Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Тілашар тойы


Сабақтың тақырыбы: Тілашар тойы
Мақсаты:
1) Оқушыларды үлкенді сыйлауға, сөздерін тыңдай білуге тәрбиелеу.
2) Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тілдерін дамыту.
3) Ата – аналарымен бірге мерекелік көңіл-күй арқылы оқуға, білімге деген
қызығушылығын арттыру.
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Тойымызға қош келдіңіздер! Күні
кеше ғана мектеп есігін ашқан бүлдіршіндеріңіздің қадамдарының сәттілігін
тілей отырып, алғашқы айлардағы өнерлерін тамашалауға шақырамыз.
Балаларыңыздың осы қара шаңыраққа аттаған қадамдары құтты болсын!
Тойларыңыз тойға ұлассын!
Әнұран
І бастаушы: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады, міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына
Енді қайық саламыз.

ІІ бастаушы: Қош келдіңдер, балдырғандар,
Қадамдарың құтты болсын!
Мектеп мынау есік ашық,
Тек әдебің мықты болсын!

І бастаушы: «Той», - деп бүгін көңіл шіркін тасады,
Ән менен күй көңіл сырын ашады.
«Той» - деп келген қонақтарға мың рахмет,
Ақ жаулықты анадар – той шашуын шашады.

ІІ бастаушы: Шашу шашты әжелер,
Сылдырлатып теңгелер.
Тойымыздың шашуын,
Сәт сапарға теңгерер.

І бастаушы: Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық.

ІІ бастаушы: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Бүлдіршінің ортада,
Тілашарын алайық.

І бастаушы: Қайсы күйші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер дерек, кім тақыл,
Таланттарын табайық.

ІІ бастаушы: Асқар анау аталар,
Салиқалы апалар.
Ұрпағың бұл тағы бір,
Бүгін шәкірт аталар.

І бастаушы: Уа, балалар, балалар,
Ешкімің жоқ алалар.
Шәкірт болу үлкен сын,
Оны ұстазың бағалар.

1-оқушы: Қыркүйек келіп, күз келіп,
Мектепке бет түзедік.
Оқуды да бастадық,
Рахмет саған, Алтын күз!

2-оқушы: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.

3-оқушы: Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілген.
Ай жапырақ-сары алтын,
Айналаның бәрі алтын.

4-оқушы: Бірінші қыркүйек күнімен,
Аңқыған жұпары гүлімен.
Келіп ем қарсы алды мектебім,
Сүйкімді қоңырау үнімен.

5-оқушы: Мен оқушы боламын,
Болам жігіт зор әлі,
Қазақстан жалауын,
Көтеремін жоғары.

6-оқушы: Ертеңгі елдің тірегі –
Бүгінгі жас ұландар.
Күндей аппақ жүрегі,
Келеді өсіп қырандар.

7-оқушы: Пайдаң тиіп Отанға,
Риза болсын халқымыз.
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.

8-оқушы: Еркеңіздің мойнына,
Ақ жағасы жарасар.
Кел, келіңіз тойыма,
Тойымның аты,
Тойымның аты – тілашар.

9-оқушы: Алтыға толдым биыл мен,
Оқушы болып киінем.
Арқама сөмке асына,
Мектепке барам,
Мектепке барам асыға.

10-оқушы: Қолыма алып әліппе,
Үңілдім тұңғыш әріпке.
Қоңырау үні сыңғырлап,
Тұрғандай маған,
Тұрғандай маған қол бұлғап,
Мектеп, мектеп!

11-оқушы: Қалам алып,
Сурет салып,
Уйренгенім бақшада.
Суретімді мақтап жүрді,
Жақсы апа мен жақсы аға.

12-оқушы: Барлық бала таң қалып,
Әліппені ашады.
Сөз құраған әр әріп,
Білім нұрын шашады.

13-оқушы: Асыл сөзін тілімнің,
Бойға құйған Әліппе.
Нақ бастауы білімнің,
Қырық екі әріпте.
Хор «Әліппе»
14-оқушы: Сәбилік көңілден,
Арналды жыр, әнім.
Баулитын өмірге,
Ақылшым – мұғалім.

15-оқушы: Тілін де аламын,
Айтқанын ұғамын.
Өзіңдей боламын,
Ақылшым, мұғалім.

16-оқушы: Сипатың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан,
Басталғанын түсіндім.

І бастаушы: Балалар, оқу, білім туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?
1) Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
2) Оқу – инемен құдық қазғандай.
3) Оқу – білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
4) Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
5) Оқу түбі – тоқу.
6) Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
7) Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.

І бастаушы: Балалар, ендігі кезекті жұмбаққа берейік.

Оқушылар жұмбақ шешеді.

І бастаушы: Балалар, біз қай республикада тұрамыз?
Оқушылар: Қазақстанда.
І бастаушы: Қазақстан туралы кім қандай тақпақ біледі?
17-оқушы: Абай туған, Сәкен туған,
Құрметті досым қазақжерім.
Қамбаға жылда мол астық құйған,
Қазақстан – Республикам менің.

18-оқушы: Толқыған дәні бар,
Мамырлаған малы бар,
Қыран қанат әні бар,
Қазақстан келбеті,
Елтаңбадан табылар.

19-оқушы: Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.

20-оқушы: «Ұлы халқын есептескен текпенен,
Ата салтын ешкім аттап өтпеген.
Мың пәледен құтқарады бір бата,
Адам болмас бата естіп өспеген», - дей келе әжеден
бата алу.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
ІІ бөлім: Концерт.

Қарағанды облысы,

Шет ауданы,

Успен селосы,

Сәкен орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Рысбекова Айтбала

Шишмаганбетовна


Ұқсас жұмыстар
Тілашар дәстүрі
Тілашар
Тілашар тойы туралы
Бала тәрбиесіне байланысты сұрақтар
Бесік жыры өлеңін жаттау
Біздікіндей мектепті
Тұсау кесу жыры
Қыз бала тәрбиесі туралы
Бесік жыры туралы ақпарат
Мүшелтой
Пәндер