШІ
Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Әні мен сәні жарасқан «Наурыз - көктем, Наурыз- жыр, Наурыз-думанға» қош келдіңіздер!
2-жүргізуші
Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы көптен күткен «Наурызымыз» келді. Ұлыс оң болсын!Ақ мол болсын! Наурыз тойларыңыз құтты болсын!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz