Дінмұхаммед Қонаевтың 100 жылдығына арналған ауызша журнал-тәрбие сағаты

«Аңыз адам - 100 жаста»

Мақсаттары: Қоғам және мемлекет қайраткері Д. Қонаевтың 100 жасқа толуына орай оқушыларды аңыз адамның өмірімен, атқарған істерімен таныстыру;

Өз елдеріне, өз елінің құрметті азаматтарына деген мақтаныш сезімдерін ояту;

Халқымыздың құндылықтарын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;

Өткізілетін орны:сынып бөлмесі

Көрнекіліктер: Д. Қонаевтың портреті, оның өмірбаяны жазылған хронологиялық кесте, атқарған еңбектерінің тізбесі, қанатты сөздер

Тәрбиелік шараның түрі:Ауызша журнал

Шараның жоспары:

1-бет. Бала Димаштан - Ел ағасы Димекеңе дейін
2-бет. Ұлы тұлға жайлы көркем ойлар

3-бет. Д. Қонаевтың 100-жылдығына -100шара

4-бет. Аңыз адамның нақылға айналған сөздері

Мұғалімнің кіріспе сөзі. (шараның тақырыбымен, мақсатымен таныстыру)

1-бет . Бала Димаштан -Ел ағасы Димекеңе дейін

(кесте бойынша оқушылар баяндайды)

1912ж. 12-қаңтар - Алматы қаласында дүниеге келген

1930ж. - Алматыдағы №14 орта мектепті бітірді

1931-1936 ж. ж. - Мәскеудің Түсті металдар және алтын институтында оқыды

1937-1939 ж. ж. - Қоңырат кенішінде бұрғылау цехының бастығы

1939ж. -«Алтайполиметалл» комбинатының Риддер кеніші басқармасына директор болып тағайындалды

1939ж. - КОКП мүшелігіне тағайындалды

1942-1952ж. - Қазақ ССР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарды

1949ж. - «Қоңырат мыс кенін қазу»атты ғылыми еңбегі жарыққа шықты

1952ж. - Қазақ Ғылым Академиясының академигі және Президенті болып сайланды

1955-1960ж. - Қазақ ССР Министрлер кеңесінің Төрағасы болып қызмет атқарды

1960-1962ж. - Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды

1966-1970ж. - Социалистік Еңбек Ері атағы, Ленин ордені, Орақ пен балға алтын белгісі тапсырылды

1978ж. - «Кеңестік Қазақстан» таңдамалы сөздері мен мақалалары жарыққа шықты.

1982ж. - Үшінші рет Социалистік Еңбек Ері атағын алды.

1986ж. 16 желтоқсан - Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Желтоқсан оқиғасы орын алды.

1992ж. - «О моём времени» атты кітабы жарық көрді. «Өтті дәурен осылай»

1993ж. 20 тамызда - Д. Қонаев Алакөл ауданының Ақши ауылында дүниеден өтеді.

2 бет. Ұлы тұлға туралы көркем ойлар

  1. Мейірім-шуағы мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ. Сол халық - қазақ халқы. Елінің өткенін ұмытпай, келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен перзенті бар халық та бақытты. Сол перзент - Дінмұхаммед Қонаев.

Джавахарлал Неру Үнді мемлекетінің негізін қалаушы

  1. Мен бір жақсы адамдармен жекжат болған екенмін . . . Димаш бұйырса иісі қазаққа ортақ ұл болғалы тұр, тіл-көзден сақтасын.

М. Әуезов, жазушы

  1. Мен бүгін зор тұлғамен таныстым. Ол - терең саясаткер, халықтар даналығын толық меңгерген адам . Ол - КСРО-ның сирек кездесетін тұлғасы.

Дуайт Эйзенхауер, АҚШ мемлекетінің экс-президенті

  1. Шынын айтайын, Қонаевқа тең келетін адамды көрмедім.

Генадий Толмачев, жазушы

3-бет Д. Қонаевтің 100 жылдығына - 100 шара.

  • 1994 жылдың 24 ақпанында ҚР президенті Н. Ә Назарбаевтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Алматы қаласында мұражай-үйін құру жөнінде бұйрық шығарады.
  • Мұражайда 3000 жәдігер бар. Д. Қонаев жайында жазылған 66 кітап топтамасы бар. Жалпы кітаптардың саны 3000 асады.
  • Д. Қонаевтің атымен аталатын университеттің ашылғанына биыл 18 жыл. Университетте соңғы 10 жыл ішінде 20-ға жуық заң ғылымдардың диссертациялары, барлығы 200 диссертациялық жұмыс жасалып шықты.
  • Аңыз адам атына көшелер мен мектептер ашылуда.
  • Атамыздың 100 жылдық мерейтойына арнап « Елімнің ағасы» атты ән дүниеге келді. Ән авторлары Ескендір Хасанғалиев пен Қайрат Жұмағалиев. Ән: «Елімнің ағасы»

4-бет Аңыз адамның нақылға айналған сөздері

  • Бүгінгі күн - ертеңгі күн шәкірті.
  • Жалада шындық болмайды.
  • Сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттама.
  • Қанмен сіңгенді қасиеттемесең, қадірің болмайды.
  • Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.
  • Ақиқаттан аттап кету - арға сын.
  • Орынды сын ойлантпай қоймайды.
  • Адамға ең үлкен жаза - жұмыссыз қалдыру қалдыру.
  • Адам айнасы - адам.
  • Тәуелсіздіктің жүгі ауыр.
  • Бітімі қисық ағаштың көлеңкесі де өзіндей болады.

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Тәрбиелік шара Дінмұхаммед атамыздың сөзімен қорытындыланады.

« Адамдық қалыпты биік ұстау - кімге де болса үлкен сын . Адамгершілік деген осы. Асыл қасиетті аласартып алмасақ екен. Өмір өзегі де осы, азаматтылық жолда осы. »

Қаирдолдина Гульназ Нургуметовна

«Чернова орта мектебі»КММ

Аққайнар ауылы

Катонқарағай ауданы

Шығыс Қазақстан облысы


Ұқсас жұмыстар
Тәрбие сағаты: Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірі мен елге сіңірген еңбегі
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев: өмірбаяны, қызметі және қоғамдық мұрасы
Ұлы жеңістің 69 жылдығына арналған патриоттық тәрбие сағаты
Мақтанышым - Тәуелсіз Қазақстан: Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған тәрбие сағаты
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тәрбие сағаты
Ашық тәрбие сағаты: Мен - Қазақстандықпын (тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған)
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған жаңа форматтағы тәрбие сағаты
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған тәрбие сағаты: Жамбыл жырлары - асыл қазынам
Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына арналған Жырлайды жүрек тәрбие сағаты
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты Отан анам - Отаным
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz